Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет220/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   244
«Линдгрен-Эммонс жариялаған... жік 
теу 
дің орнына 1933-
1935 жылдарда М.А. Усов... кен орындары үшін мүлдем жаңа топ-
тау ұсынды... Сол тұжырым оның «Кен орындары» оқулығында 
жарияланған. Осы топтауды геология ілімі бүгінде бірауыздан 
қабылдап отыр. Нақ осы тұжырымды көп жылдан соң еш қандай 
өзгертусіз неміс ғалымы Г. Шнейдерхен де ұсынды. Бірақ ол 
оқулығында Усов тың есімін атаған жоқ, қасақана «ұмытып» 
кетті. Сонымен, қа зір де жолды болып жүрген көптеген шетел дік 
оқулықтар мен ғылыми еңбектерде бұл топтау Шнейдерхеннің 
есімімен аталады. Бір ғажабы, осынау әділетсіздік біздің елде де 
өзгеріссіз қайталанып жүр. Кеңестік «Кен орындары курсының» 
авторлары және неміс ғалымының еңбектерін орыс тіліне 
аударған (редакциясын академик В.И. Смирнов басқар 
ған) 
геологтардың талғамсыздығына, шетелдік ғалымның мұрасына 
ерекше ық тия т тылығына таңданбасқа шарамыз жоқ...»
Шамалауымызша, бұл айтыстың қайыра өрбуіне біз осы 
ғұмырнаманың екінші бөлімінде сөз еткен, Санкт-Петербург 
пен Сібір геология мектебі түлектерінің өзара ғылыми бәсекесі 
түрткі бол ған. Заман өзгерді. 1930 жылдарда-ақ сәтті барлауы-
мен бел ала бастаған Сібір геологтары қатарына өрелі табысымен 
Қазақстан және Орта Азия кен іздеушілерінің қарамды да да-
рынды тобы қосылды. Осы ортадан жарқырап дара шыққан әріде 
В.А. Обручев пен М.А. Усов, беріде Қ.И. Сәтбаев, Х.М. Абдуллаев 
және басқалары бұған дейін жолды болып келген теорияларды 
(шындығында ескілі-жаңалы кен көмбелерін ашуға бөгет болған) 
тәрк етіп, солардың орнына мүл дем жаңа ғылыми концепциялар 
ұсынды. Әрі соны нақты барлаумен айғақтады. Олай болса, шы-
найы ғылым иесі ақиқатқа ден қо й ып, өздері қолдап та, мансұқтап 


576
Медеу СӘРСЕКЕ
та жүрген негіздерден бас тартуға тиіс еді. Алайда олай болмады. 
1960 жылдардың бас шенінде Ленинград ғалымдары мен оларды 
қостаушы бір топ Мәскеу металлогенисі академик Сәтбаевтың 
бұл саладағы көшбасшылық рөліне төз гісі келмей, ұйымдасқан 
түрде шабуыл бастаған. Сол күресте олар қазақ ғалымы ғылыми 
айналымға енгізген металлогениялық ұстанымға ашық тиіспей, 
жөткірліктің ежелгі әді сін қолданып, Сәтбаев ұсынған идеяның 
аспаннан түспей, шетелдіктер баяғыда ойлап тапқан жаңалық 
екенін мәлімдеген. Сол жолда бетке ұстаған басты «көсемі» – «еу-
ропа металлогенистерінің атасы» атанған әйгілі неміс ғалымы 
Г. Шней дерхен.
Қысқасы, бұл дау әр түрлі деңгейде өрбіп, ақыры «Кеңестік 
геология» журналының бетінде бірнеше жылға созылған ғылыми 
ай тыс қа ұласады. Талай білімпаздар бұл жайында өз топшылаула-
рын жария етті. Жұрт күткендей, негізгі тәжіке тағы да ВСЕГЕИ 
мен ҚазГҒИ металлогенистері арасында жүреді.
Қ.СӘТБАЕВ, И.Бок, Г.Б. Жилинский («Кеңестік геология» 
журналы, 1960 жыл, № 9):
«Әрқилы кезеңдерде түрліше ағымдардың жолды болғаны 
мәлім. Солардың бәрі де артында белгі қалдырмай жоқ болды, 
анығында оларды өмірдің өзі ұмыттырды. Кен орындарының 
тұнба тегі туралы соңғы жылдары жолды болған жаңсақ 
теориялардың баянсыз тағдырын еске алай ық. Бұл да метал-
логениялық зерттеулер деректерін ескермей, өмірден алшақ, ой-
дан шығарыл ған болжамдауға жалаң елік теудің салдары...
Ю.А. Билибин – еліміздің геология ғылымының жедел өріс-
теп, шикізат қорының еселеп өсуіне елеулі еңбек сіңірген та-
маша маман. Алайда оның геосинклинальды жүйелердің ме-
таллогениялық дамуы жө нін дегі қағидаларын барлық аймаққа 
бір дей қолдануға болмайтындығы бүгінде даусыз ақиқат. Біз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет