Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет94/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Геолог Қ.И. Сәтбаевтың әрекеті – бос әурешілік, кең көлемді бар-
лау – Жезқазғанның бүгінгі жағдайында ешқашанда орындалмай-
тын, болмайтын іс!» Геолком мамандары да қазақстандық әріп-
тесін біржола түңілдіргісі келген тәрізді, қорытынды байламын 
мейлінше дөрекі түрде жариялаудан қымсынбаған: «Күректен 
өзге темір көрмеген сайын далада өскен сауатсыз көш пеліге се-
ніп, бір жазда он бес станок жүргізуге талап, келер жылдарда оны 
екі есе көбейтпек болу – тек қана қияли адам ның әрекеті, сірә, 
бұл – тежеусіз жер шіл діктің салдары. Мұндай жеңіл де теріс 
пиғыл кеңес мектебінде тәрбие алған Сәтбаевтай жас инженерге 
жараспайды... Жезқазғандағы барлаудың шырқау биігі – мықтаған-
да төрт станок, тіпті алтаудың өзін ауызға алуға болмайды! 
Әрі оны Геолкомның кәнігі мамандары жүргізуге тиіс...»
Ескі дау дереу тұншықтырылып, барлау тарландарының 
нешінші мәрте жеңісімен аяқталған сияқты еді. Алай да Бас бас-
қарма мен Геолком мамандары жас геолог деп жүрген Қ.И. Сәт-
баевтың алған бетінен қайтпайтын қайсар қылығын ескермепті. 
Іле-шала мәселеге (әри не, Қаныш Имантайұлының табанды түрде 
қозғауымен) республика үкіметі араласады. Оның да талабы мы-
ғым: «Жезқазған-Қарсақбай ауданы – индустрия ошақтарын 
көтеріп жатқан Қазақстанның ерекше үмітті өлкесі, оның 
келешегіне республика халқы алаң болып, сенім артып отыр. 
Сол себептен де келелі мәселенің тағдырын кен орнын жеткі-
лік ті білмейтін мамандардың біржақты пікі рі үстемдік етіп, 
жергілікті өндіріс шілердің тұжырымын жершілдік деп жария-
лау қаншалықты иланымды? Осы байламға шүбәміз көп... Сол 
үшін де бұл мәселеге қайта оралып, шынайы бі лікті сарапшылар 
қатысуымен кең түрде талқылау қажет деп бі лем із...»


225
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Жергілікті үкіметтің қапысын тауып қа дала қойған талабы 
ескерусіз қалмады. Ушыққан мәселеге төрелік айту ВСНХ-ның 
Кен-металлургия секторына жүктеледі.
– Бүгінгі талас Ұлытау алқабында мыс кенінің бар-жоғы 
хақында емес. Оның жөнін барлау шешеді... Сәтбаев жолдаспен 
біздің келіспеушілігіміз – барлаудың көлемі мен қарқыны тура-
сында. Жезқазған мысының жаратылысы әзірше түсініксіз, жан-
жақты зерттелмеген. Сондықтан да кен орнын асықпай барлау ке-
рек дейміз. Бұл мемлекет қаржысын тиімді әрі шақтап жұмсауға 
мүм 
кіндік береді. Әрі барлау мамандары жетім 
сіз қиыр дала 
жағдайында бұл бірден-бір оңды шешім болмақ. Ал Қарсақбай гео-
логтары, керісінше, барлауды үрдіс қарқынмен және кең көлем-
де жүргізгісі келеді. Сәтбаевтың ойынша, Жезқазған – Кеңес 
Одағындағы ең алып, ең сүбелі мыс кені. Алыпқа, демек, аршын 
қадаммен жедел өсу керек! Соған лайық назар, се нім, мол қаражат 
керек. Сол үшін де ол шек тен тыс қияли жоба ұсынады... Еш кім-
мен келіспей, ешқандай ғылыми талқылаусыз «Үл кен Жезқазған» 
деген дабыра тер мин ді ойлап тауып, дабыра жарнамаға әуес жур-
налистердің көмегімен оны республикалық газет-журналдарға 
сан қайтара әйгілеп жазуы – осы ның айғағы. Ең қиыны – осынау 
әсіре отаншылдық ұранмен ол ресми мекемелерді, мемлекет қай -
раткерлерін иландырғысы келеді. Сондағы уәжі: «Кенді Алтай», 
«Алып Қоңырат» табылып отырған далада «Үлкен Жезқазған» 
неге болмауға тиіс?» Бұл да бізге ежелден таныс дерт: геолог атау-
лы жасаң кезінде жаппай ауыратын, «алып кен орнын тезірек 
тау ып – зор атаққа ілігу» мұның аты, яғни «гиган то мания...» 
Ал, шындығында, Жезқазғанның үл кен иә кішілігін дәлелдеу ке-
рек. Бұл – бір. Екінші, өзі жобалаған көлемді барлауды ол қандай 
күшпен, қандай мамандармен жүзеге асырмақ? Артық межелесек, 
ғапу өтіне міз. Шөл далада осы күнге дейін кө шіп-қо нып жүрген 
малшы қазақтардың көмегімен, солардың санасы жаңарған биік 
рухымен, былайша айтқанда, кешегі түйешіге станок құлағын 
ұстатып, бір-ақ жазда шебер бұрғылаушы жасамақ. Осы да 
қисынды іс пе? Ашығын айтсақ, мұ ның аты – үкімет қаржысын 
желге шашу, жауапсыз авантюра!
– Бұған не дейсіз, жолдас Сәтбаев? 
– Ең алдымен геолог әріптестеріме алғыс айтуды жөн 
көріп тұрмын. Себебі бұдан екі жыл бұрын тап осы жолдастар 
Жезқазғанда мардымды ештеңе жоқ, бұрғылауға жұм 
саған 
қаражат өзін ақтамайды деп тіл безеген-ді. Сөйтсек, бірдеңе бар 
сияқты, тек оны жата-жастана іздеу керек екен...
15-0196


226
Медеу СӘРСЕКЕ
– Сіз, жолдас, негізгі мәселеден ауытқымаңыз.
– Кейбір жайттарды бүкпесіз ашық айтқым келеді. Біздің 
далаға менсінбей, көпе-көрінеу селқос көзқараспен қараудан 
қашан арыласыздар? Кен орнын ешқашан да көрмеген кейбір 
мамандар ешбір қымсын 
бас 
тан ондай шет қиырда осыншама 
мыс болуы мүм кін емес деп пайымдайды. Енді бір сарапшылар 
Жезқазғанда бар-жоғы бірер апта болып, даланың сусыз, ну-
сыз, сұрықсыз жү деу келбетінен шошиды да: «Мұндай шөл да-
лада кен барлау қиын болады» деп байбалам салып шу көтереді. 
Осы да мемлекет шаруасына жанашырлық ниет пе? Жоқ! Әділін 
айтсақ, ертеңгі жауапкершіліктен өз басын арашалау. Біздің ұзақ 
дауымыздың түп себебі де осы, жолдастар, қарақан бастың қамы: 
«Болжанған кен болмай шықса, кім жауап береді?» – барлау-
шы Сәтбаев па, әлде соған ресми қарармен рұқсат еткен лауазым 
иелері ме?.. Қарсақбай комбинатының геологиялық барлау бө лімі 
өз иелігіндегі кенді толық және жан-жақ ты зерттеуге әзір; талап 
етсеңіздер, кімнің алдында болса да күні ертең жауап беруге дай-
ынбыз! Бізге тек түзу ниетпен қарап, сенім білдір ің іздер; құрал 
мен тиісті қаражат беріңіздер!..
– Сұрап тұрғаныңыз жүз иә екі жүз мың емес, мил лиондаған 
қаржы екенін түсінетін шығарсыз?
– Әлбетте. Бізге биыл неше миллион сом қаржы босатсаңыз – 
бірер жылдан соң оны он, жүз есе өсіріп, мыс көмбесі түрінде 
қайтып аларыңыз хақ!
– Барлаушы мамандар мәселесін қалай шешпексіз?
– Менің алдымда сөйлеген жолдас түйесін жетектеп жер 
бұрғылауға келген шошақ тымақты қазақ туралы сайқымазақ 
анекдот айтып, сіздерді күлкіге қарық қылды. Меніңше, бұл – 
күлетін жайт емес, қуаныштан қол соғып, шек сіз қошемет біл-
діретін игі жаңалық! Туып-өскен өлкесінде шаңырақ көтерген 
өндіріс ошағына ежелгі дала тұрғыны шын жүректен қуа-
нып, жалғыз түйесін жегіп кіре тартады, пеш аузына келіп мыс 
ағызуды үйренуге, станок құлағында тұрып, бұр ғы лаушы кәсібін 
игеруге де талаптанбақ!.. Сол үшін ол байғұсты ма зақ қылудың 
жөн-жосығын мен білмеймін, жолдастар. Түйе мін ген қазақты бұл 
өнерге үйрету керек, небәрі бір жыл да олар кәнігі шеберлерді 
ауыстыра алмайды. Сөйтсе де, неліктен байқап көруге болмайды?..
Жеме-жемге келгенде, кен-металлургия секторы да табан 
тірерлік нақтылы шешім жасай алмады. Амал қанша, тағы 
да ізденіп, Қазақстан өкілдігінің көмегімен ақыры, бір күні 


227
ШЫҒАРМАЛАРЫ
КСРО Жоспарлау комитетінің төрағасы, академик Г.М. Кржи-
жановскийдің кабинетіне тап болды.
– Глеб Максимилианович, сіз бір ғана жайға көңіл аударыңыз: 
Жезқазған тәрізді шөл даланың қиыр түкпірінде орналасқан 
мыс көмбесін Ленинградтан жүрдім-бардым қатынап, төрт-бес 
айға жалданған бұрғылаушылардың күшімен тиіп-қашып бар-
лаған тиімді ме; әлде соны сол жерде ұйымдасқан геологиялық 
ұжымның қолына беріп, қатаң табиғаттың сырын жақсы біле тін, 
ыстық-суығына көнбіс жергілікті тұр ғындардан маман жұмыскер 
тәрбиелеп, қысы-жазы бірдей тұрақты барлау жүргіз ген сенім ді 
ме? – деген Сәтбаев өнеркәсіптің кілтипанын жете білетін инже-
нер-энергетик, салауатты ғалым, мемлекет қайраткеріне барлық 
айғақтарын жайып салып ашына сөйлеген-ді. – Республика 
үкіметі бізге сенім білдіріп отыр, өзімізге етене таныс жергілікті 
халыққа біз де шексіз сенеміз. Қысқасы, түйе мінген қазақтың 
бүгін гі заманның техникасын меңгере алатынына үмітіміз зор! 
Тек соған Бас басқарма басшыларын сендіре алмай, әуре-сарсаңға 
түскен жайымыз бар... 
Аз жылғы ізденісте өзі тыңнан тапқан мыс көмбе сін көлденең 
тартып, бәрінен де бұрын сенген іске жаны ауырған маман екенді-
гін аң ғартып, жер мен ел тағдырына мемлекеттік тұрғыдан қарау-
ды өтініп отырған қазақ геологының келелі әңгімесін Мемлекеттік 
жоспарлау комитетінің төрағасы зейінмен тыңдап, бірнеше сұрақ 
қойған соң шикізат бөлімінің меңгерушісін шақырып, жөнсіз 
тәжікені тоқтатып, кен барлауын жезқазғандықтардың өзіне 
жүктеуге нұсқау түсірген.
ІІ
Мәскеуден зор жеңіспен қуанып оралса, қысқы барлауға 
қойған үш «Крелиус» тоқтап тұр: комби наттың жабдықтау бөлімі 
соларға қалқа жасайтын ағаш бермеген... Бергісі келмегендіктен 
емес, қолдарында ештеңе болмаған. Темір станок тү гілі, төбесі 
жабылмаған, едені салынбаған, есік-терезелері жоқ, қаңырап 
тұрған үй лер қаншама?! Ал баспана күтіп тар барактарда бас-
тасып-аяқтасып жатқан жұмыскерлерде есеп жоқ. Соның бәрі – 
жетпегендіктен. Бұл өңірдегі судан кейінгі қат дүние – ағаш. 
Анығында, ағаш жоқ емес, бар. Жосалыдағы аралық қоймада тау 
болып үйіліп жатыр. Гәп соны жеткізуде. Жеткізер еді – егер күш-
көліктің басқа жүктен мойны босап, үлгерер болса...


228
Медеу СӘРСЕКЕ
Бұл да «ине жіпті сүй рейді, жіп жыртықты бүтіндейдінің» 
кері. Бір жоқ екінші жоқты туғызып, барлығы қосылып, ке-
дейлікті мойындатқан жетімсіздіктің салдары. Ағаш болмаған соң 
станоктарға дер кезінде жылы қалқа жасалынбаған. Онсыз мотор 
жүрмейді, суық күшейіп, аяз қысқан кезде майы қатып тоқтай 
берген. Мотордың үні өшкен соң жұмыскер шыдай ма, кейбірі 
ауылдарына қайтып кетіпті.
Тұрақты істетпек болған үш «Крелиуспен» Жезқазған тағды-
рын ше ше алмасын Қаныш Имантайұлы түсінеді, тек соларға 
артқан үміті өзгерек еді. Үшеуін кәдуілгі үйрену мектебі жа-
сап, жазда жүр гізбек он бес станоктың адамдарын жаңа өнерге 
баулымақ болған-ды. Амал қанша, Жез қазғандағы барлау пар-
тиясына тағайындаған жігіті Саид Сейфуллин осалдық жасап, 
комбинат басшыларына шағым айтқаннан өзге ештеңе бітірмеген. 
Бөлімдегі өзінен ке й ін гі екінші басшы, ау дан дық геолог Сергей 
(Угэдей) Әлиханұлы Бөкейханов та «Ағаш жоқ!» деп қолын 
қусырып қарап отыр. Комбинаттан қайырым күтсе, жаз шығады. 
Ал жылу ұстар қалқасыз станокты жүргізе алмайсың. 
Қаныш Имантайұлы әрі ойлап, бері ойлап, қазақтың көшпелі 
тіршілігі баяғыда ойлап тапқан ежелгі құрым баспанасы – киіз 
үйін әжетіне жаратуға бел байлады.
Қ.И. Сәтбаевтың Алматыдағы мұража й ын да сол күнде шарасыздықтан 
қолданған амалдың – киіз үйден жамылғы ұстап, бұрғылау жүр гізген ста-
ноктың фотосуреті сақтаулы: қар басқан аппақ дала; төбе басында шоша қ 
ұшы қалқайып екі станок тұр; бірі – әріде, көз ұшында; жақындағысы – киіз 
жаппаның астында. Үй әдеттегіден сәл жатаған тігілген. Төбесінен ағаш 
мосының үш бұты түсіп тұр. Мосының басына шығыр орнатыл ған. Оған 
ілін ген екі болат арқан киіз үйдің ішіне енген. Шаңырақ үстінен сорайған 
тұрбаның тұқыл басы қараңдайды. Станоктың бір бұ тында байлаулы ат. 
Киіз есіктің алдында же ңіл шана, үстінде темір бөшке, оның қа сын да ықшам 
киінген, шошақ тымақты қа зақ жігіті. Тымағының бауын тарта байлап ал-
ға нына қарағанда, күн үскірік аяз. Аты да желге сыртын беріп бүрісіп тұр...
Қаншама дәрменсіз әрі тұрпайы сияқтан ғанымен, бұл амалдың өзіне тән
артықшылығы да бар-ды: көшіруге оңай; ағаш қоршаудай бірер мәрте емес, 
қа шан тозып, сүйегі қирап біткенше сан қайтара тігуге болады; ал киізін 
ауыстыру тіпті жеңіл – қыр елінде әзірше қат дүние емес; іргесін көміп, 
қоғадан тоқылған жамылғыш ұстап, темір пешке көмір, тіпті баялыш салып 
қойсаң – іші де жып-жылы. Шындығында, бұл амал Жезқазған барлаушы-
ларын қиын дағдарыстан құтқарды. Тоқтап тұрған өлі моторға жан беріп, 
қақаған аязда да бұрғылау жүргізуге жағдай туғызды. Жабдықтаушыларға 
ұнағаны соншалық – келер жылдарда да, қорғаныш материалға ділгер лік 
кездескен сайын қолданатын болды.


229
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Әлбетте, қиыншылықтың зоры жылы жаппа ғана емес-ті. 
Басты гәп – кәнігі жұмыскер табуда. Барлау ардагерлерінің ес-
телік әңгімелері осы жайттан сыр шертеді. 
САИД СЕЙФУЛЛИН, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі, 
байырғы геолог: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет