ды. Орыстардан көргенімізді қайталап бағамыз. Бірақ өндіре
алмадық. Сыну көп, тұру көп. Дайын ұңғыманы бүлдіріп, сынаряд-
ты құрдымға түсіріп алып, неше күнгі бейнет ті бір-ақ сағатта
зая етіп, қайтадан бастаймыз. Қанекең мені шу дегеннен бір
ыстаноктың мастері етіп тағайын да ған. Қайбір жетіскеннен
қойды дейсің. Кі сінің жоқтығы да. Метр ағаштың сызығын
айыра алмаймын. Тескен жерімді өл шегенде піләнке ағашты
шегемен сызып белгілеп қоя мын да, өзімді ауыстыратын кісіге
көрсетіп, қағазға түсір тем. Кілт терді де өзім қойған аттар-
мен айтамын. Разводной кілтті «кіркәділ» деуші едім...
Жұмысты бірақ жақсы істедік. Уақытпен санаспай, ертелі-
кеш дамыл көрмейміз. Қан-ағаң бурабайға келе қалса жатсын-
231
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бай, жертөле үйде қона жатып, түні бойы әңгіме шертетін.
Бойымыз үйрене келе сұрасақ, «өңің ді ескіртпей» дегені – зейнет-
ке шығатын кезі мізді нұсқағаны екен...»
ТИМОФЕЙ ЗВЕРИНЦЕВ, бұрғылаушы:
«Біздің әулет қазақ жеріне алғашқы переселен-көшпелілер
легімен келген. Мен өзім Ақмола төңірегінде туып өстім. 1926
жылы Атбасар тресі Қарсақбайға жұмыскер шақырып, газет-
терге хабар берді. Сол бойынша, әкем, үлкен ағам және мен –
үшеуміз бес жыл ға шартқа отырып, Қорғалжынмен қоштасып,
Жез қазғанға кел дік. Әкем мен ағай осы күні барлаушылар кон-
торы тұр ған дөңнің тү бін дегі 1-шахтаға тіреуші болып жұмыс-
қа ен ді, ал мен жер астына түсуге жасым толмағандықтан,
комбинаттың шаруашылық бөлі міне жалдандым. Міндетім –
инженер-техниктердің атын күту...
Қаныш Имантаевичпен де сол кезде таныстым. Таныстым
деу әсіре сөз, ол кі сі мен жақын жүріп, мәжілісінде болу қайда,
сорайған бойым болмаса, жас күнім. Сірә, елгезектігіммен көзіне
түссем керек, бір күні атқораға өзі келіп:
– Тимоша, қашанғы ат бағасың? Барлауға ауыс, өмірлік азық
болатын өнерге үйретемін, – деді.
Ойланарлық сөз ғой, қолқ ете түстім. Әкем де: «Сәтбаев сөзіне
берік азамат, оның көзіне түскенің – бағың, екі айт қызба, бар!» –
деп кеңес берді. Сонымен ГРП-ға* ауыстым. Еңбек кітапшамда
бұл күн 1930 жылдың 25 мамыры деп нақты көрсетілген...
Алғашқыда кіші жұмыскер болдым, екі аптадан соң аға
жұмыскерге «жоғарыладым». Сөйтсем, Қаныш Имантаевич
бақылап жүреді екен, қызықты қараңыз, та
ғы екі аптадан
кейін ауылдан келген он шақты қазақ жігітін маған қо сып:
«Александровтың бұрғылау тәжі
рибесін үйренесің, өзіңді де,
өзгелерді де соған үйретесің», – деп шегеледі. Келіспеске шара жоқ.
Тегінде, мен Қаныш Имантаевичке бір жұмыскердің: «Жоқ, олай
емес» деп қарсы сөйлегенін естіген емеспін... Александровтың
қасында біз бір жаз болдық. Өнері ерекше, терең бұрғылаудың
шебері атанған маман кісі... Қазақ жұмыскерлерін маған қос қан
себебі, ол кезде мен қазақшаға жүйрік едім. Әрі бес-алты жыл мек-
теп көрген сауатым болатын... Бұрғылаушы кәсіпке үйре ніп, әрі
жолдастарыма тіл мәш болып, Жезқазған хикаясын бастадық...»
* Геологиялық барлау партиясы
232
Медеу СӘРСЕКЕ
Атағы о күнде дүрілдеп тұрған Қарсақбайға ат тұяғы же-
тер жердегі Ұлытау, Атбасар, Ақмола, Жосалы ғана емес, со-
нау Қазалы, Қызылорда, Түркістан, Ташкент, Әулие
ата, тіпті
шеткергі Қызылжар атырабынан да жұмыс іздеген жұрт шұбы-
ра ағылып, үй-ішімен сабыла бастаған дүрбелең кезең. Солардың
ішінен ауыр еңбекке көнбіс, темір-терсекке ептілерін таңдап алуға
болатын. Алайда барлау бөлімінің бастығы ту бастан қараба йыр
ересектерден гөрі, аз-кем сауаты бар жастарға көбірек ілтипат
жасаған. Оларды және ұлтқа бөлмей, тек білім дәрежесіне ғана
көңіл аударып, ГРП-ға топ-тобымен қабылдаған. Сөйткен себебі
көп ұзамай белгілі болды: алпыс жасөспірімді ересек басшы
қосып, Ленинградқа аттандырды; олар онда бес ай оқып, арнаулы
курстан өтіп, алдағы жазда Ұлытау өңіріне коллектор, лаборант,
моторист, токарь, слесарь болып оралуға тиіс...
Т.А. СӘТБАЕВАНЫҢ естелігінен:
Достарыңызбен бөлісу: |