Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет98/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«...Бурабайға түскен жылым. Кіші жұ мыскер болып сақалды 
бір орыстың қасында жүремін. Бір күні, шығырдың құлағы маған 
тиген сәт еді, жердің оппасына кезік тім-ау деймін, ыштанғаны 
үзіп алдым. Сақалды ұстазым мені де, темірді де мейлінше сы-
бап ойбайға басты да, ГРП-ға кетіп қалды. Қазынаның қат 
темірін құрттым, сотталатын болдым деп, менде зәре жоқ. 
Қой, түрмеде шірігенше қырда жүре тұрайын деп, миғұла кезіміз 
ғой, ауылға жөнеп берейін. Сорыма қарай бел асқаным сол еді, 
қарсы алдымнан бастықтың желқұйын машинасы шыға келді... 
Айдалада қайда жасырынасың, құдайға жазып, ұс талдым да 
қалдым. Қанекең, жарықтық, кең кісі еді ғой! Жайымды ежіктеп 
білген соң ішек-сілесі қатып күлді де, «Бәрекелді, жігітім, қара 
темір үшін қайғырма, сендей азаматтың ол бір тырнағына тұр-
майды!» – деп машинасына мінгізіп, бурабайға алып келді. Содан 
отыз жыл ға табан аудартпай біржола бекітіп кетті».
Жазды орталай барлау қарқыны бұрын 
ғыдан да үдеді. Ле-
нинградқа кеткен жастар қайтып оралып, Мәскеудегі басқарма 


235
ШЫҒАРМАЛАРЫ
қо сым ша бөлген жаңа агрегаттар әкелініп, тағы да бес станок 
жұмысқа қосылды. 
Сөйтіп, алғашқы жылдың сегізінші айында Жезқазған ты-
ңында 15 станок барлау жүргізді.
ІІІ
Барлау тобын тыңнан құрап, еңбекке жұмылдыру – биылғы 
жұмыстың негізгі тармағы еді, бұл шаруаның басы қарайып, сара 
жол ға түскеніне күмән жоқ. Енді бір мезгіл алды-артына қарап, ке-
лешек ізденістің жай-жапсарын қамдауға мүмкіндік туды: ең бас-
тысы, кен шығып жатқан екі-үш төбені шұқылағанға мәз болмай, 
барлау алаңын кеңіту; ағылшын геологтарының, И.С. Яговкиннің 
зерттеулері анықтағандай, Жезқазған кені тек қана 3-5-қабатта 
(горизонт) екендігіне қазірдің өзінде шүбәлі; өйткені сол болжам-
ды теріске шығаратын дәлелдер аз емес; жә, сонда ол неше қабат 
түзейді және қандай тереңде?.. Әсілі, бұл – бүгін ғана емес, алдағы 
ондаған барлаумен анықталар гәп. Қателессең – қыруар жұмысты 
текке атқарып, миллиондаған сом қаржыны желге шашқаның. Ал 
тап бү гінде, кәсіби танымы, «бірдеме біле тін дігі» беделділер алдын-
да сынға түсіп тұрғанда, қателесуге қақысы жоқ. Демек, геология 
білгірлері келіп, Жезқазған тыңын барлауға теориялық сілтеме 
жасап береді деп күтіп отырмай, өз бетінше қарманғаны жөн болар-
ау? Әрине, бұл бірер жылдың жұмысы емес. Адуын өмірдің күнбе-
күн, сағат сайын геологтың араласуын қажет еткен жұмыстары 
қаншама? Комбинат басшылары Қарсақбай төңірегінен тездетіп 
ауыз су іздеуді жүктеді. Өндіріс жүргелі тұрғын хал қының қарамы 
едәуір өскен жұмысшы поселкесіне ішерлік су жетпейтін болған. 
Амал жоқ, Байқоңырдағы бір станокты комбинат қа жеткізіп, су 
іздеуге қойды. Қысқы сапарында Мәскеудің кәсіби институтымен 
Ұлытау төңірегіне топографиялық, геологиялық съемка жасауға 
шартқа отырған. Геолкоммен де бірнеше мың шаршы метр ау-
данды электробарлаумен тексеруге келіскен. Көктем шыға топо-
графтар келді, іле геофизиктер де жетті. Бәрі де машина сұрайды, 
өздерін осы өңірде бастап жүретін жолбасшы талап етеді...
Өткен жылы Болаттам кен орнын біраз шарлап, пиритке бай 
лигниттерін (жыныс аты) көріп қайтқан. Ленинградта тексерілген 
кен үлгілері өте жақсы нәтиже көрсетті. Қарсақбай зауытына 
қажет пирит қиырдағы Оралдан зор бейнетпен жеткізіледі. Ал оны 
жүз сексен шақырым іргеде тұрған Болаттамнан тасу – бірнеше 


236
Медеу СӘРСЕКЕ
есе арзанға түсері сөзсіз. Қоры тек өндіріс аш қандай мол болса?.. 
Демек, оны да жеделдетіп барлау қажет. Жезді мен Найзатастан 
та 
был 
ған флюстік шикізаттың қорын анықтау да – бөлімнің 
міндеті. Железнов деген көпестің ертеде зауыт салғызып, өндіріс 
ашқан Қорғасын кенін (қазіргі Ақтөбе облысына таяу жерде) зерт-
теуге құлшынып-ақ жүр, әттең, қолындағы санаулы техниканы 
қолдануға мүмкіндік тапса?!.
Байқоңыр көмірінің дүдәмал жайы да Қарсақбай геолог-
тарының ойынан бір сәт шыққан емес. Боқаты көп, қызуы төмен 
отын. Оның үстіне өткен жылдардағы барлау нәтижелі болма-
ды, өздері ойлағандай көлемде, қажет тереңдікте жүрген жоқ. 
Кеніштің қоры өспей отыр, тыңнан мардымды жылғалар та-
былмаса – бұл жақтағы күллі өндірістің халі бес-он жылдан соң 
мүшкілге айналады. Көмірді де қияннан тасуға тура келеді, оған 
да қисапсыз көп қаржы керек. Сол себепті былтырдан бері ат 
тұяғы жетер төңіректен Қаныш Имантайұлы қосымша отын көзін 
іздеген. Ақы ры жо лы болып, Қияқты деген жерден жаңа көмір 
жылғасына кезікті. Жобалауынша, ке 
ле 
шек 
те Байқоңырды 
ауыстыруға жарайтын сүбелі кен. Оны да мұқият барлау қа жет. 
Қи 
яқтының қыртысын биыл-ақ айнала қау 
ма 
лап бұрғылатар 
еді, әттең, қолы қыс қа, Жез қазғандағы станоктардың бірде-бірін 
әзірше ауыстыра алмайды. Бұл өл ке нің болашағы – бұрғылау 
мосылары жыпырлаған тарғыл төбелердің астындағы мыс көм-
бесінің көлеміне байланысты екенін барлаушы жақсы білетін. 
Ендеше, бәрін қамтып, бәріне үлгерем деуді қоя тұрып, жұмыс 
көңілдегідей үдеген жылдың нәтижесін күт кені жөн болар... 
Сөйткені жөн болды. Қыраулы қыс түсіп, аяз күшейген 
қарсаңда алыстан келген мамандарды үйлеріне қайтарып, қалған 
жұмыскерді қайыра іріктеп, он станокты қысқы барлауға көшірді 
де, жұмыс қарқынын бүкіл бөлім болып, биылғы ізденістің 
нәтижесін есептеуге отырды: 1930 жылға межелеген жоспар 
артығымен орындалыпты; 126 ұңғыма, бұрғы ұшы жеткен орташа 
тереңдік – 82 метр!.. Геолком мамандарының күшімен жүргізген 
алғашқы үш жылдық бұрғылауда тек қана арман еткен меже! 
Соның әр жылынан биыл екі-үш есе асып түскен! Ал барланған 
жер көлемі, жаңадан табылған кен қарамы ше?!.. Осының қақ 
жартысына кешегі малшы, кірешілердің қай рат-күшімен жетті! 
Биылдың өзінде олар әлденеше станокқа дербес ие болды, келер 
жылдарда алыстан келетін мамандардың қым 
бат қызметінен 
біржола бас тартуға мүм кіндік туды. 


237
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Бөлімнің шаруашылық базасы да ірге көтерді. Камералка 
(барлау материалдары сақталып, зертелетін орын) екі жер-
де – Қарсақбайда да, Жез 
қазғанда да кең жайларға орналас-
қан. Бөлімде ғылыми-зерттеу секторы пайда болды, оның 
негізгі мұрағаттары – әр түрлі минерал үлгілері, керн қима-
лары Тас 
құдықтағы жаңа қалашықта (күн 
дердің күнінде ол 
Орталық Қазақстандағы тұң 
ғыш минералогиялық мұражайға 
айналмақ). Барлаушылардың химия зертханасы да жап-жақсы 
жабдықталған. Оның тұңғыш меңгерушісі Сергей Рожнов ал-
ғашқы топтың қатарында Ленинградқа барып, химиялық анализ 
жасауға үйреніп келген, әрнеге әуесқой жас еді, минералог-пет-
рограф болып істейтін Таисия Алексеевнаның басшылығымен өз 
жұмысын тез-ақ меңгеріп алды. Шлихтер дайындайтын шебер-
хана дүниеге келді. Нәтижесінде жыныс үлгілерін петрография-
лық-минералогиялық зерттеу Қарсақбайдың өзінде жүргізілетін 
болды.
Бір жылдың барлауын қорытындылау Жез қазған барлаушы-
сын күтпеген тұжы рым ға ие етті, бекерге шүбәланбапты, Жез-
қазған кені, бұрынғы зерттеушілер топшылағандай үш иә бес го-
ризонт емес, бақандай тоғыз қа батта екен (мұның екеуін Қ.И. Сәт- 
баев «Подгоризонт» деп кішірейтіп атаған); қу а ты да алғашқы 
зерттеушілер көрсеткен 300-360 метрден екі есе өсіп, 650-700 
метрге тереңдеген-ді... Басты олжа – Жезқазған қорының бір 
жылда жүздеген миллион пұт мыс қа өсуі. Шынтуайтын айтқанда, 
Ұлытау қойнында ғы асыл қазына бұдан былай қазақтың пұт, 
қадағына көнбейді, бұл кен қорын көпе-кө рінеу кемсіту болады. 
Оған енді миллиондаған тонна дерлік зор өлшем, алып қуатына 
лайық үстеме теңеу қажет! Қазірдің өзін де ол Кеңес Одағындағы 
ең ірі мыс кенде рі нің алдына шығып отыр. Ал келешекте?..
Қарсақбай комбинатының геологиялық барлау бөлімі 1931 
жылғы бұрғылау жоспарын былтырғыдан екі есе өсіріп, кең 
көлемге жасады. Әрине, барлау шығыны да сонша есе өспек. 
Соған орай жазғы барлауға 27 станок қойылды. Оның жетеуі 
Байқоңыр мен Қияқтыда істейді. Главметалл қосымша сұралған 
станоктардың бәрін де дер кезін де тауып берді, тескіш бытыра 
мен шетелден алынатын алмаз тескіштерден де тарықтыр ған жоқ. 
Басқарманың биылғы мырзалығы бір жосын болып, отандық ав-
томобиль өндірі сінің тұңғышы екі АМО машинасын да сый етті. 
Соның бірі барлаушылар кеңсесінің алдына күн шыға келіп, 
бөлімнен аттанатын геологті күтіп тұрады...


238
Медеу СӘРСЕКЕ
Т.А. СӘТБАЕВАНЫҢ естелігінен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет