572
Медеу СӘРСЕКЕ
қоңыр күзінде ол ГҒИ-дың ғылыми тобын қайыра бастап барып,
Маңғыстау мен Атыраудың үмітті кен орындарын түгел ақтап,
ең аяғында марганецтің сүбелі қоры жатқан қазыналы түбектің
тараң қолтығына дейін жетеді. Әрине, білгір барлаушының бас-
ты назары «сұйық алтын» болжанған қолатқа түскені анық. Сол
ізденіс зая кеткен жоқ. Әрбір жиын-кеңестерде Қаныш Иман-
тайұлы батыс өңірдің ғажап мүмкіндігі мен зор келешегі тура-
лы жар салудан тайынбаған. Бертінде «Ға сыр жобасы» атанып,
күллі әлем жұртшылығын таңғалдырып әрі қызықтырып отырған
ұлан-ғайыр ұлы істі ол түбек қойнынан алғашқы мұнай бұрқағы
атқылаған жылдардан кем дегенде 15-20 жыл бұрын болжап,
соның ел кәдесіне тезірек асуына жол ашқан!..
* * *
Академик Сәтбаевтың халықтар достығының қажымас жар-
шысы болғаны да жұртшылыққа аян. Геолог В.Г. ТРЕТЬЯКОВ
ғалым туралы естелігінде:
«Қаныш Имантайұлының мейлінше
интернационалист болғанын, оның аузынан ешқашанда әлде-
бір халықты қорлайтын сөз, әзіл-анекдот естімегенін, ал егер
әңгімеге орыс иә басқа бір халықтың өкілі қатысса, тек қана
орыс тілінде сөйлейтінін...» де арнайы ескертеді.
Өзінен он үш жас кіші, геологиялық қызметке 1935 жылдары
келген дарынды өзбек ғалымы Хабиб Мұхамедұлы Абдуллаев-
ты ол ерекше қадірлеп, кездескен сайын «О, Хабибжан!» деп
құшақтап көріскен. Өйтуінің себебі – жас әріптесінің айрықша да-
рыны, бәлкім, геология іліміндегі мүдде бірлігі... Өзбек ғалымы
1950 жылы Ташкентте жарияланған «Кен түзілуінің гранитті ин-
трузиялармен (баяу суынудан соң пайда болған силикат құрамды
магмалық жыныстар – М.С.) генетикалық байланысы» атты
монографиясын жолдап отырып, Қан-акасынан ғылыми қолдау
күткен. Сол жылы 22 тамызда Алматыға жолдаған хатында
ол:
«Бұл мәселемен мен алдағы уақытта да шұғылданбақпын.
Сондықтан Сіз сияқты үлкен ғалымдардың ақыл-кеңесі маған
өте-мөте пайдалы болар еді... Бұл еңбекте сөз еткен мәселелерім,
Достарыңызбен бөлісу: