Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет33/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

нің ас таң-кестеңі шыққан қиын уақыт. Дәрі-дәр мек таусылуға 
айналды, оны енді қайдан және қалай табуды білмей дал болдық. 
Ауру хананың жабдықтары ескірген, тамақ жоқ, еңбекақы ал-
маймыз. Сөйтсе де қолда барды әжетке жараттық... Ақыр ая-
ғында ауруханада Асылбек, мен, әскери фельдшер атағы бар 
Белденинов үшеуіміз қалдық. Азық-тү лік алуға қаражат жоқ
сырқат тан ған дар тамақты өздері әкелетін болды... 18-жыл- 
дың аяғы мен 19-жылдың басында жолында кезіккен нің бәрін сы-
пыра тонап, Баянаула арқылы Дутов әскерінің қалдығы өте бас-
тады. Қал ған-құтқан дәрі-дәрмекті тауға тығып қойғанбыз, ақ 
әскері бізден спирт, дәке, түрлі дәрілер талап етті, бірақ дәнеме 
ала алмады. Дутовтарды өкшелей қуып қызылдар жет ті, елде 
сүзек ауруы басталды...»
Ғалымтай Ғазизұлы сол кезең туралы: «Інілі болдым, Би 
атам ісіміз оң ғарыл сын деп атын Аманжол атады. Қыс әлей 
қатты болып, бірқанша малымызды науат қылды. Жазға са-
лым астығымыз таусылып қа лып, ылғи дәм сіз қуырдақ жейтін 
болдық. Қала жақтан жүрек жалғарлық ас іздеген хохолдар, 
баш 
құрт пен татарлар жаяу шұбырып келе бастады. Қыр 
елінде бұрын-соңды болмаған кісі тонаушылық кө 
бейді...» де-
ген тұжырымды баяндаумен алыс күндердің сындарлы сипатын 
бүкпесіз әңгімелепті.
* * *
Кеңес өкіметі ә дегеннен-ақ Алаш қозғалысына белсене қа-
тысқан зиялы қауымға жылы шырай көрсетпеген. Ал Колчак 
үкіметі ту баста Алашорда кеңесін қолтығына тартып жолбике-


83
ШЫҒАРМАЛАРЫ
лік жасағанымен, бірер ұрыстарда жеңіске ие болып, бәлшебектер 
үстемді гін Сібір атырабынан тықсырған кезде түп ойын бүкпе-
ген билеуші директория 1918 жылғы 4 қа рашада «Алаш автоно-
миясына біржола тыйым салу туралы» жарлық жариялап, «бо -
дан халықтардың төбемізге секіруін тежеп, әсіресе ерекше мар-
дымсыған киргиз оқыған да рын тәубеге келтірудің уақыты жет-
ті» де ген уәжге ден қойған. Соған орай кей жерде ұлт зия лы лары-
ның басына қамшы үйіріп, түр меге қамап, енді бірін сот үкімін-
сіз атудан да жасқанбаған. Мысалы, олардың құ ры ғы Семейде ең 
алдымен жоғары білімді заңгер, ұлт қозғалысын сонау 1905 жыл-
дан дай ындаушы болған Жақып Ақбаевқа, «Сарыарқа» газетінің 
редакторы Имам Әлімбековке түс кен. Екеуі де біраз уақыт түрме 
дәмін татып, Жақыпқа тіпті ату жазасын кесуге әзірлік жасал-
ған. Сөйтсе де Сібір директориясының құзыры Ертіс өңірінде аса 
пәрменді болмаған. Сірә, Алашорда кеңесі Семейде ұстаған екі 
полк атты әскері, қырдағы қалың елдің де мінерге ат, ішерге ас 
беріп қызу қолдауы айтарлықтай күшті болған. Қысқасы, олар 
Ертістің сол жағалауында, өздері Алаш атандырған қалада өз 
бетінше билік жүргізген. Ал оң жағалаудағы ескі қалада атаман 
Борис Анненков бір жыл бойы әскери штабын және комендатура 
ұстаған. Сөйте тұра Алаш өкі метіне ештеңе істей алмаған. Қоқан-
лоқы жасағанымен жоғарыдағы екі азаматты да жазасыз босатуға 
мәжбүр болған.
Сол текетірестің соңында, майдандағы ахуал күрт өз 
герген 
қарсаңда Алаш басшылары ақ әскеріне қолғабыс етуден айнып, 
қызыл әскер бөлімдеріне жең ұшынан жалғасуға ойыс қан. Әккі сая-
саткер В.И. Ленин де ұлт басшыларының көмегінен бас тартпауды 
жөн көрген. Сірә, қазақтың шексіз иен даласында соң ғы солдаты 
қалғанша шайқасуды жобалаған Колчак пен казак-орыс атаман-
да ры ның қаскөй ниетіне тосқауыл қою үшін де өздеріне жер гі-
лікті халықтың қолдауы һәм шексіз сенімі керектігін көрегендік-
пен аңдаған... Сол себептен де Ре сей Федерациясының ВЦИК-і 
1919 жыл дың 4 сәуірі күні Қырғыз өлкесі кеңесінің құрылтайын 
таяу арада шақыру жө нінде қаулы қабылдайды. Алаш кө сем де-
р ін таңғалдырған, бәлкім, күдікті кө ңіл деріне үміт сәулесін тұтат-
қан игі лебіз со ның екінші тармағында: «Құрылтайға қа тысу-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет