403
ШЫҒАРМАЛАРЫ
на шық ты. Бізде қазір мыңдаған мектеп пен кәсіби училище,
ондаған техникум мен жоға
ры білім беретін институт жұмыс
істейді. Бұлардың бәрінде де ғылым негіз
дері, кәсіп
тік білім
ғана емес, бүгінгі заман ның озық ілімдерінің барлық түрлерінен
дәріс оқыты лады. Республикада КСРО ҒА филиалы, В.И. Ленин
атындағы Бүкілодақ
тық ауыл шаруашылығы академиясының
бөлім
шесі, С.М. Киров (қазірде әл-Фараби – М.С.) атындағы
Қазақ мемлекеттік универ ситеті, Қазақ кен-металлургия инсти-
туты тәрізді ғылым, білім ошақтары бар. Ширек ғасырда қазақ
қауымында дәрі гер, биолог, химик, агроном, педагог, инже нер
тәрізді жаңа кәсіп иелері, мәдениет пен өнер саласында жемісті
жұмыс істеп келе жатқан зиялылардың жаңа легі өсіп шықты.
Олардың қатарында дарынды мамандар, ғалым дар, жазушылар,
сазгерлер, суретшілер, актерлер, өнер қайраткерлері бар, – дей
келіп, сол жиында жасаған есебінің соңында Қаныш Имантайұлы
республика ғылымы ның алдына үш түрлі міндет жүктеген. –
Бірін ші, бұрыннан жүргізіліп келе жатқан іргелі зерттеулерді
сәтті жалғастыру; екінші, соғыс қажетіне байланысты белгіленген
тың ізденістердің қарқынын төмен детпей – сөзсіз орындауға жету;
үшінші, «Ондай болмақ қай да?» деген ұшқа ры ұғымнан тезірек
ада болып, шынайы акаде миялық деңгейде жұмыс істеп, ғылым-
ның шырқау биігіне апаратын ірі зерттеуге кірісу... Сайып келген-
де, бұл – фи лиал дан дербес академия құруға жет кізетін тура жол
және қоғам үшін де, өзіміз үшін де, қазақ қауымы үшін де бірден-
бір пайда лы іс болмақ! – деп сөзін аяқтаған-ды.
Турасын айту керек, филиал жетекшісі 1942 жылдың аяқ
шенінде көпшілікке жария еткен бұл сөздер кімді болсын қатты
сүйсінткен, сөйте тұра сенімсіздік те туғызып: «Небәрі төрт инсти-
тут, алты сек тор ға сүй еніп, дербес ғылым ордасы жайында ой қоз-
ғау – тым асығыс, қиялға жақын мәлім деме емес пе?..» – дегендей
кереғар пікір лерге жеңсік берген. Алайда көкейде жүрген асыл
ой алқалы жиында жария болды, оны енді кері қайтара алмайсың...
Зиялы қауымды дүр сілкінткен осы мә лім деме жайында акаде-
мик Ш.Ш. Шөкин «Жылдың төрт мезгілі» атты естелік кітабында
былай депті:
Достарыңызбен бөлісу: