Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет85/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

ешқайда жі бер мес едім, ешқайда!.. Бұдан былайғы жалғыздыққа 
төзе қоймаспын. «Адам бәрі не кө неді» деген қасаң теорияның 
керегі не, құрып қалсын! Қысқасы, сенің әрқашан қасымда 
болуыңды тілеймін, бұдан басқа рақаттың маған қажеті жоқ! 
Көрдің бе, жол сайын леп бел гісін қойып отырғанымды, ен ді не 


202
Медеу СӘРСЕКЕ
істейін, дәп қазіргі хал-күйім нақ осындай ерекше әсерлі сөздер-
ді тілеп отырса...»
Жалғыз ғана алданыш – қиырдағы барлау жұмыста 
ры 
ойдағыдай жүріп жатыр. Іздеуші топтар екі-үш жерде жұмысқа 
кіріс 
кен. Тұрланға баратын геолог қана Ленинградтан келмей 
зарықтырып отыр. «Ал анау... бұл жақта ме 
ні еркімнен тыс 
ұстап отыр ған келеңсіз іс... бәз-баяғы мәлімсіз қалпында. Трестің 
бастығын күтіп жүрмін, сол кісі келген соң сөй ле сіп, бір жағына 
шығармай, сірә, болмайды...» – депті Қаныш Имантайұлы 12 мау-
сым күнгі хатында.
III
Атбасар мыс тресінің бас геологын кен орындарына жібермей,
«үй тұтқыны» етіп Мәскеуде жіпсіз байлап отырған жайттың 
себебі, сол бөгетті ұйымдастырушылар да – бүгінде құпия емес. 
Алай да соның нақты себебін Қаныш Имантайұлының өзі де біл-
меген. Мәскеуден жолдаған мұң мен шерге толы хаттарында 
ол өз басы мен күллі әулетін жүдеткен тежеуді жер гі лікті бел-
сенділердің қастандығына саяды, қыспаққа түскен ахуалын да 
тұспалдап қана жазады. Бәлкім, ашық баяндауға әлдекімдерден 
сақтанған... 
1927 жылдың қараша айында шақырылған Өл келік партия комитеті-
нің 6-конференциясы Ф.И. Голощекиннің ұсынысымен «ірі бай 
лар 
дың 
малы мен құрал-сайманын тәркілеу жайында...» қарар қабылдаған. Өл-
келік комитеттің бюросы оны дереу мақұлдап, БКП(б) Орталық комитеті 
мен Орталық Атқару комитетінің келісімін ал ған соң-ақ бұл мәселемен 
шұғылданатын арнаулы топ құрып, әзірлік шараларына кіріскен: соның 
бірі, жаз шы 
ға басталмақ саяси науқанның алдында жер-жердегі бас 
көтерер ел азаматтарын бас шы жұмыстан аластап, кейбірін Қазақстаннан 
тысқары аймақтарға сырғытып, ен ді бірін әр түрлі қаралаумен еркінен айы-
рып, түрмеге алу шараларын қауырт жүргізген. Әбі кей Сәтбаевтың былтыр 
күзде, ойда жоқта ағартушылық қызметтен босатылып түрмеге жабылуы; 
келер көктемде Баянауылдағы етжақын туыстарын тұтқындау; ақыр аяғында 
жазықсыз қудаланған ағаларын нақақ жаладан құтқармақ болған, «құрығы 
ұзын» Мәскеуде отыр ған инженер Сәтбаевты Қазақстанға кіргізбеу, тәркілеу 
науқаны аяқталғанша сол жақ та ұстай тұру – ОГПУ-дың зымиян тергеушілері 
ғана емес, жергілікті өкімет басындағы ойыншық «көсемдердің» алдын ала 
жөт кірлікпен ойластырған қарекетінен өрбіген сақтық шарасы...
Айтып-айтпай не керек, шалағай білімді (тіс салатын дантист-техник), 
соған қарамас тан өзін кең-байтақ Қазақстанның «құ дайы» санаған, Бас хат-
шы И. Сталиннің се нім ді із ба сары атанып, шалғайдағы республикада ойына 


203
ШЫҒАРМАЛАРЫ
келгенін тежеусіз жүзеге асырған «Қужақ» (көзі қарақты қазақ әріптестері 
қойған мазақ атау, иегіне түк шықпаған көселігін нұсқаумен бірге, сая-
си мәнінде «тыр жалаңаш патша» деген мағынамен лақап фамилиясын 
қазақшалаудан туған сөз) Фи липп Исаевич Голощекиннің (төл есімі – Шая 
Ицком) дегені болып, күллі Қа зақстан атырабында «Кіші Қазан» төң ке-
рісі жүзеге асты. Исі қазақтың ғасырлар бойы көшіп-қонып жүріп мың-
мыңдап өсірген төрт түлік малы, шынтуайтын айтқанда, бірден-бір тірші-
лік корегі – мал шаруашылығы төңкерістік белсенділікпен жүргізілген сы-
пыра тәркілеудің салдарынан жойқын жұтауға ұшырап, оның зардабы таяу 
жылдарда-ақ қыр елі үшін жан түршігерлік зор апатқа әкелмек... 
Қыр соңына шам алып түскен дұшпандары қайыра көтеріліп, 
Жоғарғы сот үкімімен кешірім алған ісі қайта қозғай бастағанда, 
сірә, сақтық ойласа керек, Әбікей Зейінұлы Семейден жылыстап 
кетіп, сол бетінде Мәскеуге жетеді. Әрине, келген күні-ақ оңаша 
пәтерде, ішқұса боп зерігіп отырған інісіне ел хабарын жасыр-
май айтып, көп жайтқа көзін ашқан. Қа ныштың да дәрменсіз 
байланған өксік халін өз аузынан естиді...
Жарым жылдан астам уақыт үкім иә қаралаусыз түрме азабын 
тартып, жаны күйзеліп, денсаулығына ақау түсірсе де тісқақты 
ағасы жасымапты. Қайта мұндай құқайды енді ғана көріп, қатты 
жәбірленіп отырған сүйікті інісіне тол ғана қарап:
– Шіркін, Ахаң біздің дүлдүл ғой нағыз, Байтұрсынов ағаңды 
айтамын, – деді ақы рын ғана. – Мына кіріптар халімізді білгендей-
ақ, «Жауға түскен жанның сөзі» деген өлеңінде: «Тағдыр шір-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет