81
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жерде қар бары есімде, таң әбден атқанша ұзақ жүрдік. Содан бір
уақытта Керегетас деген жерге, Қазиза әпкеміздің ұзатылған
жұрты – Шорман бидің ұрпағы Әужан ауылына жеттік. Сол
ауылда он шақты күндей болып, ақ әс ке рі өтіп кетті дескен
соң қыстауымызға қайттық. Би атам, менің әкем Бөкеш, Аға-
тай (Қаныш – М. С.) үйде екен. Бірталай қой-ешкіміз, қара мал
қолды болыпты. Болдырған аттарын тастап, біздің жылқыдан
таңдаулы сәй гүліктерді мініпті. Соның бә рін жирен шашты ақ
офицері жасатқан, солдаттары да біржосын тәртіпсіз адамдар
десті. Көрші ауылда жалғыз атын бергісі келмей шылбырына
оралған Ахметбек деген ақсақалды табанда атып тастапты.
Мәди Оспанұлы деген бір көршіміз өжет тік жасап, ақ әскері-
нің қаңтарулы тұр ған аттарын айдап әкетіп, айдалада жаяу
қалдырған ерлі гін жұрт сүйсіне айтушы еді...»
Ғалымтай Ғазизұлының естелігінде мынадай да
мәнді ақпар
бар:
«Ағатай тө сектен басын көтермей жатыпты, сосын оған
тиіспеген, сырқат екені рас болатын...»
Ал өз әкесі Бөкеш ескі-құсқы киім киіп, жалшы кейпіне
түсіпті. Әмбе тілі жоқ мылқау болып та құбылған. Сөйтіп жүріп,
ақ әс кері не сұраса, соны істеп аман қалған. Өйт кені ауыл ағасы
«Қу жанға – бір жұттық мал садақа!» деген. Тек Үлкен
ауылдан
Әбдікәрім Жәмінұлы оңбай тұтылып, сірә, кер без жігіт зиялы
ұсқынын жасыра алмаған, отряд бастығы оны өздеріне жолбасшы
етіп зорлықпен ер ткен. Қажы ауылы дүрлігіп, не істе р ін білмей,
әбігерге түседі. Алайда Кәрім аға бір аптадан соң әбден арып-шар-
шап, сүл дерін сүйретіп қайтып оралды. Баян аула атырабынан
ұзаған соң-ақ жер-суға ноқай сылқым жігіт жол көрсете алмай,
шатаса бастапты. Сәтбай
ауылының үлкендері
бұған да тәубе, жас-
тай оқу қуғаныңның пайдасы тиді десіп қуаныш білдірген.
Жаратылысынан ширақ Ғазиз балақанның жады түстікке
босқан ақ әскерінің ізін ба са өз ауылына қызылдар отрядының
ойда-жоқ та сап ете түскенін тәптіштей баяндайды:
«Би ата ма сә-
лем бере ең үлкен бастығы келді. Ең ге зер дей ажарлы қазақ екен,
белінде еш кі нің басындай наганы бар. Біздің ауыл оған тай со-
й ып құрмет көрсетті...» Ғалекең естелігінде қызыл командир-
дің есімі аталмаған, сірә, нақты білмеген. Нұрлан Қасеновтің ай-
туынша, ол – дала комиссары Әліби Жангелдин.
Баянауыл дуанының
тұңғыш аға сұлтаны болған, соған дейін
Төртуыл елін ондаған жыл уысында ұстаған Шоң би Едігеұлының
бір өзінен он ауыл өрбіген. Солардың бірі – Баянауланың түстік
6-0196
82
Медеу СӘРСЕКЕ
бетке й ін жайлаған Айман ауылы. Сол атаның бер тінгі ұрпағы –
әкелі-балалы Аббас жә не Шай бай Аймановтар, екеуі де фельд-
шер, Баянауыл станицасында ұзақ жылдар еңбек еткен. Се мей-
лік өлкетанушы Л.М. Власовтың сұрауына орай 1968 жы
лы
Қырымнан жолдаған естелік хатында Шай бай АЙМАНОВ (1937
жылғы зобалаңда Сібірге айдалып, 60-жылдары су
ық жақтан
аман оралғаннан кейін бұл кісі денсаулық күйтімен Қара теңіз
жағасын мекендеген) 1918-1919
жылдары басынан кешкен, күллі
Баян
а
уыл атырабындағы жал
ғыз дәрігер Асылбек Жұманұлы
Сейітовтің (Том университетінің емдеу факультетін 1916 жылы
тәмамдаған) қарауындағы емханада еңбек еткен кезде көрген-біл-
генін бүкпесіз баяндаған: «
Азамат соғысы жүріп жатыр, дүние-
Достарыңызбен бөлісу: