Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет221/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

оны сол үшін сынадық. Аса дарынды, қа дірменді Ю.А. Билибин 
тірі болса, тап бү гін де өзінің кейбір шәкірт тері құсап, даусыз 
айғақтарды көрмегенсіп, жаңсақ идеяны соншама жыл өзеуреп 
жақтамаған болар еді. Біздіңше, дарынды ғалымның қа 
дір 
лі 
есімін онда-мұнда қыстырып, барлық айтысқа тықпалай берудің 
қажеті қанша, мұны да өрескел әрекет деп білеміз...»
Бұдан әрі қазақстандық авторлар ғылыми айғақ, кеңес және 
шетел зерттеушілерінің еңбектерінен дәлелдер келтіре оты-


577
ШЫҒАРМАЛАРЫ
рып, қайсыбір ғалымдардың талғамсыз көз 
қарасымен «Ме-
таллогенияның кіндік әкесі» деп жария ланған неміс білімпазы-
ның бір жақты ілімі нің қолдауға келмейтін жаңсақ тұжырымда-
рын жан-жақты талдапты...
«Г. Шнейдерхен және оның ниеттесте рінің қыңырая жақ-
тап, геологиялық практика мен теорияға енгізуді тілеп 
отырған идеясының тоқетері мынадай: әрбір ірі кен аймағы тек 
бір ғана кен түзу кезеңінен тұ рады; бұл аймақтың одан өзге 
геологиялық дамуы алғашқы кезеңмен салыстырғанда мәнді емес. 
Шнейдерхеннің түйсі гін ше, келесі кезеңдерде тек қана екінші 
эндогендік кен түзу процестері жүрген...
КСРО кенді аймақтарын металлогениялық зерттеу бұл 
процестің бір емес, көп кезеңді дамудан өткенін дәлелдеді. Олай 
болса, Г. Шнейдерхеннің «металлоге ниялық кезең жалғыз» деген 
схемасы өмір ден емес, ойдан шығарылған. Ал екінші эндогендік кен 
түзу процестері туралы тұжырымы  жаралу уақыты жөнінен 
дәлелденбей 
тін жаңсақ пікір. Сөйтіп, із 
деу, болжамдау иә 
бағалау жөнімен қарастырғанда, бұл теорияның бізге ешқандай 
пайдасы жоқ. Шынында да геологиялық практика үшін осындай 
жалаң схемалардың бі тіспес дау туғызып, мамандарды сырдаң 
теориялардың жыңғылына қамап, бас қа 
тырғаннан басқа 
қандай кө мегі болмақ? Бұл теориялардың ғылымнан тысқары 
жатқаны сонша, кейде солардың қайсысына сенеріңді білмей есің 
шығады... Демек, осы сияқты шым-шытырық «те о рия лардың» 
біздің елде кең тарап, жол ды болуын ақтау тіпті дұрыс емес. 
Шнейдерхеннің ойдан шығарған, дәлелсіз тұжырымдарын акаде-
мик В.И. Смирновтың жақтауы бізді ерекше таңғалдырады. Ал 
ол соңғы жыл дарға дейін Шнейдерхенге қарсы бағытта болған еді, 
бұған қадірменді әріптесіміздің ертеректе жариялаған моногра-
фиялары айғақ. Біздіңше, Владимир Иванович неміс ғалымының 
көптеген еңбектерін Кеңес баспасөзінде талғаусыз аудартып,
кешірілмес қателік жасап отыр».
Таңданарлық гәп: осы айтыста Қазақстан ме 
таллогенистері 
бәсекелестерін бірден жығатын басты айғақты әжетіне жарат-
паған. Қажет деп білсе, олар Шнейдерхеннің қатардағы неміс 
ғалымы емес, метафизикалық көз қарас ұстанған жай ғана шетел 
білгірі болмай, адамзаттың қас жауы Адольф Гитлердің ғылыми 
37-0196


578
Медеу СӘРСЕКЕ
кеңесшілерінің бірі екен ді гін баса айтар еді. Сірә, ғылыми айтыс-
та басты төреші ақиқат пен шыншыл идея деп біл ген зиялылар 
әріптестерін тұқырта жеңуге со лақай желеуді көзір етуді лайық 
көрмеген. 
Бұл айтыстың қорытындысын 1960 жы лы Киевте өткен Екінші 
металлогениялық кеңес шығарған.
Киевтегі жиынға ВСЕГЕИ ұжымы КСРО аймағының ме-
таллогениялық болжам картасын әкелген. Алғашқы танысу 
үстінде-ақ Қазақстан металлогенистері әріптестерінің бұрынғы 
қағидаларынан бас тартпағанын, бұл жолы да өз ойларының 
дұрыстығын дә лелдеуге тырысатынын аңғарады. Картаны тал-
қылау Билибин шәкірттерінің «геоло 
гия 
лық ғылыми ойға 
Сәтбаевты жақтаушылардың үстемдік жасап», өздеріне тілектес 
ге ологтардың «практикалық ізденістегі табыстарын теория жеңісі 
деп жариялап жүр гендігін» мәлімдеуімен басталады. Амал қанша, 
тағы да мәнсіз айтысқа түсіп, тойтарыс беруге тура келді. Бірақ 
бұл жолы Украина ғалымы, академик Н. П. Семененко, мәскеу-
ліктер Е. А. Радкевич, Н. А. Фогельман, өзбек металлогенисі 
Х. М. Абдуллаев, Қиыр Шығыс (И. Н. Томсон) пен Сібір өлкесінен 
келген бірталай ірі геолог-ғалымдар, әсіресе КСРО-ның геоло-
гия және жер қыртысын қорғау министрі П. Я. Антропов, тағы 
бас 
қалар өктемірек сөйлеп, талқылауға ұсы 
ныл 
ған картаның 
нақтылы барлауға мүлдем жарамсыз екенін жариялайды. Сөйтіп, 
Киев кеңесі де академик Сәтбаев мектебі ұсынған теориялық 
қағидаларды болжамдауға батыл қолдануды ұсынған қаулы 
қабылдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет