шаруаның қыбын жақсы сезінетін әйел заты айтса деймін... – Қазақ
ғалымы өздеріне шай құйып отырған прези дент тің зайыбына
ұмсына қарап, сөзін қара пайым сауалмен түйеді. – Айтыңыз-
шы, қымбаттым, басында үйі болмаса, отбасына керекті түрлі
бұйым иә жиһаз жинаудың қажеті қанша?
– Әрине, әуелі үй салу керектігі ақы маққа да түсінікті! – деп
Комаровтың за йыбы төтесінен бір-ақ түседі.
– Міне, зайыбыңыз әділін айтты. Шы нында да, Владимир
Леонтьевич, инсти туттың өзі болмаған соң, соған күн ілгері
жабдық иә ғылыми қызметкер жинаудың қажеті қанша?
Жұмысты, сірә, үйдің іргесін қоюдан бастаған жөн болар...
Сәтбаевтың қапелімде төндіре айтқан ұтымды дәлелінен
бас тарта алмаған президент қыбыжықтап, бізге алма-кезек қа-
ра ды да, кенет қолын сілтеп: «Хаттың жобасы қайда?..» –
деді де, алдын ала әзірленген құжаттың жоғарғы бұрышына
«Келісемін!» деп жа зып, қолын көсілте сүйкеді...» – деп куәлік
етіпті Ша пық ақсақал «Өмірдің төрт мезгілі» ғұмыр нама сында.
ІІ
1943 жыл филиалға топырақ зерттеу және ботаника сектор-
лары негізінде бесінші институт қосылған. Бір жылдан соң зоо-
логия және тропикалық аурулар институты ашылды. Өлкелік
патология институтының іргесі қалануы да сол жыл. Ал қазір
КазФАН басшылығына тікелей бағынатын секторлар саны бұл
қарсаңда тоғызға жеткен-ді...
Қ.И. Сәтбаев пен Ш.Ш. Шөкиннің Мәс кеу де ұзақ жүріп тын-
дырған ұлан-ғайыр ісі сол жылда-ақ жеміс тергізе бастады. Соның
бірі – КСРО ҒА президенті В.Л. Комаровтың Алматыға, Қазақ
КСР үкіметіне жолдаған ресми хаты. «...Қа зақ филиалының даму
қарқыны, зерт теу лерінің соңғы үш жылда өріс алған көлемі мен
сапасы, сондай-ақ ҚазКСР Халком Кеңесі мен КазФАН төр алқасы
бүгін таң да сәтті жұмыс істеп отырған ғылыми мекемелердің
ізденісін одан әрі күшейтіп және нығайтуға жаса ған нақты
шара лары, – депті Владимир Леонтьевич сол ха тында. – академия
төралқасына Сіздер дегі фи лиалды 1945 жы лы Қазақ КСР Ғы лым
академиясы етіп құру туралы мә селе қо юға мүмкіндік туғы-
зып отыр». Біз дің ше, осы хат респуб лика басшыларына ой са лып,
414
Медеу СӘРСЕКЕ
бұрынғы әрі-сәрі көңілден ары лып, же деғабыл әрекетке кірісуіне
түрт
кі бол
ған. Тамыздың 18-і күні Қазақстан КП(б) Ор
талық
Комитеті Ғылым академиясын құ ру ға әзірлік туралы нақты ша-
ралар белгі лей ді.
Филиалдың бұдан былайғы жұмысы осы қаулыға орай жүреді:
Мәскеу мен Алматы арасындағы ғылыми байланыс күшейіп қа-
на қойған жоқ, мүлдем жаңа кезеңге бет бұра ды. Айталық, сол
қаулыда есімдері атал
ған жиырма төрт докторанттың үкімет
белгілеген мерзімде диссертацияларын қорғауы маңыз ды іске ай-
налды. Өйткені солардың барлығы – ертең шаңырақ көтермек жас
ғылым орда сының «уығын шанышпақ», қазақ елі сол жылдары
ілім көгіне шығарған үміткер ұл-қыздары. Олардың көпшілігі
Алматының жоғары оқу орындарында, филиал инс титут тарында
еңбек ететін-ді. Ғылыми жұмыс тарын тезірек бітіру үшін респуб-
лика үкіметі оларды не гізгі міндеттерінен босатып, арнаулы сти-
пендия тағайындаған. Бәрі де Мәскеуде, ізденіс қамында, ғылыми
жетекшілерінің қасында...
Жан-жақты әзірлік Алматыда да қызу жүріп жатыр. Филиал
аспирантурасы бұл қарсаңда нағыз ғылыми мектепке айнал-
ған. Екі-үш жылдан бергі әзірліктің жеміс берер кезі. Дайын
диссертациялар дереу қорғалуға тиіс. Дайын болуға жақын-
дары жұмыстарын тездетіп, алды-артын жинақ
тасын, кө
мек
тілейтіндері не керегін айтып, мәлімдеме түсірсін. Ғылыми кеңес
жәрдем етуге әзір. Тек бір ғана талап қоюға болмайды: мәнсіз
жұмыспен, нәтижесі дүдә мал диссер та циямен қорғауға сұранба,
нау қан дүрмегі мен оп-оңай өтіп кетемін деп ойлама. Ғылым –
базар дағы сауда емес!..
Өндірістен келгендермен жұмыс өзге ше леу талапта жүргізіл-
ген-і: олардың дені «қағаз
бастылыққа», әсіресе жүздеген бет
дис сер та ция жазуға дағдыланбаған; ашқан жаңалығы өндіріске
баяғыда еніп, жүз мыңдаған сом кіріс беріп тұрғандары да бар;
соны тек диссертацияға айналдырып, ғылы ми жүйе леп, қорғау
керек; ал қайсыбірін бір ден-ақ ВАК-қа ұсынып, бекітуді сұрау
қажет.
Мәселен, Қазақстандағы ірі геологтардың бірі Е.Д. Шлы гиннің геология
ілімін терең білетіндігіне ешкімнің таласы жоқ. Оның Сол түс тік Қазақстан
аймағын ұзақ жылғы зерт теулері, геологиялық саяхаттары кандидаттық
диссертация қорғауға негіз болды. Евгений Дмитриевич көптен бері ғылым
докторының міндетін атқарып келе
ді, Кен-металлургия институтының
415
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жалпы геология кафедрасын басқарып, жүз деген геологтар тәрбиелегені –
бұған айғақ. Алайда докторлық диссертация жазуға уақыты жоқ, бәлкім,
ұқыптылығы жет
пейді. Филиал же
текшісі осы жайында сөз бастаса-ақ,
Е.Д. Шлы гин тәулігіне он бес сағат жұмыс істейтінін айтып, са бақ кестесін
көрсетеді. Шы нында солай. Сөйт се де геолог әріптесіне қат аңырақ ескертуге
тура келді, Евгений Дми триевич сол жолы да: «Қаныш Имантаевич, менің
қолыма бір қауым үйелмен қарап отыр. Тап қазір маған ертеңнің қамын ой-
лаудан гөрі, соларға бір қап бұршақ тауып бергенім тиім дірек!» – деп тұрмыс
тауқыметін сылтау етіп құтылып кетті. Бұл да шындық. Соғыс күндерінің
уақытша тапшылығы, ғылым иесін сол үшін қалайша кінәлайсың?.. Арада
екі-үш күн өткен жоқ, филиал жетек
ші
сінің жүргізушісі Шлыгиннің
пәтеріне бір қап жасымық алып келді... Амал бар ма, Евгений Дмитриевич
ұйқы сағаттары есебінен жұмыс істеп, бір жылдан соң геология-минерало-
гия ғылымдарының докторы атағына ие болды (бертінде ол республикалық
академияға толық мүше болып сайланды).
1944 жылдың қараша айында республика Халкомы КазФАН
құрылымы 16 ғы
лыми-зерттеу институтынан құрылсын де-
ген жобаны бекітіп, соған лайықтап қаржы босатқан-ды. Аспи-
ранттар саны 237 адам болып, филиал инсти тут тарында енді мың
қаралы қызметкер (оның тең жартысы ғылы
ми жұмыстармен
шұғылданады) еңбек етуге тиіс. Бұл шаруаға аз-кем қатысы бар
жұрттың бәрі де енді «Көрінген таудың алыстығы жоқтығына...»
сеніп, тапсырылған істі құлшына атқаруға кіріскен-ді.
Даңқты 1945 жыл да ғылым ордасының шаңырағын көтеруге
қызу әзірленіп жат қан филиал қызметкерлеріне түр ліше әбігер-
шілік әкелген. Әсіресе Қаныш Имантайұлы үшін. Сол қарсаңда
ол Алма тыдан да гөрі Мәскеуде көбірек болған. Филиал төрағасы
ғана емес, үкіметтің жауап ты қыз мет кер лері де. Қаншама қауырт
шара
ларды жүзеге асыру шарт, жаңадан құрылған ғылыми
институттардың күн сайынғы зәру қажеттері – іс жөніне жетік
қызметкермен көмектесумен қоса зерттеу жабдықтарын табуға
дейін... Бір тәуірі, академия ның сексен бес жастағы президенті
В.Л. Ко маров қазақстандықтардың мұң-мұқтажын жақсы біледі.
Оларды тежеусіз қабылдайды және әрбір кездесуде: «Біз сіздерге
соғыс жыл
дарында қарызданып қалдық, әсіресе қонақ
жай
ізеттеріңіз үшін. Міне, соның есесін қайыратын кезең туды!» – деп
әзілдеп оты рып-ақ ділгер мәселені шешіп береді...
Сөйтіп, әбігер жұмыстар соңында сабылып жүріп көктемге де
ілікті. Төрт жылдан бері бүкіл Кеңес халқы аңсаған, күл лі адамзат
зарыға күткен Жеңіс күні туды...
416
Медеу СӘРСЕКЕ
Қазақ елінің Жеңіс мейрамын қуаныштаған дүбірі басылмай-
ақ тағы бір мерекенің хабары келіп қалды.
КСРО ҒА 220 жылдығын салтанатты түрде атап өтпек болып-
ты. Мұндай келелі жиыннан жер-жердегі филиал, база, бөлім-
шелер қалыс қала ма? Қазақстан дықтар да бұл мерекеге қатысуға
белсенді еңбегімен толық хақылы. Сондықтан да үкі мет пен пар-
тия филиал құрамында істейтін 50 ға лымды түрлі дәрежелі ор-
дендермен, 25 кіші ғылыми қызметкер мен лаборант ты медаль-
дармен марапаттаған, ал филиал же
тек
шісінің жанқиярлық
іс-әрекеті ҒА-ның әйгілі ғұламалары қатарында аталып, Ленин
орденіне ие болған-ды (Қаныш Иман тай ұлы сол жылы ерекше
еңбегі үшін «Ұлы Отан соғысының» екінші дәрежелі ордені мен
де марапатталған).
Қазақстанның
ғылыми
делегациясын
Мәс кеуге
Қаныш
Имантайұлы бастап барған. Қосымша міндет – Москва мен Ленин-
град тың ғылыми мекемелерінің құрамымен жете танысу. Бұл да
ертеңгі ұлан-асыр жұ мыстың қамы...
Т.А. СӘТБАЕВАНЫҢ естелігінен:
Достарыңызбен бөлісу: |