Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет88/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

сын ұшыратқан! Бұл болса осы участоктарда кен шоғырлануына 
сенімсіздік біл діріп жүр ген мамандарды иландыру үшін өте-мө-
те мәнді жаңалық. Электрмен барлау тобы қазірде Өспен ау-
данына аттаныпты. Яговкин қазір Малтақта болу керек. 
М.И. Ваганов (Өс 
пен 
дегі бұрғылау партиясының бас 
тығы) 
пен Тұрлан да ғы барлау тобынан ешқандай хабар жоқ... Біз 
үшін әзірше қолайсыз жағдаят – пирит іздеудегі сәт сіздік тер. 
Болаттам пиритінің бір пар тиясын Механобор (Механикалық 


207
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жабдықтар – М. С.) институтына сынауға жібер дік. Жайбара-
қат дегенімізбен, негізгі ісіміз алға басып, Қарсақбай алыбының 
іргесі қаланып жатыр, ол болса, өзің білесің, Қазақстанды ин-
дустрия ландырудың алғашқы қарлығашы».
Сәтсіздіктің де шегі бар. Кейде ол жылдарға созылады, кейде 
бірер айға. Сәтбай әулеті тап болған кесепат бұл жолы да, тәубе 
делік, ұзаққа созылмай, сол жылы-ақ саябыр тапты. Үкімет 
маңындағы игі жақсылардың бірі, Қаныш Имантайұлының үсті-
үстіне жолдаған арызы мен жеделхаттарына ақырында көңіл 
бөліп, жазықсыз қуғындауды тоқтатуды талап еткен тәрізді. 
Алғашқы хабар Омбыдан келді: қала іргесіндегі «Қаржас 
ауылында» бой тасалап жүрген Әбікей Зейінұлы ел жаққа 
қайтпауға бекініпті; осы жердегі орыс мектебіне мұғалім болып 
орналасқан... Павлодардан да қуанышты лебіз жетті: Кә рім де, 
Бөкеш те қамаудан босап, ауылға аман-есен қайтыпты, отбасының 
тірлігіне кіріскен, қуынып жүріп, сот шешімімен тәркіге түскен 
малдың үштен бірін біржола қайтарыпты (Ғалымның дербес мұ-
рағатында сақталған рес ми анықтамада Имантай би мен оның 
үлкен баласы Ғазиз Сәтбаевтан 1928 жылдың жазында 150 бас 
ұсақ мал, 50 жылқы жә не 12 ірі қара тәркіленгендігі жазылған). 
Қу жанын қоярға жер таппай, Атбасар тресінің кеңсесінде қағаз 
қотарып отырған геологқа да Қазақстанға баруға рұқсат кешік-
кен жоқ, тіпті жеделхатпен хабарланған. 28 шілдеде Қызылор-
даға қайтып оралған Таисияға жолдаған хатында ол: «...Келесі 
аптада барлаудың жай-күйін тексеру үшін Тұрланға жүремін, 
одан әрі – Қарсақбайға... Жүрерімде жеделхат саламын, күт, 
JANIM» – депті.
Қ.И. Сәтбаев – Т.А. Кошкинаға, Мәскеу, 4 тамыз, 1928 ж.
«...Күпті көңіл соңғы аптада біржола тү зелді деуге болады. 
Жұмыста да олжа көп: Жезқазғандағы барлау мен нұсқаған 
қолаттан қуаты үш жарым метр, мыстың орташа құ н ары 6,5 
пайыз кен қабатына жолығыпты; пештің монтажы біт кен, 
15-20 қыркүйек аралығында зауытты жүргізуге мүмкіндік ту-
ған; менің өнді ріс терге сапарым шешілген мәселе!.. Тұрландағы 
партия биылғы барлауды жобаланған мерзімнен бір жарым ай 
кеші гіп бастады. Демек, қалған уақытты пайдаланып, бүкіл 
жұмысты қысқа мерзімде орындау қажет. Әлгінде ғана комби-
нат басшыларынан Тұр ландағы партияның Түркістанға қарай 


208
Медеу СӘРСЕКЕ
шығатын бағыттан... небәрі төрт жарым шақырым жерден 
жаңа кен жүлгесін тапқанын естідім. Не қылған кен? Бара 
көреміз. Өспен пар тиясы әзірше үнсіз жатыр... Білмеймін, өзің 
өтінгендей, Қызылордада бірер күн аялдауға мүмкіндік бола 
ма, болмай ма, белгісіз. Турасын айтқанда, ешқандай жұ мыс 
болмаса, Қызылордада тоқтағым келмейді. Шығарымда теле-
графпен хабар беремін. Қалай бол ғанда да мені қарсы аласың... 
Денсаулығым қазір жақсы, «сіріңкедей» ілмиіп жү 
дегеннен 
әзірше аманмын...»
IV
Перзенттік парызын өтеуді ойласа, ең алдымен туған ауылына 
барғаны абзал-ды. Өзіне де, ағайын-туғанға да асқар таудай сүй е-
ніш болған, күні кеше бүкіл Ақкелін болысының қадірменді биі 
атанған әкесінің орнына барып мінәжат етуге тиіс еді. Сағынып 
отырған ауыл-аймағында жүзін көрсетіп, қара жамылып қайғы-
рып отырған туыстарының мауқын басу – мұсылманшылық боры-
шы емес пе?.. Бірақ адуын мына заман шалғайдағы Баянауылға 
бұрылып, жеке басының парыз-міндетін өтеуін көтере ме, әсіресе 
жаздың санаулы күні қалғанда? Жоқ! Оқыған жігіттен ол басқа 
әрекет тілеген-ді. Сондықтан да жолға шыққаннан бергі екінші 
аптада біз оны түс тіктегі барлау алаңынан көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет