Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет241/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   244
аса берер. Қаныш Иман тайұлының ардақты есімі болса, талай 
ұрпақтың жадында сақталар да жатталар. Қазақ халқының 
ұлы перзентіне деген махаббаты еш уақытта суымайды!..»  – 
* Бұл турасында мен, «Құлыпталған ғұмырнама» (1994,2006) және орыс тілінде 
жарияланған «Через тернии» (2003) атты естелік-эссе кітаптарымда нақты деректер 
келтіргенмін.


630
Медеу СӘРСЕКЕ
десе, 1999 жылдың сәуірінде ЮНЕСКО-ның Бас директорының 
орынбасары, ғылым докторы Патрисио Берналь ұлы перзентіміздің 
Алматыда өткен жүз жылдық сал 
танатында: «Қазақстанның 
ғылымы мен мәдениетіне ол зор үлес қосты. Сонымен-ақ біртуар 
ғалым әлемдік ғылымды құнды жаңалықтармен құнарландырды. 
Сол себептен біз де қа зақ халқының кемеңгер ғалымы Қ. И. Сәт-
баев тың есімі мен артында қалған мұрасына ерекше құрметпен 
мән беріп отырмыз...» – деген-ді. 
Жоғарыда біз саралап та, даралап та кел тірген, екі құрлық қана 
емес, екі заман, екі қоғамның саңлақ ғалымдарының жүрекжарлы 
топшылауы жария болу аралығында, байқасаңыз, аттай отыз 
жыл жатыр. Демек, Қаныштай шын асылдың тозбас ұлағаты-
на, ғылыми мұрасы мен қайраткерлік өнегесіне, азаматтық зор 
тұлғасына, қаншама тосқауыл, қастандық әрекеттер жасалса да, 
Уақыт табы түспей, қаз қалпында сақтал ған. Соған айғақ тек қана 
соңғы он бес жылда туған елінде жүзеге асқан алуан игіліктер...
Солардың ең бастысы – ҚР үкіметінің өті 
ніші бойынша, 
дүние жүзі халықтарының руханият ұйымы ЮНЕСКО 1997 жыл-
дың қараша айында Парижде өткен Бас конференциясының 
29-құрылтайында қазақ ға 
лымы, академик Қ.И. Сәтбаевтың 
туғанына 100 жыл толу мерекесін тойлау жөнінде ар найы қарар 
(№ 234-10) қабылдады. Соған орай ҚР-ның Премьер-Министрі 
Н.Ө. Бал ғымбаев бас таған мерекелік топ құрылып, ұлтымыздың 
мерейін биікке көтеріп, ғылыми таным-өре 
сін дүние жүзіне 
әйгілейтін шаралар өткі зудің қамына кіріскен-ді... Сонымен-ақ
шын туайтын айтқанда, ғалымның орыс до сы, оның биік рухы-
на адалдықтан айнымаған замандасы, мемлекет қайраткері 
А.П. Славский марқұм көрегендікпен меңзеген Уақыт – «Сәтбаев 
заманы» туған-ды. Әлбетте, оны қайыра туғызған – «Біз, қазақ 
ежелден ер кін дік аңсаған!..» деген әнұранмен әр таңды атыратын, 
яки қазақ елінің көп жылдар зарыға күткен тәуелсіздік заманы. 
Олай болса, өз уақыты қаншама марапаттаса да жері не жеткізе 
танымаған ұлымызды, қайыра ашып, қайтадан зерттеп, төбемізге 
көтеретін кеңбағал заманға жеттік.
* * *
Ғалымның жүз жылдық тойы Жер планетасының екі 
құрлығында зор марапатпен өтті. Алматыда басталған мерекенің 
салтанатты шеруі Бішкекте, Ташкент, Бақы, Ашғабад пен 


631
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Душанбеде, Ресейдің Том, Новосібір, Омбы, Саратов, Астрахань, 
ең соңында Мәскеудің бас ғылым ордасында жалғасты. Әрине, 
қазақ ғалымының ғылыми мұрасына деген тамаша құр меттің 
төресі ЮНЕСКО-ның Бас штабы орналасқан Парижде көрсетілді: 
бір ғажабы, халықаралық руханият ұйымы оны тәуелсіз 
Қазақстан Республикасының бүгінгі ғылыми деңгейін, сол сала-
да қолы жеткен жетіс тігі мен табиғат байлығын, жан-жануарлар 
дүниесін, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын, мәдени мұрасын 
жан-жақты әрі даралай көрсетуге бағдарлама жасапты; соған орай 
ҰҒА-ның ғалымдар делегациясы да ғылымның әр саласы бойын-
ша таңдалған; әрине, соның бәрінде де Ғылым академиясының 
негізін қалаушы академик Сәт 
баевтың көшбасшылық рөлі 
баса көрсе тіліп, ұлан-ғайыр еңбегі дараланған; тоғыз тәулікке 
созылған салтанаттың тұтас бір күні «Академик Сәтбаев және 
Қазақстан ғылымы» деп аталған көр мені ашып, сол тақырыпта 
жүр ген ғылыми конференциямен аяқталған-ды; осы жолдардың 
иесі Париждегі салтанаттың бәріне де қатынасып, соңғы жиында 
мінберге де көтеріліп, өзі ғұмыр бойы ұлықтаған біртуар тұлғаның 
өлмес еңбектері жайында сөз ұстауына тура келген бақытты сәтті 
басынан кешті...
Әлбетте, Қаныш Имантайұлының жүз жылдық мерекесі туған 
елінде жыл бойы аталып, тіпті кейбір игі шаралар бертінде де 
зор салтанатпен атқарылғаны мәләм. Ұлы ға лым ды ұлықтауға 
тәуелсіз Қазақстанның барлық облыстарындағы мемлекеттік уни-
верситеттер қатысып, көп теген елді мекендерде үл кен ді-кішілі 
жи ындар өтті. Сүйсі нер лік гәп: дағдылы рәсім бойынша, жүздеп 
ки із үйлер тігіп, ат жарыстырып, аста-төк ас бер іліп, соны түрлі 
ішім діктермен қыздырып, сөзжарыс жасау болған жоқ; бұл да, 
әсілі, сүйікті перзен ті міз дің мейлінше қарапайым, жөнсіз дыр-
дуды сүймейтін болмыс-қалыбымен дөп келгенін ескертуге тиіс-
піз; оның есесіне ұлы ғалымның асыл бейне сін ұлықтап, басты 
еңбектерін даралап та, нақ тылап та көрсететін алуан игі шара-
лар жүзеге асты. Түстеп айтсақ, бұрын құпия ұс талып, ашыл-
май жатқан басты ғылыми еңбектері 8 том болып жарық көрді; 
Алматы, Павлодар, Жезқазған мен Қарағандыда ғалымның тас-
тан шабылған еңселі ескерткіштері бой кө тер ді, Қазақстанның 
тағы бірнеше қалалары мен аудандарында Атырау, Екібастұз. 
Көкшетау, Қы 
зыл 
орда және Баянауылда арнайы алаң жаса-
лып биік тұғырға бейнесі қойылды; мереке жылы ғалым туралы 


632
Медеу СӘРСЕКЕ
отызға тарта үлкенді-кішілі естелік, иә оның алып тұлғасын 
айшықтауға арналған деректі жазбалар жарық көрді (бұ лардың 
денін белгілі қоғам қайраткері Кә 
кімбек Салықов басқарған 
Қ.И. Сәтбаев атын дағы халықаралық қор шығарып, ұлы пер-
зентімізді ұлықтау жолында қомақты істер атқарғанын ескерту 
парыз). Бірқанша игі жұмыс ғалымның туған елінде атқарылды, 
соның бірі – Теңдікте, баяғы Ақкелін болыстық мектебінің ор-
нында осы заманғы талапқа сай, биік те жарық, оншақты кең 
бөл месі бар, спорт залы да айтулы жаңа ғимараттың ірге көтеруі. 
Қазірде ол «Сәтбаев мек 
тебі» аталады. Қаныш Имантайұлы 
1938 жылдан өмірінің соңғы жылына дейін мемлекеттік емти-
хан комиссиясының (әрине, геология факультетінде) төрағасы 
болған, жоғарғы техникалық оқу орнын білікті оқытушылармен 
қамтамасыз етуге атсалыс қан, олардың көрнектілерін ғылым 
ордасына тартып, ғылым өрісін кеңейтуге пайда лан ған, қыс-
қасы, сол ұяның осы заманғы білімдар орталыққа айналуына 
мұрындық болған Ұлттық техникалық университет те бүгінде 
Қ.И. Сәтбаевтың есіміне ие болды. Қ. Сәтбаев атындағы екінші 
жоғарғы оқу орны – Екібастұздағы техникалық институт.
Қаныш ұлының тағдыры – ел тағдыры. Сәт баев ғұмыры – 
қазақ зиялыларының еншілес ғұмыры. Ендеше сол ғұмырды тү-
бегейлі біліп, ғибрат алу – үлкен-кішімізге мұрат болғай! Тарих 
әлдекімнің, қандайда зор билеушінің бұрмалауына көнбейді. 
Тарихи шын дық, тарихи тұлғаның өзі де кім, қаншама қиянат 
жасап өк темдік көрсетсе де – ерте ме, кеш пе, тасты жарып 
биіктеген шынардай бой түзейді. Тегінде бұл да – өмір сабағы.
* * *
1979 жылғы 31 шілде күні Қырым жұл дызханасының астро-
номы Н.С. Черных Күн ді айналатын үлкенді-кішілі ғаламшар-
лар жүйесінен жаңа астероид ашып, Халықаралық ғаламшар 
орталығына (Американың Смитсон институты) хабарлаған. Төрт-
бес жыл қосымша бақылаудан соң Қырым астрономының бұған 
дейін ғылымға белгісіз Кіші ғаламшар ашқандығы мәлім болды. 
Ға лым-физиктің өтініші бойынша оған «...Қа зақстанда астро-
номия ілімін өркендетуге зор еңбек сіңірген, тамаша Кеңес ғалы-
мы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың» есімі беріл-
ді (1984 ж.). Түпсіз жұлдыздар әлемінің ту қиырында, Күннен 


633
ШЫҒАРМАЛАРЫ
2,223 астрономиялық қашықта (332 миллион шақырым), шеңбері 
11 шақырым, түсі қарақоңыр, қатты жы ныс тан тұратын, Марс 
пен Юпитер аралығында шыр айналып жүрген (Жерден оны бір 
жыл бес айда бір-ақ мәрте бақылауға болады), әлемдік жұлдыздар 
картасында 2402 сан ға ие – «СӘТБАЕВ ҒАЛАМШАРЫ» ғарышты 
мәң гі шарлауда.
Семей,1959-1987, 1999-2015 жж.


634
Медеу СӘРСЕКЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет