590
Медеу СӘРСЕКЕ
тобы да қымбат құрылыс деген тұжырым жасағанын ескертіп, соны
енді қайыра ежіктеудің қажеті қанша?!.» – дегендей уәж айтады.
Қаныш Имантайұлы: «Алексей
Николаевич, сізге тапсырылған
қағаздардың ішінде Қа зақ КСР ҒА-ның пікірі мүлдем жоқ. Сол
себепті, сіз маған жарты сағат уақыт бөліп, ой-пікірімді тыңдаңыз.
Ал содан кейін қандай шешімге келесіз – еркіңіздегі шаруа», –
дейді. «Олай десеңіз, тура бүгін келіңіз!» – деп үкімет басшысы
нақты уақыт тағайындайды.
– Қымбатты Алексей Николаевич, сіз ме ні көптен білесіз, қашан
келсем де қиын
іс тің тоқетерін тура айтып, өзара ұғысып, талай
шаруаның күрмеуін шештік. Қазір де сол ақиқаттан айнығым
келмейді, әмбе сіз дің шексіз сеніміңізден... Ал ащы ақиқат мы-
надай: Орталық Қазақстан қойнынан осы күнге дейін мәлім болған
қисапсыз мол қа зы наның біз оннан бір бөлігін алғамыз жоқ, сірә,
одан да аз; мыс, марганец, қорғасын, барит пен темір кендері, ал
Екібастұз – Кеңес Одағындағы ең арзан, ең қорлы отын қоймасы...
Осының бәрі суға тіреліп, қолбөгеу болып тұр. Қысқасы, бұл
өлкеге бір кезде темір жол тарту қаншалықты қажет болса,
Алексей Николаевич, көгілдір жолсыз, яғ ни кең арналы жар-
ма арқылы мол су жеткізбей ештеңе бітіре алмаймыз! Жер асты
суын тарту – уақытша тірлік, әмбе экология лық зардабы қиын
іс. Ал «теңіз» аталып жүрген мол суларды жер астына үңіліп көр-
ген кім бар, демек, дүдәмал шаруа... Жар ма тарту қымбатқа түссе
де, үлкен де қазыналы аймақтың тағдырын біржола шешеді! Және
талай ғасырға...
Кеңес Одағының күллі өнеркәсібі мен иен қаржысын уысында
ұстап отырған қайраткер танымал ғалымға бірнеше түйткілді са-
уал қойып, ойында күдік туғызған жайттарға тиянақты жауап ес-
тіп, әбден иланған соң басын шай қады да, көмекшісін шақырып,
ұзын үстел дің шетінде қаттаулы тұрған қомақты бумаларды нұс-
қап:
– Мыналардың бәрі де – сіздің пікіріңізге қарама-қарсы
тұжырымдар. Ең шатағы,
аса жауапты, өзіндік ойы бар, атақ-
беделі зор ғылым иеле рі жазған... Сөйтсе де, Қаныш Имантаевич,
мені өз ойыңызға бекем сендірдіңіз! – дейді.
Осы әңгімені ерінен естіген Таисия Алексеевна естелігін-
де:
«Заберите все эти бумаги и подготовьте решение, канал
Иртыш – Караганда будем строить!» – депті үкімет төрағасы-
ның орынбасары көмекшісіне...»
Алып құрылыстың жобасын әзірлеп, түр
лі талқылау мен
тиісті мекемелерде бекіту бір
шама уақытқа созылды. КСРО
591
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Министр лер Кеңесінің тарихи қаулысы 1961 жы лы қа былданса
да, жарма арнасына эксковаторлар шөмішінің тісі бірден қадала
қойған жоқ...
«Ертістен бастау алмақ жарманың схемасы тағы да дау-
шарға душар болды: біреу лер оны кенеуі үлкен тұрбалар арқылы,
екін шілер тұрбаға қоса ашық арна тарту қажет десіп, кеңірдек
жыртып бақты. Ақы рында Сәтбаевтың зор беделі, ғалымның
басқалардан гөрі келешекке кемел көз бен қарағаны жеңіп, жобаға
сол кісі ұсын ған схема негіз болды... –
деп куәлік етіпті осы жарма-
ны салушы «Ертісгэс құрылыс» ұжымында еңбек жолын бастап,
кейіннен, екінші кезегі басталған кезде бас құрылысшысы болған
Л.К. Полежаев «Өзі ме жол» деп атаған ғұмырнама кітабында
. –
Шынында да дүние жүзінде ұзындығы жөнінен екінші жарма
әрі ерекше алып құрылыс бол ғандықтан оны салуға күллі Одақ
атсалыс
ты. Қазақстанның күш-қуатын ерекше арттыруға
арналған жасанды өзен еді ол!..»
Қысы-жазы тоқтаусыз жүрген құрылыс тың алғашқы кезегі
алты жылға созылды: 1967 жылдың 5 желтоқсаны күні Ертіс
жағасындағы бірінші станса жарма арнасына су қотаруды бас-
тады; алты тәуліктен соң Алтайдан бас алып,
Терістік мұхитқа
мыңдаған жылдар бойы емін-еркін жөңкіліп жатқан шалқар
дарияның мол суы өрге кө тер і ліп, ең әуелі Екібастұзға келді;
араға айлар мен жылдар салып, Қарағанды мен Теміртаудың арғы-
бергі бөктеріндегі елді мекендер мен өндіріс ошақтарына жетті.
Жеті жылдан кейін құрылыстың екінші кезегі басталып, Ертіс
суын Қарағанды облысының Жаң аар қа, Шет аудандары, өндірісі
зорайған Жәй рем мен Қаражал кеніштері алатын болды. Өзекті
өртеген өкі ніш: құрылыстың зор тұр балар арқылы Жезқазғанға су
жеткізетін тармағының аяқталмай қалғандығы!..
Ертіс суының Сарыарқаның кіндік жонына көтерілгеніне
де талай жыл болды. Дархан
өмір алдымыздан неше алуан
өзгерістер туғызуда. Солардың бірі – тәуелсіз Қазақстанның
Алатау баурайындағы астанасын өзгертіп, қазақ жерінің кіндік
тұсындағы Ақмолаға қоныс ауда
руы. Жаңа астанада ХХІ ға-
сырдың басында сегіз жүз мыңдай халық тұрады, он жылдан соң
оны ме кендеушінің саны бір миллионнан асуы ықтимал. Демек,
қоры шектеулі әрі лайсаң Есіл дің Астана тұрғындары мен сан-
салалы өн ді рісінің су қажетін толық өтей алмайтыны айқын.
«Ертіс – Қарағанды жармасының Ақ мо ла тармағын тар-
тудың жөн-жобасы маған Ші
дерті су қоймасы төңірегінен
592
Медеу СӘРСЕКЕ
(сегізінші су сор ғыш стансадан сәл жоғары) су алудан бас талып,
жаңа жарма Павлодар – Ақмола темір жолын жанамалай оты-
рып, Ақмола іргесін де Есіл арнасына құюға тиіс деген жорамал
жоба ұсынамын. Оның ұзындығы 270 шақырымдай, суды не бәрі
120 метр өрге көтеру керек. Ал одан әрі мол суды Есілден алып,
Торғай өзенінің жоғарғы тұсымен Құсмұрынға жеткізуге бо лар
еді...» – депті Шапық Шөкіұлы «Өмірдің төрт мезгілі» кітабының
267-бетінде.
* * *
Сөз соңында тағы бір тың ақпарды сүйсіне келтіреміз:
ХХІ ғасырдың бірінші жылында Ертіс – Қарағанды жармасының
орта тұсынан тартылған мол су кенеуі зор құбыр арқылы Астана
қаласына жетті! Демек, академик Ш. Шөкин естелігінде болжа-
ған ділгер іс өзгерген түрде жедеғабыл жүзеге асты.
Өзі көре алмай кетсе де, Қаныш Имантайұлының Арқа жонына
Ертістің мол суын жеткізіп, шөліркеген елі мен жеріне жаңа кел-
бет беріп, жан бітіріп, жаңа тірлік бастау турасындағы көкейкесті
арманы түгелдей дерлік жүзеге асты дейміз. Сол үшін дә тәнті
бол ған қазақ елі Ұлы перзентінің туғанына жүз
жылдық мерекесі
жылы (1999 ж.) Алып та арналы жарманың бойында, Павлодар –
Астана асфальт жолы қолдан жасалған су арнасын кесіп өтер тұста
1999 жылдан беріде Қ.И. Сәтбаевтың кеуде мүсіні орнатылды.
Содан-ақ тәуелсіз Қазақ Елінің кемеңгер де қайраткер перзентіне
деген құрметі мен сүйінісін аңғару қиын емес... Ертіс – Қарағанды
жармасы соны өмірге келтірген ұлы ғалымның есімімен аталды.
Достарыңызбен бөлісу: