Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет183/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«...Лысенконың зиянды әрекетіне даңғыл жол ашқан жылдың 
аяғында Мәскеуге іссапармен келгемін. Қаныш Имантайұлын 
«Москва» мейманханасындағы оңаша бөлмесіне іздеп бар-
дым. Президент маған биологиялық зерттеулерді мичуриндік 
жаңа арнаға шұғыл бұрудың қиындығын, ал партия органда-
ры осы жағдаймен санаспай, өзінен нақтылы өзгеріс 
тер та-
лап ететіндігін қынжыла әңгімеледі... «Мысалы, сіз, Игорь 
Константинович, мичуриндік жолды бұлталақсыз жақтаймын 
деп жұрт алдында уәде бер 
діңіз, күнделікті ісіңізде бірақ 
Тимирязевтің сара ілімінен ауытқыған жоқсыз. Мен сізді тап 
бүгін жүз сексен градусқа қолма-қол өзгеріңіз деп зорламай-
мын. Сөйт 
се де, жаңа бағытты қолдайтыныңызға жұртты 
сендіретін бірдеме жасауыңыз керек...»  деп, бетіме ұмсына 
қарады. Мені түлен түртіп, Қазақстанның жеміс-жидек 
өсімдіктерін И.В. Мичурин әді сімен жедел жақсарту жөнінде 
ғылыми еңбек бастағанымды айтып едім. Қаныш Имантайұлы 
бірден құптап, 30 желтоқсанға дейін соны тездетіп аяқтап, осы 
бөлмеге әкеп беруімді тиянақтады. Шегінерге жол қалмаған соң 
өзге жұмыстарды қоя тұрып, қолжазбаны тәмамдауға мәж бүр 
болдым...
«И.В. Мичурин  табиғатты жаңғыртушы» деген айдармен 
сол кітапша келесі жылдың басында орыс және қазақ тілдерін де 
жарық көрді». 
И.К. Фортунатов бүкпесіз шерткен оқиға – Қазақстан ғылымы 
жетекшісінің шынайы жағдайды біле тұрып, «Қасқырларға жем-
тік тастап, қойларды аман сақтау» амалымен ғылыми тартыста 
жер ортада болғанына ай қын айғақ. Нәтижесінде ол биология 
ілі мін Қазақстанда біржола күйреу ден құтқарған. Алайда, ту-
расын айтсақ, нақ осы ғылыми қауымнан, зиялылар ортасынан 
жат пиғыл іздеп, әр жыл сайын қайыра со ғып, «сыпыра таза-
лау» науқаны Қаныш Иман тайұлын да қажы тып, ерекше шар-
шатқан. Әбден діңкелеп, үнемі шала ұйқы жүр гендіктен, көз алды 
бұлдырап сыр бере баста ған. Қан қысымы көтерілетін гипер то ния 
дерті президентті жиі-жиі мазалайтын болды...
* * *
Көңілі көксеген тыныштықтың ауылы бірақ қашық болды, қол 
жетпес арман қалпында қала берді. Ал «Жат элементтерден таза-
ру» кезегі бұған дейін тыныш жатқан геологтарға ойысты. 


480
Медеу СӘРСЕКЕ
1949 жылдың 31 мамырында Қауіпсіздік комитетінің қыз-
меткерлері 1936 жылдан ғылым докторы һәм профессор, Еңбек 
Қы зыл Ту және Отан соғысының бірінші дәрежелі ордендерінің 
иегері, Сарыарқада Семіз бұғы, Қарағайлы, Кентөбе, Тоғай кен 
орындарын, дүниежүзілік деңгейдегі Қоңы рат пен Алмалықты 
тұңғыш ашушы һәм кәнігі зерт 
теу 
ші Михаил Петрович Ру-
саковты Ленинградқа барған күні тұтқынға алған. Әл 
бет 
те, 
жазалаушы жүйе ешқашанда жалғыз-жарым жат элементті 
іздемейді. Қармақты олар тереңге салып, әрдайым қомақты топты 
қамтиды. Бұл жолы да сөйтті. Одақ бо й ын ша көптеген белгілі кен 
іздеушілерге «шет мемлекет пайдасына қызмет көрсетіп, ондаған 
кен орындарын қасақана көрмей кеткен...» деген айып таңып, 
қылмыс ізде ген. Қ.И. Сәтбаевтың таныстарынан сол дүрмекке 
про фессор В.М. Крей тер, біраз жыл КазФАН-ның төрағасы болған 
академик И.Ф. Григорьев іліккен.
Байырғы әріптесі Михаил Петровичтің қамауға алынғандығы 
туралы хабарды ол ғалымның тоқсан жастағы анасының өзіне 
сонау Балтық теңізінің жағасынан жолдаған хатынан білген. 
Әрине «нақақ жаладан перзентімді құтқаруға бірдеме жа-
сай көріңіз, бірден-бір сенерім – сіз ғана...» деген шерлі ананың 
аһ ұрған өксігі Қаныш Имантайұлын үнсіз қалдыра алма-
ды. Академия президентінің мін 
дет-парызы да қарауындағы 
ғалымдардың мүддесін жоқтап, азаматтық құқын қорғауды 
жүктегені тү сі нікті. Оған қоса Қазақстан атырабында ширек 
ғасырдан астам мерзім сәтті ізденіс жүр гізген, республикадағы 
геологиялық ілі мнің негізін бірге қалаған ғұ лама ғалымның,
әрі өзіне ұстаз болған, сыйлы да қадірменді адамның тағдыры 
қатерлі шекке жетіп тұрғанда, қалайша бейтарап қаласың? 
Қала алмады, әлдебір шаруаны сылтау етіп Мәскеуге барып, 
бірталай есікті ашты. Алайда әділ дік сұраушыларға дес бермеу-
ге дағдыланған, кімге болсын жауап бермей діңкесін құр туды 
машық еткен жазалау жүйесі бәз-баяғы мығым қалпында екен: 
белгілі мемлекет қайраткеріне, КСРО Жоғары Кеңесінің де-
путатына қайда, кімге барса да (қайсысы болсын академик 
Сәтбаевты бөгеусіз қабылдаған), бір сарынды жауап беріп: 
«Бекерге мазаланбаңыз, тергеу енді ғана басталды. Сол себептен 
біздің араласуымыз жөнсіз болмақ, тергеушілер істің ақ-қарасын 
әділ айыруға тиіс...» – деген уәж айтқан. Ал жазалаушы орган 
18 ай шұғылданып, өз қолдарына түскен ірі ғалымды «Отан 


481
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мүддесін сатқан» бабына келтіретін айғақ тапқанша қинап, 
тергеуде ұстаған. Ақыры, М.П. Русаков та, жоғарыда аталған 
әріптестерімен бірге 25 жылға сотталып, «Итжеккенге» айдалып 
кете барған. 
Ауыр жазаның төрт жылын өткерген соң, яки ел билігінде өзгеріс 
туған қарсаңда КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Г.М. Ма ленковқа 
1953 жылдың 14 мамыры күні Сібір түкпірінен жолдаған арызын да ға-
лым: «...Социалистік Отаныма мен 30 жыл бойы аянбай қызмет етіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет