Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет167/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Біз тұратын үйдің Мир көшесіне қараған жағында Раушан 
әпкем Сәтбаева мен Әлкей аға Марғұлан тұратын. Пәтері 
шағын, бірінші қабатта, небәрі екі бөлме. Ол кісілер мамаммен ай-
нымас дос жандар, ал маған етжақын туыстар. Ол үйдің жалғыз 
қызы Дәнел менен бірнеше жас үлкен. Құртақандай менімен ой-
намайды. Ішім пысқан мен үлкендердің әңгімесіне құлақ түріп, 
көбіне үнсіз отырамын, – деп балалық шағына саяхатқа беріледі 
Жәмила Қанышқызы естелігінің бір тұсында. – Тап сол үйде 
әкемнің де отбасы тұрады. Ол кісінің үйіндегі кішкентай қызы 
Марияммен ерекше тату болдым, ол да мені жақсы көреді, му-
зыкаға бейім қыз еді, амал не, әкем қайтыс болған 1964 жылдың 
аяқ шенінде кездейсоқ жағдайда опат болды... Раушан апайдың 
үйінде көкеммен кездесеміз, одан да жиірек Райхан әпкемнің 
Абай даңғылынан жоғарыда, Алматы өзенінің жағасындағы сая-
жайында жиі боламыз. Үлкендер асты күнқағар шатыры бар 
дүңгіршектің ортасындағы үстелде ішеді, ал мен әкемнің тізесі-
не жайғасып алып, ортаңғы саусақты жасыратын ойынға 


442
Медеу СӘРСЕКЕ
үйрендім, біздің қазақтарда сондай ойын барын үйреткен де 
сол кісі. Көкем кейде домбыраның сүйемелімен ән салады. Даусы 
сахнадан айтатын әншілерден ешбір кем емес, маған тіпті 
артық сияқты көрінеді. Менің де ән-әуенге құлқым бар (ән-
музыка мектебінде жеті жыл бойы сабақ алдым, қазірде рояль-
да ойнаймын, балалар қатысатын концерттерге шақырылып, 
бірнеше мәрте Қазақ радио студиясында өнер көрсеттім). Көкем 
ән айтқанда мен мүлдем елігіп, ойынды қойып, тым-тырыс 
тыңдаймын. Ол кісі маған неше түрлі кітаптар сыйлайды, 
кейбірінің ішіндегі суреттерге түсінік береді. Кейін түрлі-түсті 
әдемі тастар сыйлайтын болды. Кейбірін тау хрусталі дегені 
есімде. Сол тастар қазірде қайда десеңші? Бертінге дейін өз 
пәтерімнің көрнекті жерінде тізіліп тұрушы еді, көздің жауын 
алғандай әдемілері де бар-ды, амал қанша, сақтай алмадым, онда-
мұнда жолаушылап жүргенде айырылып қалдым... 
Мамам, мен, күтуші әпкем үшеуміз арнайы пәтер жалдап 
Ленинградта тұрғанымызда, бұл енді шешемнің докторлық 
диссертациясын әзірлеуге ден қойған кезі, әкем бізге бірнеше 
мәрте келіп қайтты. Бір жолы ол маған қоңырқай барқытпен 
тысталған аюдың қонжығын сыйлады. Келген сайын қорабы ке-
ремет әдемі конфеттер, торт, шампан шарабын, кейде жеміс 
әкеледі. Сірә, содан ба, әкемнің сол кездегі сапарын еске алсам, 
тіліме тәтті дәм үйірілгендей болады...» 
Жәмила Қанышқызының бекем жады талай оқиғаны есінде 
сақтаған. Сірә, соның бәрі алпыстың асқар беліне шығарда күні 
кеше көргендей болып, көз алдына елестеп, қайдағы-жайдағы 
қимас сәттерді, балғын күндерінің қуанышты оқиғаларын есіне 
түсіріп, қағаз бетіне түсірген...
«Бірде әкеймен бір пойызбен, бір вагонда тоқайласып елге 
қайттық. Қазақстан алқабына ілінген соң-ақ көкем мені тере-
зе алдына шақырып, ұшы-қиырсыз даланың әрбір шоқысын, өзен-
суын қолымен нұсқап тұрып, ұзақ-сонар әңгіме шертті. Құдды 
бір ұшы-қиырсыз сары жонды жаяу кезіп жүргендей төндіре ай-
тады, әр шоқының тарихын баяндап, солардың қойнында жасы-
рынып жатқан кен байлықтарын түстеп санап, сол жерлерде 
қандай тарихи оқиғалар болғанын сипаттағанда, иә, күні ертең 
қандай өндірістер орнайтынын түгендегенде ешбір мүдірмейді...


443
ШЫҒАРМАЛАРЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет