Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет222/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Қаныш Имантайұлының көп жыл жүй 
ке 
 
сін тоздырып, 
геологиялық ғылым әле мін де әрдайым қарсы шығып қатты салғы-
лас қан әріптестерінің бірі – академик В. И. Смир нов еді. Екеуінің 
әу баста не үшін ке ліспегенін нақты білмеймін, алайда ғы лы ми 
мәжіліс терде, баспасөз жүзінде де олар бір-бірін аямайтын... – 
депті Қазақ стан дағы еңбегі мен қызметі «Болжаулы бар лау» тара-
уында баяндалған ғалым-геолог, Лениндік сыйлықтың иегері, про-
фессор Г. Б. Жилинский осы ғұмырнама иесіне Магадан қаласынан 
1981 жылдың 12 қыркү 
йегінде жолдаған хатында. – Смирнов 
академик Сәтбаев қайтыс болған соң да оған деген қаскөйлігін 
тоқтатпады. Ең ғажабы жә не сойқандысы, соңғы кезде жаз ған 
еңбектерінде ол Қа ныш Сәтбаев есімді ғалым дү ниеде болғанын 
мүлдем «ұмытып», өзі онымен өмір бойы айтысқа түс пегенін де 
жадынан сызып тастап, өз ең бектерінде қарсыласы ретінде де 


579
ШЫҒАРМАЛАРЫ
атауды қойды. Мысалы, оның КСРО-ның елу жылдық мерекесіне 
орай жазған металлогения ілімі 
нің табыстары туралы кө-
лемді мақаласында Қ.И. Сәтбаевтың есімін атауды қасақана 
«ұмытып» кеткен. Ал бұл ілім ге Сәтбаевтың еңбегі – негіз арқау 
екендігі даусыз шындық. Ең қиыны, қазақ ғалымының өзі сомдаған 
ұжымнан да нақ сондай «ақкөт торғайлар» шығып, оның рухын 
бір күндік тір лік пен мадаққа сатып, Смирновтың металлогения 
негізін тұнба тек ке бұрған «теориясын» жақтаушылар көбейді. 
Солардың бірі – бізбен бірге болжам карта үшін Лениндік сыйлық 
алған академик әріп тесіміз Г. Щерба. Өмірдің осындай оңғақ та 
өткінші құбылыстарына өкініш білдіргеннен өзге не дейміз?!.»
Шынын айтқанда, дау-дамайсыз ешбір ғы лым алға өрістемейді. 
Бұл да өмірдің айнымас қағидасы. Біз сөз етіп отырған ғылыми 
айтысқа да төрелікті Уақыт сол кезде-ақ: «Кімнің болжауы кен 
көмбесін табуға жеткізсе – соның болжамы дұрыс!» – деген-ді. 
Алайда көзге түртіп тұрған шындықты мойындағысы келмегендер 
өнбес дауды бертінде де қайыра жалғастырып, есе қайтаруды жөн 
көрген. В.И. Смирнов және оның Қазақстандағы жақтастарының 
далбаса үміті сол әрекеттен туған. 
Ғажапты қараңыз: қазақ ғалымының ту ға ны на жүз жыл то-
луына байланысты РАН-ның төралқасы Мәскеуде, 1999 жы-
лы өткіз 
ген салтанатты жиында баяндама жасаған академик, 
ғалым-геолог Н.А. Ши ло: «Болжам карталарын жасап, соның 
басты қағидалары мен әдістерін айқындау і 
сін 
де академик 
Қ.И. Сәтбаев ғылымға енгізген металлогениялық талдау гео-
логия ілімін кезінде елу жыл алға оздырды. Сол деңгей бүгінде де 
өзгерген жоқ, әлі де елу жыл алда тұр...» – депті. Де мек, Қаныш 
Имантайұлының кезінде, кейін де қаншама дау туғызған ұлы ісі 
өміршеңдігімен жеңген. 
* * *
1960 жылдардың басы – біртуар ғалымның айтулы еңбегін 
жұрт танып, бақ-жұлдызының биікке көтерілген ша ғы: КСРО 
және Қазақ КСР Жоғарғы Ке ңес те рінің неше мәрте (Одақ Кеңесі 
төрағасының орынбасары мін детін талай жыл ат қар ған) депутаты, 
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі; КСРО ҒА-
ның және Лениндік сыйлықтар комитетінің төр алқа мүшесі (1961-
1964), КСРО Жоғары жә не арнаулы орта білім министрлігінің 


580
Медеу СӘРСЕКЕ
Өкі летті аттестациялау комиссиясының (ВАК) алқа мүшесі (1946-
1964); бұдан да өзге қаншама әлеуметтік қызметтер, әрқилы 
ғылыми-өндірістік кеңестер мен комиссиялардың құрамындағы 
ұлан-асыр міндеттері...
Мұның бәрі де ғалымды титтей де дандайсытқан жоқ: қандай да 
көл-көсір атақ-даңқ тың оңғақ, өткінші нәрседей өте шығатынын 
тым жақсы біледі; ал шабытты еңбек – күн сайынғы тыным-
сыз жұ мыс, ғылым жолындағы жан-жақты ізденіс, со ның бас 
ғимаратына «орны табылып қалан ған» әрбір кірпіш ешқашан да 
тозбақ емес, егер соны берік негізге қойсаң – өзің кеткен соң да 
мәңгі қалпында тұра бермек... 
Сондықтан да Қазақстан геологтары мектебінің жетекшісі ме-
талдар тегі жайындағы өз теориясын нақты ізденіске негіз деп 
зерттеулер бастаған. Солардың ең бастылары – Кенді Алтай мен 
Оңтүстік Қа зақ стан региондары үшін металлогениялық болжам 
карталарын жасау. Бұл үшін ең алдымен зерттелмек аймақты 
жан-жақты шолып, осы күнге дейін мәлім болған кен ошақтарын 
өз көзімен көру қажет. Ғалымның Қаратау бойы мен Қыр ғыз жо-
тасын аралап, ванадий, мыс кендерін, фосфорит табылған жаңа 
көздерді шолуы (1955 ж.), Ертіс бойын, Алтайдың қойнауларын 
шарлауы (1956-1957 жж.) осы мақсаттан туған. Тағы бір жылы 
ол Орталық Қазақстанға шығып, Атасу бойындағы, баяғы Өспен, 
одан Қарағайлы, Алайғыр, Саяқ, Ақбастауға келеді. 
Қарап тұрсаңыз, жасаң жігіт күнінен игеріп, құпиялы 
жыңғылына бойлау геолог ғалымға жасы алпыстан асқанда да 
тыныштық бермеген. Өзіне ғана емес, қасына ерген жанкүйер 
серіктеріне де жұққан әдет осы – ғылымды алға сүйреу, соның 
көмегімен кен көмбелерін ашу... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет