233
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Иван Григорьевич қызараңдап:
– Жо-жоқ, о не дегеніңіз, сіздің қолыңыз тең. Айтпақшы, сіздің
ұлтыңыз?.. Кешірі ңіз, менің түйсігім мүлдем қате екен, аңда-
май сөйлеппін, – деп қатты састы.
– Олай болса, кешіруді де, Иван Григорьевич, өзіңіз күпір ой-
мен жасаған саяси қателікті түзеткен кезге дейін қалдыра
тұралық. Есіңізде болсын, қазақ шоферлары бізге өте-мөте ке-
рек, өйткені әрбір шоферге өзіңіз ге қосқандай, бір-бір тілмәш ер-
туге мүм кіндігіміз жоқ. Күні ертең олар айдала ны кезіп жұмыс
істемек... Қа лай, келіс тік пе? – деп Қаныш Имантайұлы басын
шайқап, абыржыған қонаққа қолын ұсынды».
Қарсақбай мен Жезқазғанда дайындық курстары ашылған. Ең
алдымен «Саужой» сабағы жүреді, соңынан тыңдаушылардың
қалауы бойынша, барлау мамандықтарына үйрету басталады.
Солардың бә ріне де Қаныш Имантайұлы бастаған инженер-тех-
никтер сабақ береді.
Сол қарсаңда екі тілде шыға бастаған Қарсақбай аудандық
шағын газеттер «За медь» пен «Қызыл кеншінің» беттерінде
жиі жарияланған ұрандар мен шақырулар, насихат пен үгіт
мақалаларының айтары да осы, барлау алаңында жүріп жатқан
қарбалас әрекеттің тынысы мен көлемін көпке мансұқ ету:
«Сауатсыз жұмыскер бурабайда жұмыс істей алмайды.
Бурабай – құрықпен қайыратын өрістегі жылқы емес, қазақ
жұмыскері! Ол – білімдіге ғана бағынатын күрделі техника».
«Сауатсыз адам – соқырдан да сорлы, көзіңді аш, қазақ бала-
сы!» «Ормантай Елжасұлы сауатын ашып еді, мастер болып
жоғарылады. Жалақысы екі есе өсті. Ормантай Елжасұлынан
үлгі алыңдар!» «Түй е мінген қазақтың машинаға аяқ артатын
заманы туды, оян, қазақ елі!» «Бурабайға жазылу әлі де жүріп
жатыр. Бүгін барсаң – кеш емес!..»
Комбинаттың жабдықтау қызметі жыл басында-ақ орталық
қалаларды кезіп, бұр ғылау техникасымен таныс мамандарды
жұмысқа шақырып, екі иә бес жылға шарт жасасқан. Әрине,
бір жазға ғана жалданатын ескі
бұрғылаушылардың көмегін де
пайдалануға тура келді. Биыл олар бұрынғыдан екі-үш есе көбірек
керек-ті.
Кәнігі бұрғылаушылармен жасалған ке лісімшартқа биыл тағы
бір тармақ қосылған: әрбір маман өз өнеріне бірден үшке дейін
жұмыскер үйретуге міндетті; бұл үшін оған қосымша қаражат
234
Медеу СӘРСЕКЕ
төленеді және оның көлемі үйреткен кісінің саны мен мерзіміне
орай өсіп отырады...
Аяздың зәрі сынып, «түске дейін – мүйіз, түстен кейін – киіз»
болған наурыздың орта шенінде Жезқазған төбелерінде жеті ста-
нок күні-түні тарсылдай бастады.
Көктем шыға Украина мен
Мәскеу іргесінен жалдаған бұрғылаушылар да келіп қалды. Жер
тескен станоктың саны онға жетті.
Сонымен-ақ бұл өңір бұрын-соңды көрмеген, естімеген кең
көлемді барлау басталды: қайда қарасаң да көрерің – тұрбасы
шошайған бұрғылау мосылары; солардың арасында ертелі-кеш
шұбырған аттылы-жаяу; түйелерін боздатып су мен лай, май
тасыған арбалар легін аңғарасың; кей мезгіл бурабайды жағалай
аралап,
бірінде көбірек, қайсыбірінде азырақ аялдап, соңынан
будақ-будақ шаң ерткен геологтардың «Фордик» автомобилі келе
жатады; оның жиірек тоқтайтын жері – 1-шахты жанындағы
барлаушылардың жаңа қонысы. Онда жаз шыға сол маңайда
зор қарбалас басталған: керн сақтайтын қойма, шеберхана, гео-
логтар үйі,
зертхана мекені, тұрғын барактар мен меншік үйлер
құрылысы үрдіс жүріп жатыр.
Ахмедия ТӨЛЕКБАЕВ, бұрғылаушы:
Достарыңызбен бөлісу: