Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет239/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

тай 
әріп тесімнен, досымнан, жақынымнан айырылған азалы шақта, 
сіздерге, бауырмал қазақ халқы, қатты қайғырып көңіл айта-
мын», – деп жеделхат жолдаған. 
Мұн дай азалы жеделхаттар жүздеген...
Бұдан үш жыл бұрын ұлы замандасын жерлеуге арналған 
қаралы жиында Қаныш Имантайұлы жан дүниесі сөгіліп тұрып: 
– Мұхтар Әуезовтің есімі бұдан былай тарихтың еншісіне 
көшеді. Оны енді қазақ халқының ұлы перзенттері Абай Құ-


622
Медеу СӘРСЕКЕ
нанбаев, Шоқан Уәлиханов есімдерімен бірге атайтын бола-
мыз... Талай жылдар өтер, келешек ұрпақтың аузында ардақты 
Мұхаңның жар қын бейнесі әңгіме, жыр, ән болып, таңғажайып 
аңызға айналып, уақыт ұзаған са йын қайта-қайта жаңғырып ай-
тыла бермек. Ал сенің асыл нұсқа, өлмес мәңгі шығармаларың 
болса, қадірлі Мұха, өзіңнің дара бейнеңдей, халық жадында, 
ұрпақтар алдында таңда туар Шолпан жұлдызындай әрқашан жол 
нұсқап, жарқырап тұрмақ!.. – деген-ді.
Нақ сондай ұлағат сөзді мәңгі ұйқыда жатқан асыл Қанекең-
нің өзіне де айтар мез 
гіл туды. Қазақтың ұлт мәдениетінің 
қос бәйтерегі өмір жолын бастар шақта ел көгіне бір мезгіл де 
шығып, ғұмыр бойы иық тіресе жү ріп еңбек еткен еді, міне, енді 
тағдырдың жа зуын қараңыз, жер бесікке де қабірлері қатарлас 
түсті...
* * *
Азалы күндер артта қалды. Барлық қай 
ғылы, қаралы 
қазалар сияқты, аза көңіл шуақты күндерге ауды. Қайғы – 
мұңға, мұң – сыр ға айналды. Соның бәрін ешқашан да өш пейтін, 
өлмейтін мәңгі өмір жеңді. Адамзат қауымының даму, өсу заңы 
осы! Уақыт озып, тір шілік күйі жаңа сарын, жаңа буындарды 
өмір жолына шығарған шақта, көп жылдар өткен соң, ғалымның 
қалдырып кеткен мұрасын сыни көз 
бен қарап, салмақтап ек-
шейтін, мән-маңызын, қадір-қасиетін анықтайтын мезгіл ту ды...
Академик Сәтбаев дүниеден қайтқан жы лы-ақ геолог әріптесі, 
ғылым докторы, профессор В.С. Коптев-Дворников: «Ол ар-
ты 
на үш түрлі ұлы игілік қалдырып кет 
ті: Жез 
қазған – бір, 
Қазақстанның Ғы лым ака демия сы – екі, Геологиялық ғы лым дар 
инс титуты – үш... Мұның үшеуінде де ғалым, коммунист, геолог, 
қазақ халқының ұлы пер зенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ірге-
сін қалаған игі істерді әр қарай дамытуға құл шынған мыңдаған 
адамдар еңбек ете ді...» – деп жазған-ды.
Қазыналы Жезқазған – ХХІ ғасыр иінінде де үлкен де іргелі 
өндіріс ошағы. Ұлытау баурайындағы алып кен-металлургия 
комбинаты ғалым өмірден озған жылы-ақ академик Сәтбаевтың 
есімімен аталған-ды. Алайда?.. 
Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1964 жыл ғы «Қ.И. Сәтбаев 
есімін мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысы бертінде өрескел 


623
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бұзылып, Жез 
қазған кен-металлургия комбинатынан не 
гізін 
қалаушының есімі 80-жылдары ешқандай қарар, жазба бұ-
йрықсыз Қазақстан КП ОК-нің жасырын мақұлдауымен түсіп 
қалғаны жұрт шылыққа мәлім. Демек, Қаныштай асылдың ең 
қомақты да басты мұрасы қастандыққа ұшыраған. Өкініш те осы: 
сол қиянат осы күнге дейін түзелген жоқ, ғалымның жүз жылдық 
тойы қарсаңында жезқазған кеншілерінің неше мәрте өтініші, 
осы кітап иесінің сол мезеттегі үкімет басшысынан (Қ.И. Сәтбаев 
мерейтойын өткізу жөніндегі комиссияның төрағасы) мәжіліс 
үстінде қадала сұрауымыз да нәтижесіз аяқталды...
Алайда Қанекең қолымен әскездікпен һәм бекем сомдалған 
келелі іс өшкен жоқ: Жезқазған қолатындағы ондаған үлкенді-
кішілі шахтылар, қа зан шұң қыр, кен байыту фабрикалары, алып 
мыс зауыты, соларға қызмет ететін сан тарам қосалқы өндірістер 
(рас, Оңтүстік Кореяның «Самсунг! Компаниясына жалға беріліп) 
бүгінде де бұрынғыдан да зорайған деңгейде өнім беруде; демек, 
Үлкен Жезқазғанның мыс қоры жө 
нінен дүние жүзіндегі үш 
алыптың бірі екен дігі ХХІ ғасырда да Қаныш болжаған қалпында 
қалып отыр... Әлбетте, Жезқазған қаласының, оның Сәт 
баев 
атанған кен шілер қалашығының көлемі де, көркі де ерекше өсіп, 
оның іргесін қалаушы жобалаған, бір кезде қиял сияқтанған тама-
ша келбетке енгені – өмір шындығы. Жаңа қалада мыс өнді рісінің 
ғұмыр тарихын мұрағатпен баяндайтын мұражай жұмыс істейді, 
оның бір залы геолог Сәтбаевтың Ұлытау қазынасын ашудағы 
ұлан-ғайыр еңбегін әйгі леуге арналған (Қа ныш Имантайұлы отба-
сымен 12 жыл тұрған Қарсақбайдағы ескі үйде ғалымның мемор-
иалды-тарихи мұражайы орналас 
қан). Мұражайды көріп, 
бұрынғы кен басқармасы ғимаратының алдындағы кең алаң ға 
шықсаңыз, ғалым атындағы ат шаптырым кең даңғылға, соны 
қуалай салын ған жаңа қаланың айшықты үйлеріне толғана көз 
тастап, көңіл құсы одан да әрі асып, өндіріс ошақтарын өрлеп 
барып, күллі Ұлытау атырабына мейірлене қарап тұрған Қаныш 
Сәт 
ба 
ев 
тың тастан қиылған алып тұлғасын (мү 
сін 
деушілер – 
Ж. Қалиев пен Т. Сағындықов) көресіз. Көресіз де сол тұлғаның ой-
арманы ширек ғасырда жүзеге асқанына тәнті боласыз. Бір кезде 
жал ғыз өзі тыным көрмей шыр-пыр болған ісі ондаған жыл бойы 
кешегі Кеңес Одағын көр кей тіп қана қоймай, өз Отаны – Тәуелсіз 
Қазақстанды байытуға да қо мақты үлес қо сып отырғанына шексіз 
сүй сінесіз. Бұл да өмір шындығы!..


624
Медеу СӘРСЕКЕ
Қазақ КСР ҒА-ның Геологиялық ғылымдар институ-
ты да Қ.И. Сәтбаевтың есімімен аталған. Шындығында Қаныш 
Имантай ұлы ның жарқын бейнесі, ғалымдық қолтаңбасы Еңбек 
Қызыл Ту орденді ғылым ошағының маңдайшасына орнатыл-
ған мемориалдық мәрмәр тақтада ғана емес, әрбір сектордың, 
зерттеуші геолог-ғалымдардың ғылыми еңбегінде, үлкенді-кі-
шілі істерінде, ашқан жаңалықтары мен кен орындарында, рас, 
біршама ықшамдалған деңгейде дәурен сүріп келе жатқаны – дау-
сыз шындық. Себебі бұл ғимараттың шаңырағының астында ака-
демик Сәтбаев іргесін қалап, қолымен сомдаған, үлгі-ұлағатын 
таратқан Қазақстан геологтарының металлогения мек тебі жұ мыс 
істейді.
Сәтбаев институтының алдындағы қазірде Ш. Уәлиханов 
атындағы тік кө 
ше 
ні бойлап, жоғары өрлейсіз. Сәлден соң 
«құйрықты жұлдызға ұқсап ағып өткен» жас Шоқанның бойшаң 
мүсініне кез боласыз. Оның алдында – Қазақстан Ұлттық ҒА-ның 
зәулім ғимараты. Гранит баспалдақпен екінші қабатқа көтеріле-
сіз. Сол сәтте өзіңізге маңғаз келбетпен барлай қарап, «Осы 
ордаға қандай келелі ғылыми іспен кел дің, не әкелдің, берерің 
не?..» дегендей емеу рінмен бойың мен ойыңды шамалап, қас-
қайып отырған, маңдайы жарық Қаныш Имантайұлын көресіз 
(мүсінші Е.В. Вучетич).
Қандай да ұлының ой-ауқымы, ғұлама тұл ғасы, жасап кеткен 
ісінің мәні өзі бар кезде, иә, сол игілік ірге тепкенде білінбей, көп 
жылдан соң, бірнеше ұрпақ ауысқан уақытта айқындалып, өз 
бағасын алуы – өмір қағидасы.
Жоғарыдағы үш игіліктің ғұмыр жолы солай болды, берік те 
мәңгі қаланғандығын дархан өмір көрсетті...
Қаныш ұлының қаһармандық ерлікке пара-пар төртінші заңғар 
ісі – Ұлы Отан соғы сының ең ауыр кезеңінде Жезді кенішін жедел 
ашқызып, Оралдың металлургия өн ді ріс теріне аса ділгер шикізат 
тауып беруіне қоса, Жезқазғанның аса құнарлы мыс кенін Бал-
қаш зауытына тәулік сайын эшолондап жөнелтуге мұрындық 
бол ғандығы. Нәтижесінде әскери мақсатқа қажет құрыштық 
марганецтің үштен екі бөлігі, мыстың үштен бірі Ұлытау 
атырабындағы кен қоймаларынан өндірілген. Қазақ ғалымының 
осы еңбегі сол кезде де, қазірде де лайықты бағасын алған жоқ. 
Ұлы Отан соғысының төрт томдық тарихында бұл деректер бады-
райта жазылғанмен, соны жасаушының есімі түсініксіз себеппен 
аталмай қалған... 


625
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қарағанды атырабында бүгінде де жұмыс істеп тұрған үл-
кенді-кішілі барлық өндіріс ошақтары және Жәйремге дейінгі 
ірі кеніштер, демек, осы өлкедегі күллі жылу-қуат стансала-
ры, қалалар мен елді мекендер (бұ 
лар 
дың ішінде Қарағанды, 
Екібастұз, Темір тау және Астана сияқты үлкен шәрлер де бар) 
пайдаланып отырған мол су Ертістен жарма арқылы алынады. 
Осы игілікті өмірге келтіру үшін Қаныш Имантайұлы өзінің отыз 
жылдай ғұмырын сарп етіп, Сарыарқа қиы рында мәңгі өлмес және 
дүниеде теңдесі жоқ алып құрылыстың дүниеге келуіне дәнекер 
болған. 
Ғұламаның бесінші ерлігі бұл. 
Маңғыстау түбегі мен күллі Атыраудың бүгінде дүние жүзін 
таңғалдырып әрі қы зықтырып жүрген қисапсыз мол мұна йын, 
газ қоймасын ашудағы академик Сәтбаевтың көрегендік жорама-
лы, сол оқиғаны тездетудегі қам-қарекеті де бір адам үшін, сірә, 
тарихта қалуға жетерлік ұлағат. Оны біз ғалымның халқына 
қалдырған алтыншы мұрасы дейміз!..
ХХІ ғасырда өмір сүретін ұрпақ үшін, бәлкім, одан да алыс 
уақыттың – үш мыңыншы жылдардың білімдар қауымына ұлы 
Қаныш қалдырған ең өзекті һәм жетінші ісі жоғарыда аталған 
ғылыми еңбегінен тарайды, ол болса – ГҒИ-дың қорында 
сақтаулы «Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам 
картасы». Қандай да ілім және оны өрістетушілер ешқашан да 
бір орында тоқтап қалмайды, бұл – табиғи заңдылық. Қаныш 
Имантайұлы өмірінің соңғы кезеңін де әлем дік геология білгір-
лерінің алдыңғы легіне қосылып, күллі адамзат қау ым ының 
зиялы өкілдері ХХ ғасырдың орта шенінен беріде (бәлкім, одан 
да әрі замандарда) қы зыға зерт теп, қайткен күнде білуге тырыс-
қан күр 
делі мәселе – ЖЕР ПЛАНЕТАСЫНДА ПАЙДАЛЫ 
КЕН ҚАЗБАЛАРЫНЫҢ ЖАРАЛУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСУ ЗАҢДЫ-
ЛЫҚТАРЫН АНЫҚТАУ ІСІНЕ белсене кіріс кенін біз ілгеріде 
біршама сөз еткеміз.
Жаратылысты танып-білу – тегінде шегі жоқ іс. Геологиялық 
ізденістерге де, шекара қойып, оның шалқар кенділігіне шәк 
келтіруге болмайды. Қазақ ғалымы нақтылы барлаумен ғұмыр-
бақи шұғылғандықтан шы ғар, өзіне шектеулі мақсат қойып, Жер 
ға ламшарының даму тарихын 1,5 – 2 миллиард жыл көлемінде, 
яғни өте көне және аз зерттелген кембрий дәуіріне дейінгі 
аралықтың құпиясын ашуға ниеттенген. Өйтетін себебі: Орталық 
40-0196


626
Медеу СӘРСЕКЕ
Қазақстан бойынша (күллі Са рыарқа атырабының кіндік жоны 
деп тү сіну шарт) академик Сәтбаев мектебі оны 0,6 мил лиард жыл 
шамасында, яки ерте палезой дәуірінде түзілген кен орындарының 
заң дылықтарын болжау арқылы сәтті шеш ті; сол үлгіні енді одан 
да әрірек жатқан дәуір лерге қолданып көрсе ше?!.
1997 жылы Алматыда, «Ғылым» баспа сы нан жарық көрген, 
«Академик Қ.И. Сәт баев және әлемдік геология ғылымы» аталған 
таңдаулы ғылыми еңбектер жинағында баяндалған ұйғарымға 
үңіле қарағанда аң ғарғанымыз – Қаныш Имантайұлы күрделі 
мәселенің күрмеуін шешуге жақын болған, Ресей және Еуропа 
ғалымдарының бұл жа йындағы ізденістерімен салыстырғанда, ол 
көш ілгері алға шығып, ал кейбір тұжырымдар бойынша әлемдік 
алып тұлға В.И. Вернадскийдің жаратылыстың тегі хақындағы 
таңғажайып болжамдарымен жанасар тың ойлар білдірген. Мұны 
біз маңдайымызға біткен біртуар асылымыздың кемеңгерлікпен 
толғап, тек аяқтай алмай кеткен се гізінші биігі дейміз. 
* * *
Ғалым дүниеден өткен соң-ақ оның есімін мәңгі есте қалдыру 
мақсатында бірталай игі шаралар жүзеге асты.
Туған өлкесі Баянаулада қоғамдық негізде (қазірде мнем-
лекет қарамағында) мұражай ашылып, өзінің атажұртындағы 
«Шадыра» кеңшары, Семей облысының бір шаруашылығы 
ғалым есімімен аталды; Балқаш көлінің айдынында «Академик 
Сәт баев» кемесі жүзе бастады. Қаратаудың ванадий кендерінен 
ашылған жаңа минерал «Сатпаевит» делініп, Жоңғар Алатауында 
жаңадан игерілген мәңгі мұздақ пен асқар шыңға да ғалым есімі 
берілді. Алматы мен Кентаудың, Қарсақбай мен Арқалықтың, 
Ленгір мен Құмкенттің, Түркістан мен Арыстың, Баянауылдың 
және өзге да көптеген елді мекендердің, қалалардың 16 орта мек-
тебіне ғалым есімі қосылып, Қазақстанның оншақты қаласы – 
Алматы, Қарағанды, Семей, Балқаш, Атырау, Тараз, Қызылорда, 
Көкшетау, Павлодар және Жезқазғанның даңғыл кө 
ше 
лері 
қадірменді перзентінің атын иемденген-ді. 1967 жылы Мәскеудің 
Төңкеріс мұражайының екінші қабатында қазақ ғалымы, акаде-
мик Қ.И. Сәтбаевқа арналған жаңа стенд қойылды: жоғарыда – 
ғалымның келісті үлкен су реті; оның астында – төрт Ленин ордені 
жә не ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені; тө меніректе – Лениндік 


627
ШЫҒАРМАЛАРЫ
және Мемлекеттік сыйлықтардың дипломдары; олардың қа-
тарында – депутаттық және Кремльге кіре тін тұрақты куәліктері; 
өмірбаяндық әр түр лі құжаттары, ең төменде – ол ашқан кендердің 
минерал үлгілері; академиктің ең бас 
ты ғы 
лыми еңбектері... 
(Сүйсінерлік жайт: 2003 жыл дың жазында Мәскеуге жол түс-
кенде мен «Ресейдің ең жаңа тарихы» атанған сол мұражайға 
әдейі барып, Қаныш аға мызға арналған қабырғаны бұрынғы ор-
нынан тауып, қатты сүйсіндім. Демек, Ресейдің зиялы қа у ымы, 
РАН академигі Қ.И. Сәтбаевтың ғы лыми мұрасын, ардақты есімін 
ұлықтаудан ХХІ ғасырда да жаңылмаған). Ғалымның туғаны-
на 90 жыл толған қарсаңда өзі іргесін бекемдеген ҰҒА-ның Бас 
ғимаратында мұражай ашылды...
Біртуар перзентіміз өмірден озған соң-ақ оның ғылыми 
мұрасын жариялап, ұлағатты ғұмыр жолын көпшілікке паш ету 
ісі өріс ал ған-ды. Алғашқы кезекте «Академик Қ.И. Сәтбаев» 
деп аталған естеліктер жинағы орыс тілінде жарияланса, 1967-
1970 жылдар аралығында ғылыми таңдаулы ең бек терінің бес 
томдығы жарыққа шықты. Бір топ әдебиетшілер – Қажым 
Жұмалиев, Ебіней Бөкетов, Алексей Брагин, Төкен Оразов және 
осы ғұмырнама иесі, әрқайсысы өзін ше ізденіс жасап, Қаныш 
ғұламаның асыл бейнесін әдеби сомдау әзірлігіне кіріс ті. Солар 
толғаған кітаптардың алды жарық көрді: А. Брагин нің «Сок-
ровище медного купола» атты хикаяты, Т. Оразовтың «Бала 
Қаныш» естелігі және менің «Туған жердің асылы» атты деректі 
әңгімелер жинағым оқырман қолына тиді. Қаламы қарымды, 
қазақша да, орысша да бірдей көсілте жазатын, Сәтбаев ілімін 
металлургия саласында сәтті өрістетіп, өзін 
дік дара мектеп 
түзген академик һәм жазушы Е.А. Бөкетовтің құлашын кеңге 
сілтеген шығармасының алғашқы бөлімі – «Жас Қаныш» туып, 
қолжазбасының орысша әдебиет білгірлерінің тезіне ұсынылды.
Ал менің он жылдан астам уақыт жұмсап қинала толғаған, 
«Жазушы» баспасының тапсырмасымен «Жайсаң жандар» 
сериясының беташар кітабы ретінде жарық көрмек «Қаныш 
Сәтбаев» аталған деректі туындым, ғылыми, әдеби қауым са-
рапшылары тарапынан толық мақұлданғанына қарамастан 
1975 жылдың күзінде Қазақстан Кп ОК-нің кенеттен тыйым 
салуымен терімде тоқтатылды. Соның алдында, бір жыл бұрын 
Шәмшиябану Қанышқызы құрас 
тыр 
ған естеліктер жинағы 
«Қаныш аға», «Қа зақфильм» киностудиясы әзірлеген екі бө лімді 


628
Медеу СӘРСЕКЕ
деректі фильм «Академик Сәтбаев» та нақ осындай түсініксіз 
«тәркіге» ұшырады. Дәлелге айтылған уәж – «Қ.И. Сәтбаевтың 
еңбегін шексіз ұлықтап, дара тұлға жасауға болмайды. Тегінде, 
бұл – ұлтшылдыққа соқтыратын қауіпті талап, әмбе кеңестік 
идеологияға сиыспайтын кереғар іс...»
«Академик Қ.И. Сәтбаевтың қоғамдық ғылымдардағы мұрасы» деп 
атаған ғылыми кітабында тарихшы Ғ.О. Батырбеков (Шәм 
шиябану Қа-
нышқызының ғалым перзенті) осынау келеңсіз қиянат жайында: «12 жыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет