461
ШЫҒАРМАЛАРЫ
баруға рұқсат беріл ген ді гін Қ.И. Сәт баевқа ресми хабар лапты.
Демек, М.Р. Оберт арман еткен оқуына түскен...
1946 жылдың 17 қарашасында КСРО Жо ғарғы Кеңесінің де-
путаты Қ.И. Сәтбаевқа Қарағанды облысындағы Жаңаарқа стан-
са сы ның тұрғыны Е.Ф. Ветцельден мынадай арыз жолданған:
«Мен – Украинадан жер аударылған немістердің бірімін. Күйеуім
Харь ков қаласындағы еңбек армиясында, қо лымда 7 балам бар,
ең үлкені 17 жаста, кі ші сі – үште. Пәтер ала алмадым, жал даған
үйім нен шығарғалы жатыр. Бала ларымда киім жоқ – тұттай
жалаңаш, бәрі жалаңаяқ, нан алатын кәртішке де бермеді,
көмір де тимеді. Көмек сұрап бармаған жерім жоқ, ешкімнің
көмек тескісі келмейді. Балала рымның нан сұрап жылағанын,
олардың су ық пен аш тықтан көз алдымда өлуіне мен, туған ана-
сы, қалай шыдаймын?! Әкесінің не міс болғанына балаларымның
кінәсі жоқ қой, айтыңызшы, құдай үшін, барлық ха
лық
тар
теңдігін әлемге жария еткен Кеңес Ода ғын да олар қаңғыбас ит-
тей қалайша тен ті реуге тиіс? Сіз, қымбатты депу тат, менің осы
кіріптар жағдайыма бірдеме жасаңыз, ең құрығанда, балаларым-
ның бірнешеуін же тім дер үйіне қабыл дасын немесе аман сақ та-
у ыма жағдай туғызсын...»
Әлбетте, бұл хат иесіне де жәрдем көрсетілген. Тіпті кө мектің
заңды да тұрақты жөні табылыпты: жеті бала тауып тәрбиелеген
Е.Ф. Ветцельге 3-дәре желі «Ана даңқы» ордені беріліп, соған орай
тиісті жәрдемақы тағайындалыпты; қомақ ты кө мек те жасалған.
Ғалым-геолог Н.А. РОЗЫБАКИЕВАНЫҢ естелігінен:
Достарыңызбен бөлісу: