406
Медеу СӘРСЕКЕ
көлдің желке сіндегі биік шоқы ТЕМІРТАУ деген бейнелі атауға
ие болып (техникалық құ жатқа Қаныш Иман тайұлының қолымен
бұрынғы Жауыр тау аты, сірә, жадағай сөз болғандықтан, өзгеріп
түскен), болашақ комбинаттың атына тір келді. Бұдан соң комис-
сия жаңа комби натқа шикізат беретін кен орындарын ара лауға
аттанбақ болатын. Алайда?..
Қаныш Имантайұлының аяқ-қолы бүрі
сіп, ауырып қалды.
Бұл жолы тіпті қатты жығылды. Арнаулы ұшақ оны Алматыға
алып ұшты. Дәрігерлер консилиумы тез жиналып, ішек ісігі жай-
лы былтырғы болжамды тағы да қайталаған... Көрер жарығы
әлі де мол екен, сол күндерде Алматыда жүрген мәскеулік бір
білгір науқасты қарап: «Кә дімгі соқырішек тің созылмалы түрі...
Тездетіп операция үс те ліне!» деген. Шы нында да сол кінәрат екен.
Соғыс басталар қарсаңда Қ.И. Сәтбаевтың «Жезқазған
ауданының кен қазбалары» атты ғылыми еңбегі жарық көрген.
Оның не
гізі – 1927-1928 жылдарда «Жаңа мектеп», «На
род-
ное хозяйство Казахстана» журнал
да
рында жарияланған
шағын мақалалар. Содан бері зерттеу ұлғая түсіп, осы өлкенің
қазба байлықтарын терең талдап, жан-жақты көрсеткен үлкен
монографияға айналды. Осы еңбегі үшін Қаныш Иман
тайұлы
1942 жылы Сталиндік сыйлыққа ие болды.
Соғыстың ауыр жылдарында шынайы бағасы мәлім болған,
Отанның сол күндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлығымен
баға ланған ғылыми еңбек иесінің абырой-атағы, әрине, биікке
шығандап, үрдіс көтерілген: «Қазақстан түсті металлургиясын
өр кен детуде ерекше еңбек сіңірген, Ста линдік сыйлықтың лау-
реаты Сәтбаев жолдастан үлгі алыңдар!..» – деп ша қырған-ды
Қазақстан КП(б) Орталық Коми теті, республиканың Совнаркомы
мен Жоғарғы Кеңесінің төрал
қасы 1942 жылғы үн
деу хатын-
да. Сол үндеуде Қаныш Имантайұлының есімі Мәскеу түбін де
қаһармандық көрсеткен жиырма сегіз батыр қазақстандық тар мен
бірге аталған...
«ПРАВДА», 17 шілде, 1942 жыл, «Ғы лым жарағы»:
Достарыңызбен бөлісу: