ТҰМАНДЫ АЛЬБИОН ЕЛІНДЕ
І
Елден шыққалы айдан асты. Ақ бас Ала тау да, алмалы Алматы
да алыста. Ұзақ сапарға шығуы бір бұл емес, Кавказ бен Қырымға
асып кететін, Ленин град, Орал, Сібір мен Украинаның қалаларын
да аралаған. Мәс кеуде айлап жатып, қыстап қалған жылдары да
болған. Бірақ бірде-бірінде туған жерін нақ осы жол ғыдай аңсаған
емес. Әлде тұманы еңсені басқан бұлыңғыр көктем
нің әсері?
Бәлкім, бөгде елді бөтенсуден?..
Әрі-сәрі күйде жатып қиял жетегіне ерік берді: дала кезіп
жүрген сияқты, сахараның дәру самалын құмарлана жұтқандай;
биік тау басынан, әлде тұрықты шоқыдан шартарапқа шола
қарайды... Таң қылаң бере оянған. Отель дің оңаша бөлмесі тыл-
сым тыныш тық та мүлгіп тұр. Күлгін түсті қағаз жап сырыл ған
күңгірт қабырғалар да қалғи бер деп қа бағын еріксіз жапқандай.
Бірақ ұйық тай алмады. Әрлі-берлі аунап біраз жатты да тұрып
кетті.
Ағылшын жұртының атақты астанасы бүгін де кіреуке
тұманның кілегейдей қою тұмшалауында. Алыпқашпа жүйрік
қиял ғалым көңілін ала бұртып, көз алдына Ленинградтың ақ түн-
де рін елестетті. Онда да нақ осылай, терезе алдында, сүттей ақ
426
Медеу СӘРСЕКЕ
түнге телміре қарап ұзақ тұрушы еді. Ал қазір таңырқаудан гөрі
жабырқауы басым. Неге?
Ойына Сарыарқаның ақ жаңбыры оралды. Кәдімгі бір жау-
са күні-түні толастамай сіркірейтін даланың ақ жауыны. Соның
астында тұрғандай сезім тұла бойын кенет шарпып өтсін. Жел-
кесінен саулаған жаңбыр там шы лары жонын аралап бара жат-
қандай, мұрнына жусан исі кел гендей, көңілдегі іңкәр тілек те:
«Құйшы бір осылай, жауып өтші аянбай!» – деп тілеген дей. Не
жаумай, не тарқамай, неше күннен бері түнеріп тұрған тұманды
Альбион елінің тұнжыр аспанына білдірген назы ма әлде?..
Кәсіпшілер одағының Орталық Кеңесінің төрағасы В.В. Куз-
нецов бастаған қарамы отыз ға тарта, кілең Жоғарғы Кеңес депу-
тат
тары делегациясын Лондонға келген бетте Ұлыбритания
үкіметінің Премьер-министрі Эттли қабылдаған. Бұл – ресми
қабылдау. Қалыптасқан қасаң рәсіммен өткен сұхбат үстінде
не білесің? Ағылшын елін білу үшін аралау керек, сол жұрттың
үлкен-кішісімен аз да болса жанасу қажет...
Лондонмен танысуды қонақтар В.И. Ле
нин пәтерде тұрған
жұпыны үйді көруден бастады. Одан соң К. Маркстің моласына ба-
рып гүл қойды. Ағылшын жұртының ілтипатымен көргендері де
аз емес: корольдер резиден циясы – Тауер замогі; Ақ мұнарадағы
орта ғасыр рыцарьларының сауыт-сайманы. Генрих VIII-нің
екінші әйелі Анна Болейн өлтірілген (королева Елиза ветаның ана-
сы) тарихи бөлме; әулие Павел соборы, оның қасындағы фашистер
бомбалауынан күл-талқаны шыққан парламент үйінің қалдығы...
Күллі дүние жүзінің мәдениеті мен ұлы өнері нің небір асыл
мұралары сақталатын Бри
тания мұражайын көру қонақтарды
ерекше риза етті. Әсіресе ағылшын жұртының өткен тарихына
ұқыптылығы, ұлттық дәстүрге бе ріктігі, та ри хи ескерткіштерге,
ұлы адамда ры ның мұрасына деген ілтипаты жаппай сүйсін дір-
гені анық: 1912 жылы Оңтүстік ендеуге жетіп, қай тар жолда мерт
болған капитан Скоттың мұражайға қойылған жолжазбасы ның
соңғы бетіне ержүрек саяхатшы: «Осы күнделігімді әйеліме тап-
сыруды өтінемін», – деп жазыпты да, ақырғы сөзді белінен сы-
зып, «жесіріме» деп түзетіпті немесе адмирал Нельсон Тра фаль гар
ұрысында мерт бол ған «Виктория» кемесінің Портсмут айлағында
қаз қалпында сақталуы; корабльді күтімде ұстайтын мат
рос-
тардың Наполеон Бонапарт заманын еске түсіргендей көне үл гіде
киі нуі... Делега цияның ғалымдар тобы Оксфорд пен Кемб ридж
427
ШЫҒАРМАЛАРЫ
университеттеріне барып қайтқан-ды. Мұнда да әскез ағылшындар
ескі ғұрыпқа беріктігінен айнымапты: Ньютон ның зертханасы да
иесі қалдырған күннен титтей де өз гермеген...
Британия мұражайын аралаған күні Қа
ныш Имантайұлы ағылшын
саяхатшысы То мас Аткинсонның 1858 жылы Лондонда басылған кітабын
қызыға көрген-ді. Қазақ даласы нан көрген-білгенін, тұрғындарының тұр-
мысы мен әдет-ғұрпын, көшпелі тірлігін, табиғаты мен табиғи байлығын
тәптіштей жазып кеткен саяхатшының күнделігі түрлі түсті литографиялық
суреттермен айшықталыпты, бүлінбей сақталуы да ғажап. Сатып алуға
қызық қа ны мен, кітаптың екін ші данасы табылмады (елге келген соң Ле-
нинградтағы М.Е. Сал ты ков-Щедрин атын дағы мемлекеттік кі тап хананың
сирек кітап тар қорынан тауып, кө шірмесін Алматыға алдыртқан).
Ірі өндіріс орталықтары Ньюкасл мен Шеффильд қалаларын
көру, әсіресе соңғы шәрдің болат құюшы шеберлерінің өнерімен
танысудың аяғы мейірімді қабылдауға ұласты. Қала мэрі әрбір
қонаққа Шеффильд ұсталары соққан, сабына әрқайсысының
есімдері жазылған қарындаш ұштайтын өткір кездік сыйлады.
Ғалымдар тобы көне Уэльске өздері өтініп, орта ғасырдан кө-
мір шы ғарып келе жатқан Кардив қазаншұңқырларын да көріп
қайтты.
Қалайда бір айда аралаған жерлері аз емес: Лондонның іші-
сырты – Гайд-парк, Ұлт тық галерея, Сити мен Пикадиллидің
кө
рікті жай
лары, Вестминстер аббаттығы, Эдинбург пен Ст-
ратфордтың атақты орындары, Валь
тер Скоттың ескерткіші,
Шотландиядағы Стер линг замогі, Мария-Стюарт тұрған сарай-
лар, Айрширдегі Роберт Бернс ақын ның сабан шатырлы жұпыны
үйі, әйгілі Ковент-Гарди театры, оның корольдер ғана тыңдайтын
операсы, Пайнвудтағы кино
студия... Бәрі де Кеңес Одағының
пар ламент делегациясына айшықты қақпа ларын айқара ашып,
ескілі-жаңалы тарих тарын, аңыз-ертегілерін жырдай шертіп, ізет
көрсетті. Қысқасы, әрбір сағаты мен мину тына дейін есептеулі,
бар уақыт кестеге тізулі күндер мен түндер бір-біріне жал ғасты...
Таңертеңгі ас үстінде делегация мүше ле ріне күндізгі бағдар-
лама жария етілді. Темза бойына серуен жоспарланған екен. Ал
қай сыбір қонақтарға дербес саяхат ұсы ны лады...
– Мистер Сатпаеф, сіздің тілегіңізді кен компаниясы қуана
қабылдады. Қашан баруды қалайсыз? – деп сұрады кенет үкімет
шенеунігі.
428
Медеу СӘРСЕКЕ
«Жер шарының жартысына жуығына талай заман иелік еткен,
шеңгелді тырнағын қиырдағы қазақ даласына дейін батырған
Британия Корольдігінде болып, оның минералдар қоймасын
көрмей, таныс пай кетуім жөн бе?» деп ойлаған ға лым-геолог жол-
басшы болып жүрген үкі мет адамына бұрнағы күні тілек біл дір-
ген. Сонда-ақ ол: «Оқу орындарындағы болмашы мине рал үлгілері
сізді қызықтырмас. Ал кен өн діруге кәсіптенген компаниялардың
бірімен тілде сіп көрейін», – деген-ді.
Қисыны келіп тұрған шаруаны ғалым кейінге қалдырғысы
келмеді. Баруға әзір екендігін қуана білдірді.
* * *
Оны қабылдауға келіскен «British South Africa Company»
деп аталатын (Бри та нияның Оңтүстік Африка компаниясы) кә-
сіпшілер қоғамы екен. Шетелдік қонақты ізет пен қарсы алған
директорлардың бірі ком пания ның елу-алпыс жылдық тарихы
мен бүгінгі хал-жайын қысқа ғана айтып берді де:
– Кен үлгілерінің қайсыбірін табиғи қал
пында сақтаймыз.
Бірақ соны мине ра логия музейі деуге болмайды. Компания ма-
мандары, тегінде, ғылым үшін емес, ак ционерлерге көбірек пай-
да түсіруге қызмет етеді, – деді биязы езу тартып. – Біздегі азын-
аулақ минерал қорына ілтипат біл дір ге ніңізге рахмет, Сатпаев
мырза. Мистер Билли сізге бізде сақталған экспонаттарды риясыз
көрсетеді... – деді.
Кабинеттегі әңгіме осымен бітті де, компания қызметкеріне
еріп, тас ғимараттың төменгі қабатына түсті. Кен үлгілері еңселі де
жарық, мәжіліс залына ұқсаған ұзынша зал-бөлмеге орналасып-
ты. Төрт қабырға түгел – шынылы шкафтар, ортада – жарыстыра
қойылған ашық-жабық таған дар. Бәрі де неше алуан жыныс үлгі-
леріне сыңсып тұр: бағасына пұл жетпес небір асыл дар қаз-қатар
сап түзеген; түр-түсі қан шама алуан түрлі болса – жаралу тектері,
шыққан жерлері де соншама өзгеше; әрқайсысы өзінше дара,
кескін-келбеті бір-біріне ұқса маған ғажап минералдар...
Ғалым көргеніне дән риза болды. Тас көмір мен құнары жұтаң
бол машы темір кендерінен өзге қазба бай лыққа жұтаң аралда әрі
қуықтай тараң жер ді мың жылдам астам уақыт қоныстап, ақы-
рында Орта ғасыр заманында рухани деңгейі күрт көтеріліп, хал-
қы да керемет өсіп-өнген тари хын жас күнінен білетін-ді, соның
429
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кейбірін осы жаққа жүрерде қайыра пысықтаған. Ағылшын
елінің өнер
кәсіп тарихы да өзіне мәлім, әсіресе жұтқынына
қанша көмей лесе де қанағаты жоқ жырт қыш арыстанның ай-
бынды бейнесін мемлекеттік гербіне таң даған Британия импе-
риясының қомағай пиғылы туралы да естіген қауесеті аз емес;
мына компания – сол арыстанның күшігі тә різді, өресі жеткен
жердің таңғажайып асылдарын тал ғамай ала берген бе дер сің...
Байырғы геологтың кәнігі көзі залда тұрған минерал үлгілері-
нен Африка ғана емес, Азия мен Еуропаның, тіпті ту қиырдағы
Америка құрлығының да небір қымбаттарын қызыға көрді. Өзіне
бұ
рын
нан таныс тас үлгілердің жаз
баша түсінігін оқымай-ақ
айырып, ынты ға қарады. Қайсыбірінің алдына көбірек тоқтайды,
қайсыбіріне шұқшия үңіліп тү сі нік сұрай ды. Енді бір мезгіл ми-
нералдармен ғана тіл десіп, солармен ғана сырласқандай әлпет
танытып, тым-тырыс тамашалады. Компания қызметкері де биік
мәртебелі қо нақ тың көңіл хошын шамалаған сияқты, әсіре біл гі-
ш сі ніп қазымырлық танытпады, өз түсінігін шақ тап әрі сақтана
көрсетті...
Содан бір уақытта, ортаңғы таған
дағы ат басындай табиғи
тұнба мыстың қа сына келгенде қағілез мейман қалт тұрып қалды.
Билли мырза оның кідірісін өзінше бағамдап, алдындағы көрме
залының қымбат минералы – қызғылтым хреозолит екенін, ал
соның қасындағы аппақ, аршын төс мұрағат – Амазонка ага-
ты екенін ізет білдіре түсіндірді. Екі тас та жаңа аққан қандай
алқызыл нұрға малына көз тартақандай әдемі-ақ еді...
– Ал мына кесек мыс – Трансваальдың табиғи мысы...
Сонда ғана ғалым «Сіз не айтып тұрсыз?» дегендей кіді
қалыппен жол бастаушы серігіне таңырқай қараған -ды.
– Иә, бұл, мистер Сатпаеф, Трансвааль мысы!..
Қаныш Имантайұлы басын шайқады, мұ ны да еркінен тыс,
наразылық біл
діргендей кілт тіксінген шыраймен жаса
ды да,
табиғи мыстың алдында жатқан қатыр
ма қағазға еңкейді.
Ағылшын тілінде орыс ша дай жетік сөйлемесе де, техникалық
әде биет ті өз бетінше оқитындай сауаты болатын, әрі осы елге
жүрер алдында ағыл шын тілі нің мұғалімінен бірер ай қосымша
сабақ алған... Қағаздағы жазу да жолбас шының сөзін раста-
ды. Тек әлденеге шүбәланды ма, ат басындай кесек мұрағаттан
көзін аудармай шұқшия қарады: табиғи мыстың қара
мы
едәуір болғанмен – бітімі тұтас емес, әсіресе үстіңгі беті шырша
шашақтанып жа
ралған; қызметкер өзіне ілтипатпен ұсынған
430
Медеу СӘРСЕКЕ
үлкейткіш шы ны мен үңілгенде ап-айқын аңғарды – саморо док-
тың әр жеріне мысқа құнарлы халькозин минералы, қиыршық
сұртас жа быс қан. Қонақтың күдігін сол тар қатты: басқа ке ніште
нақ осындай түсте кезікпейтін, өзге кен орнында мұндай жара-
тылыспен бітпейтін, өзіне ежел ден таныс, мысқа қанық құмда-
уытта ғана болатын айрықша белгі...
– Мистер Билли, мына үлгінің паспортындағы анықтамаға
шүбәм бар, – деді мейман әр сөзін тақ-тұқ сөйлеп. – Өйткені
бұл экспонат, яки тұнба мыс – біздің қазақ даласының асыл
қазынасы.
Осы мезетке дейін әдепті кісі сияқтанып, тек қана ізет білдіріп
келе жатқан қызметші шаншу тигендей тыжырынып, мейман
сөзін шам көрген қылық аңғартты.
– Мистер Сатпаеф – білгір геолог, сол ілімнің докторы деп
естіген едім. Байқау сызда дәрежесіне тиіп тұрсам, ғафу өтіне -
мін, – деді шенеунік маңғаз шыраймен. – Бекер күдіктеніп тұр-
сыз, бұл – Трансвааль мысы!
Соңғы күндерде көңілі әлденеге мазала
нып жүрген ғалым
туған даласының ат басындай қазынасын күтпеген сәтте көргенде
біржосын ме
рей
леніп қалған-ды. Көзтаныс мыс кесегіне ойда
жоқта жолығуы жан-дүниесін ерекше елжіретіп еді. Соны енді
тәкап пар ағылшын инженері бекер деп, әрі өзі нің ғылыми та-
нымын қасақана әжуалап тұр
ғанда төзе алмады, сыпайылық
сақтауды қажет деп білмеді.
– Қазымырлық әлпетке бұрмаңыз, Билли мырза, ғафу өтінемін.
Осы сөзімді бұрмаламай аударыңыз, – деп тілмәшқа қиыла
қарады. – Бұл самородок қазақ даласында жаралған. Мекенін
де нақты айтайын: «Джезь-Козгань» дей тін-ді бұрын; ағылшын
кәсіпшілері Жезқаз ғанды өте жақсы білген. Лондонның «Atba sar
Joint Stock Company of Copper Mine», бізше айт қанда, «Атбасар
мыс кендерінің акционерлер қоғамы» Ұлытау қиырында ғасыр
басында бірнеше жыл кен қазған. Мына мұрағат сол уақыттан
сақталған.
Компания қызметкері дауласқан жоқ. Қайта кенет өршіген
даулы жайтты тезірек ұмытқысы келгендей ыңғай байқатып,
қазымырлық танытқан қонағын келесі тағанға жетеледі. Ал
онда Қаныш Имантайұлы бұрын көрмеген, бірақ көргісі кел-
ген, осы көрмеге сұранған себебі десе де болғандай, өзгеше ми-
нералдар тобы көздің жауын алып тізіліп тұрған-ды: Н’Чанга
431
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ке
нінің сарғыш нәлді халькопириті, Роан-Антелби кеніндегі
ұсақ құмдауытпен қоса түзілген жез таңбалы халькозин, Теріс-
тік Родезияда ғана кездесетін бірнеше мыс минералдарының
шоғыры – бәрі де Орталық және Оңтүстік Африканың қазынасы...
Бұ лар жайында қазақ геологы ағылшын, бельгия әдебиеттерінен
ертеректе оқыған, тек қолына ұстап көрген емес. Ал тегі жө ні нен
олар Жезқазған кендерінде кездесетін мыс минералдарымен өте
ұқсас екенін естіген-ді, яғни геологиялық бір дәуірде жаралған де-
ген пікір де ғылыми әдебиетте кең тараған.
– Ғафу етіңіз, бұл минералдарды көруге мен аса ынтық едім, –
деп ғалым шынын айтып, ерекше құмартқан сырын да жасырма-
ды.
Билли мырза бастапқы ізеттілігіне қайта көшіп, Кеңес ака-
демигі атаған минералдарды блокнотына түртіп алды...
ІІ
Кеңес Одағының Парламент делегациясын келесі күні Уинстон
Черчилль қабылдады. Рес ми емес, ағылшын ақсүйегінің қара-
пай ым ізеті деп шақырған. Бұлай дейтін себебі: жуықта өткен
сайлауда оның пар тиясы жеңіліске ұшырап, айтулы қайраткер
үкі
мет басқарудан оппозицияға шыққан... Қа
был
дау ресми
болмаған соң оған делега цияның барлық мүшесі емес, бір топ
ғалым мен әдебиетшілер және делегация бас шысы ғана барған-
ды. Танысқан сәтте-ақ диплома тия ның ежелгі сырттаны ақжар-
қын шыраймен: «Еш нәрседен қымсынбай, рес милікті ұмы тып,
өздеріңізді емін-еркін ұстаңыздар. Ас пен вискиге де орыстардың
шабуыл кезіндегі пәрменді екпінімен кірісіңіздер!» – деген-
ді. Экс-премьердің кеңкілдеген күлкісінің ас
тарында аярлық
тұрғаны айқын. Кешегі ала пат соғыста күні үшін дос болып,
ортақ жау ды құртуға атсалысқан сэрдің жуықта ғана, АҚШ-тың
Фултон шәрінде бас қосқан алқалы жиында өзімен ниеттес терді
жыл сайын үдей түскен «қызылдар екпінін» тежеуге шақырып,
«қырғиқабақ» соғыс жария еткені делегация мүшелеріне мә-
лім болатын... Содан ба, сұхбат шырайы шу дегеннен жа раса
қоймады. Үй иесі қонақ тарды құт тық тап, ашық-жарқын лебіз
біл
дірді. Кеңес делегациясы атынан Украина ақыны, акаде-
мик Микола Бажан жауап сөз айтып, екінші дүниежүзілік
соғыста одақ
тастар әскерінің жеңілуіне белсенді қаре
кетімен
432
Медеу СӘРСЕКЕ
айтарлықтай үлес қосқан, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Мэри
Черчилльді құттықтап, дастарқан иесіне зор денсаулық, баянды
бақыт тіледі. Екі жақтың бір-біріне ықыласы осы сөзбен тәмам
болып, өзара сы пайы лық танытқан, артық-ауыс сөзге бас паған
қоңырсалқын әуенге көшкен. Қабыл дау дәстүрі де тым қораш
еді, ортада үстел, орындықтар да жоқ-ты. Қабырғаны жағалай
креслолар қо
йылған, даяшы қы
дырт
қан ар
бадан әркім өзіне
керегін құй ғызып алады да, көңілі хош көрген кісімен сұхбат
құрып жайбарақат тұрады...
Қаныш Имантайұлы делегация құрамын
дағы үш ақынды
(Константин Симонов, Са мед Вургун және Микола Бажан) «Кеңес
поэ
зиясының үш киті» деп атайтын-ды. Мі
нез
дері аңқылдақ
үшеуіне іштартып жақын дау жүретін, өзара жарасымды әзіл-
дері де бола тын. Сол сәтте де ол залдың бір бұрышына оңа ша-
ланған үш ақынға қосылып, әңгі мелесіп тұрған.
Үй иесі бұлардың тобына жа қындай тү сіп, бәрін емес, бет-
пішіні, сымбат-тұлғасы қасындағы үшеуден өзгешелеу – моңғол
өң ді, сырт тұрпаты да ерте заманның батыры сияқтанған бейта-
ныс қонағына шұқшия қарап, биязы жымиды.
– Черчилль мырза сіздің ұлтыңызды айыра алмай тұр, – деді
тілмәш.
– Қазақпын, сэр.
– Казак?.. Таңмын, казактардың тап сіздей, маңғол өңдес типі
бар ма?
– Ғафу етіңіз, сэр. Мен көшпелі номад тардың өкілімін. Қазірде
Қазақстан аталатын дербес республиканың азаматымын... – деп
барынша салмақты шыраймен жауап берді Қаныш Имантайұлы,
іле туған халқы, оның гео графия лық тұрағы, тарихы мен тілі ту-
ралы қыс қа да нұсқа деректер естіртті.
– Солай ма?!.. – Черчилль байырғы дала лықпын деп тұрған,
киім үлгісі, бол
мыс-парасаты түркі тілдес азиялықтан гөрі
еуропалыққа бейім алып денелі қонағына көзінің астымен бар-
лай қарады, сірә, сын-сымбатын ғана емес, ақыл-парасатын да
аңдағысы келді білем, – апыр-ай, сонда бар лық қазақтардың
болмыс-бітімі тура сіздей ал
пам
са тұлғалы ма? – деді кенет
жайраңдаған қалпы.
– О, жоқ, Черчилль мырза, халқым менен де еңселі!..
Черчилльге мәртебелі қонағының қарымта әзілі ұнаған тәріз-
ді, кеңк-кеңк күлді:
433
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Таңмын!.. Сөйтсе де... – Езуін іле жиып, сөзін қайта сабақ-
тады. – Отандастарым мені Ресейдің асқан білгірі деп есептейді,
ал мен, көріп тұрсыз, жер ауданы біздің Альбион елінің аумағын,
өзіңіз айтқандай, он бір мәрте орап алатын байырғы көшпелі но-
мадтар жайында еш нәрсе білмеймін. Демек, ағылшындар жер
шарын түгел жайлады деген уәж де ән шейін сөз...
Қаныш Имантайұлы бұл сөзге де қарымта қайыруды құп көрді.
– Черчилль мырзаның әлгі пайымдауына түзету жаса
у
ға
мәжбүрмін, – деді академик бекем үнмен. – Сіздің отандас тары-
ңызда қазақ жерін тым жақсы білгендер болған және олар бірен-
саран емес...
– Солай ма? Таңғаларлық қызық мағлұмат!? Қалайша, дәлел
айтыңыз...
– Иә, сэр, Лондонда осы ғасырдың бас кезінде құрылған
«Atba sаr Joint Stock Company of Copper Mine» атты акционер-
лер қоғамы Қазақ даласының қиыр түкпірінде әлденеше жыл
мыс кенін қазып, табысқа шаш етектен кенел ген, – деп Қаныш
Имантайұлы Уинстон Черчилльге британ отандастарының Қа ра-
ғанды, Ақбұйрат, Спас, Екібастұз, Кенді Алтайдағы кәсіпкерлік
ізде ністері жайында қысқаша әңгімелеп, кеше ғана Лондонда ірге
тепкен кәсіби кампанияның минералдар көрмесін қызықтаға-
нын ескертті.
– Ағылшын капиталы сіздің сахараға да жеткен!.. Ғажап,
қиял жетпес қияндарға шыққанбыз! Тегінде, бізден бұрынғы
Ұлыбритания тұрғындары ақылдырақ та алымды болған сияқты-
ау!..
Бұған да қарымта жауабы көмейінде тұрса да, Қаныш
Имантайұлы биязылық сақтап, егер сөзге бармады. Сөйткені жөн
болғаны тәрізді...
Сол кеште делегация басшысы В.В. Куз не цов ертеңгі күннің
бағ дарын жария еткен, соның бастысы – ВВS («Би-Би-Си») радио-
ком паниясы өткізетін пресс-конференция. Айту ынша, әдебиетші-
лер түгел барады, өзі де.
– Әлбетте, шетел дипломатиясының әйгілі сырттанымен
сұхбатта зор парасат һәм тілмарлық аңғартқан Қаныш Иман-
таевичты да шақы
рамыз, – деген-ді делегация жетекшісі. –
Шетелдік тілшілермен аңдап сөйлесу қажет, жолдастар. Қысқасы,
қитұрқы ғана емес, арандатар сауалдарға да әзір болыңыздар...
28-0196
434
Медеу СӘРСЕКЕ
ІІІ
Шетел қаламгерлерімен кездесуге әзірлік үстінде Қаныш
Имантайұлы көңілінде күдік туғызған бұрнағы күнгі жайтқа
қатты алаң болып, делегация басшысымен ақылдасуды жөн
көрді. Өзі минерал қазынасын көруге барған Оңтүстік Африка
компаниясының Жезқазған кенінен алынған ат басындай табиғи
мыстың әлде қан дай жымысқы мақсатпен жаралған тегін ауыс-
тырып, көпе-көрінеу қате жазып қойғаны туралы күдігін де
бүкпеді.
– Менің ренішіме мән бере қараңыз, Василий Василье вич.
Бұдан қырық жыл бұрын талан-таражға түскен туған жерімнің
асыл қазынасын қайтарып алуға ниетім жоқ. Алайда мен үшін –
ғылыми ақиқат һәм нақ тылық қымбат! Бұл жайында мен кіммен
болса да айтысқа түсуге дайын мын. Әрі ол – Жезқазған кеніне
ғана тән ерекшелік, табиғи дара тұнба!.. Осы жайында журна-
лис терге ескерту жөн бола ма? Ресми мәлімдеме жасап, ғылыми
ақиқаттың бұрмаланбауын талап етуге Қазақстанның жанкүйер
азаматы ретінде қақым бар емес пе?
– Ойланарлық гәп, – деп Кузнецов қа сында тұрған Грузия
ҒА президенті, ака
демик, математика ілімінің білгірі Мус
хе-
лишвилиге қарады. – Николай Иванович, не дейміз бұған?..
– Қаныш Имантаевич, бәлкім, әлгі компания сізді сынау үшін
ұйымдастырған шығар?
– Не үшін? Британия иелігінен кен із деуге ешбір құлқым жоқ!
Әрі олар да менің қызметімді керек ете қоймас?!..
– Сөйтсе де... Бәлкім, шынайы геолог па, әлде басқа біреу ме
деп тексергісі келген шығар? – деді кексе әріптесі басын шай-
қап. – Егер өзіңе сенімді болсаң – мәлімдеме жаса, айғайшыл га-
зеттер ертең-ақ шу көтереді. Олар үшін бұл – тамаша сенсация!..
– Ойланайық, соншама шу көтергендей саяси оқиға емес... –
деп делегация бас шысы бой тарт қандай болды.
Алайда ғалымды алаңдатқан күпті жайт келесі күні өзгеше
тарқатылды.
Ертеңгілікте отель қызметшісі Қаныш Имантайұлына тілдей
хат әкеп берді: болмашы келеңсіздік үшін компания басқармасы
қонақтан кешірім өтініпті, қыз мет керлердің бірі үлгілердің ор-
нын ауыс тырып алған, соны зор ыждаһатпен түзеткен құрметті
мейманға рақмет айтыпты...
435
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әлде өтірік, әлде шын? Жә, соның шын ды ғы на қалай жет-
пексің? Бүгінгідей ресми сапар үстінде сол қажет пе? Сірә,
мерейінің үстем шығып, туған жерінің асыл қазынасының
ағылшын астанасында, көрнекті орында сақ тал ға нына риза бо-
лады да!..
Пресс-конференция «Дорчестер» оте
лінің мәжіліс залында
өтті. Сәтті болған тәрізді, өйткені кеңестік депутаттар өздеріне
қойыл ған сұрақтарға қайтарған ұстамды жауабын Лондондағы
көптеген баспасөз агенттіктері шартарапқа таратқан.
Англияға сапардың да геология ғылымы үшін пайдалы аяқ-
талғанын айту лазым: Алматыға қайтқан соң бірер айдан кейін
Ғы лым академиясының атына Лон доннан бір жәшік сыйлық
келді; әрбірі үл пілдек мақта мен мұқият оралған кен үлгілері
екен; сол елде Қаныш Имантайұлы қызыға тама шала ған Теріс-
тік Африка кендерінің тау жыныстары. ГҒИ ғалымдары оны Жез-
қазған кенінен алынған минералдармен са лыс тыра зерттеп, өз
білімдерін тың деректермен байытты. Осынау кен үлгілері қазір
де инсти туттың минералогия мұражайында сақтаулы.
Қ.И. Сәтбаевтың Англияға сапа ры туралы есебінен:
Достарыңызбен бөлісу: |