ардагер ұстаз.
қазақстандық патриотизм қалыптасқан елміз.
мәдениеті жатады.
ұлт Тәуелсіздігінің тұғыры.
мен үшін мақтаныш.
колледжінің оқытушысы.
Менің Отаным – мақтанышым
да аудандық байқау өтті.
жұтаңдық мәселесі болды.
ды.
естеліктерімен бөлісті.
шеберліктерін ортаға салды.
болды.
бек бөлісті.
рылды.
рылған әндер орындалды.
мызда жыл кітабы болып белгіленген болатын.
нақышына келтіре оқыды.
әңгімеледі.
шығармашылығы туралы өз ойпікірлерін ортаға салды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
“Жыр арнасы суатпын”
Ауданымызда өз кәсібін жолға қойып, табыс тауып,
бақуатты өмір сүріп, қоғам мүддесі үшін де қызмет жа
сап кіріс кіргізіп отырған жандар жетерлік.
Айнұр Бекзадаева бар болғаны, жиырма төрт жас
та. Әрине, отбасын құру үшін аз жас емес. Жолдасы,
екі перзенті бар. Дегенмен ауқымды жерді алып жатқан
асханасы мен соған жалғас автокөлік жуу қызметін
көрсететін нысанға иелік етіп, жұмысын жүргізу үшін де
батылдық керек екені рас.
Айнұр 1992 жылы Әйтеке би кентінде дүниеге келді.
Жанқожа батыр атындағы №70 мектептен орта білім
алды. Қызылорда гуманитарлық заң колледжінен қаржы
және қаржы құқығы мамандығын алып шықты. Қорқыт
ата университетінің қаржы бөлімі факультетін бітірді.
Қаржы саласына байланысты білімін біршама тиянақтап
болған соң, кәсіпкерлікке ден қоюға шешім қабылдады.
Уақыт талабының сұранысын, кәсіпкерлік саласы
на жанжақты қолдаудың жеткілікті екенін жас та болса
бағамдап үлгерген Айнұр мемлекеттік бағдарламалардың
мүмкіндігін тиімді пайдаланғанды жөн көрді.
2015 жылы Даму қоры арқылы Өңірлік инвести
циялық орталығынан 5,5 млн теңге несие алуға қол
жеткізді. Осы қаражатқа барлық жабдықтарымен
көлік жуу орны мен көлемді асхананың құрылысын
салдырды. Бүгінде «Самұрық» атауын иеленген
кешенді кәсіпкерлік нысанының қызметі ойдағыдай
жүріп жатыр.
Асхана делінгенімен шағын мейрамханаға бергі
сіз. Алған несие қаражатын орнымен, ұсынақты
пайдаланғаны көрініп тұр. Еден, қабырға, жарық люс
тралары, үстел, орындықтар, сөре, жиһаз ішке енген
адамның еріксіз назарын аударады. Салқындатқыш,
теледидар, жуынатын орынға дейін мұнтаздай. Бәрі де
еуропалық үлгіде.
Айтқандай, ас мәзірі де соған сәйкес. Асханада
ұлттық тағамға қоса, еуропалық, азиялық тағам түрлері
де дайындалады. Ауданға аратұра болса да келіп
тұратын шетелдік қонақтар, кент іргесімен өтіп жатқан
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолымен жүретін жүк
көліктерінің жүргізушілері де арнайы іздеп келіп,
тамақтанып кететін асхана осал болмаса керек. Алпыс
адам сиятын асханада шағын банкет, туған күн, өзге
де түрлі ұлттық той шараларын өткізу мүмкіндігі бар.
Кәсіпкер асхана арқылы ғана бес адамды жұмыспен
қамтып отыр.
Екі орындық көлік жуу қызметі де қажетті
жабдықтармен қамтамасыз етілген. Көлеміне қарай, кез
келген түріне қолжетімді бағада қызмет көрсетіледі.
Әртүрлі кілемдер жуу жолға қойылыпты. Бұл жердегі
жұмысқа екі адам алынған.
Айнұрдың жолдасы Самалбек Нысанбаев ішкі істер
бөлімінде қызмет етеді. Райана, Кәусар есімді екі қызы
бар. №249 мектеплицейде мейірбике болып еңбек ететін
енесі Бақыткүл Нысанбаева жас отбасы шаңырағының
арқа тұтар ақылшысы.
Әкесі ертелеу өмірден өткен Айнұр негізінде бұл
жолды таңдауын өзі өмірге келген тоқырау жылдары
нан бастап кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан ана
сы Күлзат Ешмұратовамен байланыстырады.
Мемлекет қолдауын тиімді пайдаланып, жеті адам
ды жұмыспен қамтып отырған Айнұр Бекзадаеваны
кәсіпкерлік саласында бағын сынап көргісі келген жас
тар үлгі тұтса жарасар еді.
Ә.ӘЛКЕБАЙҰЛЫ.
№96 (884) Сенбі, 3 желтоқсан 2016 жыл.
Ақпарат
Табыс көзі
Мерейлі отбасы
Қазақстан Республикасында
міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруды енгізу бойынша
100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП
– Қордың шығындары бойынша ақпарат
халық үшін қаншалықты айқын болады?
–
Қазіргі
таңда,
жаңа
модельде
қаражатты жинау мен бөлудің айқын жүйесі
қарастырылған. ӘлМСҚ қызметінің айқынды
лығы мыналар арқылы жүзеге асырылады:
Жарналар мен қаражат түсуінің күнделікті
мониторингі;
Көрсетілген медициналық қыз меттердің
күнделікті мониторингі;
Қаражатты пайдалану туралы стандарт
ты есепті уәкілетті органға ұсыну (ДСӘДМ, ҚМ,
Үкіметке, Есеп Комитетіне);
Қоғамға жыл сайын жылдық есепті жари
ялау (қысқаша газеттерде, толық вебсайтта
және жеке БАҚ басылымдарда)
ӘлМСҚның стратегиялық құ жаттары (5
жылға даму стратегиясы, қысқа мерзімдік
кезеңге даму жоспары, жылдық жоспар) орна
ласатын ӘлМСҚ вебсайтын жүргізу.
– Өзімен бірге сақтандыруды (карточка)
үнемі алып жүру керек пе, әлде жеке куәлік
жеткілікті болады ма?
– Өз ЖСН білу жеткілікті немесе өзімен бірге
жеке басын куәлан дыратын құжат болуы тиіс.
МӘлМС енгізу азаматтардан төлемдерді
талап ету арқылы жем қорлықтың өсімін тудыр
майды ма?
Біз жемқорлықтан кетудеміз. Біздің жарна
лар, жұмыс берушінің немесе мемлекеттің біз
үшін аударымдары бұл біздің жоспарланған
госпитализациямызға төлем болып табылады.
Осыған байланысты, медици налық көмек
ұсыну кезінде меди циналық ұйымдар тарапы
нан «қосымша шартты төлем дер», ТМККК
және МӘлМС кіретін техникалық қызметтер
ұсынылмауға тиіс.
Қызметтерге ақы төлеу, меди циналық
ұйымның ұсынылған медициналық көмегінің
сапасы мен көлемін растау арқылы Қордың
қаражаты есебінен жүргізіледі.
– Жақында әкемізге есту аппара-
тын сатып алдық. МӘлМС шеңберінде өз
бетінше сатып алын ған техникалық оңал-
ту құралдарына жұмсалған шы ғынның
көлемін қалай анық тайтынын білгіміз
келеді?
– Өз бетінше сатып алынған техникалық
құралдар төленбейді, егер бұл оңалту
шеңберінде көрсе тілген медициналық қызмет
тердің бөлігі болса, онда олар МӘлМС пакетіне
кіре алады.
– Стоматологиялық қызмет тер міндетті
медициналық сақ тан дыру пакетіне кіреді
ме? Иә, болса, қашан?
– Жоқ, аталған қызметтер әлеу меттік
медициналық сақтандыру пакетіне кірмейді.
ТМККК шең берінде стоматологиялық қызмет
тер жүкті әйелдер мен балаларға қалады.
(Басы өткен сандарда.
Жалғасы бар.)
“Самұрықтың” сәтті қадамы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуді жетілдіре отырып, салымшылар
(алушылар) үшін байланыс орталығына қоңырау шалатын 1418қысқа нөмірін іске қосты.
Енді БЖЗҚ салымшылары (алушылары) күн сайын сағат 8:00ден 20:00ге дейін қысқа
әрі тез жатталатын нөмірді тере отырып, Қорға қоңырау шалып, өздеріне керекті барлық сұрақ
бойынша кеңес алатын болады.
Осы нөмірге ҚР кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірінен және
стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегін әрі қолжетімді.
1418 нөмірі қалалық телефоннан тегін қоңырау шалынатын «БЖЗҚ» АҚ байланыс
орталығының 8 800 080 11 77 нөмірімен қатар жұмыс істейтін болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан
Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің «Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру» ММ арқылы БЖЗҚның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «БЖЗҚ» АҚның зейнетақы активтерін сенімгерлікпен
басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру
жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық
ететін Ұлттық Қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы
жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы
жинақтарының жайкүйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz).
«БЖЗҚ» АҚ 1418 қысқа нөмірін
іске қосты
Болат жолдың бойында
Темір жол аймағы адам өміріне аса қауіпті екенін
біле тұра, көбіміз оған аса мән бермейміз. Салғырттық
салдарынан сан қилы оқыс оқиғалар орын алуда. Мұндай
жағдайлар темір жолдағы по йыз қауіпсіздігін ғана емес,
азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін
сақтаумен де тікелей байланысты. Өкініштісі, темір
жолдан өту ережелерін қатаң сақтау былай тұрсын, бо
лат жол бойындағы қайғылы оқиғалар жыл сайын аза
яр емес.
Аудандағы ірілендірілген Қазалы жол дистанция
сына қарасты СексеуілЖосалы аралығында 2008 жылы
3 оқыс оқиға орын алған.
№88 разъездің 2378 шақырымының 6 бекетінде
№616 СексеуілҚызылорда пойызы 2006 жылы туылған
Атамұрат Өтеуов есімді кішкентай баланы басып кеткен.
Ал, 2009 жылдың 4 сәуірінде Шөміш стансасында 2006
жылы туылған К.Мырзалиев №2408 жүк пойызы астын
да қалып, қаза тапқан. Тексеру барысында анықталғаны,
бұл екі кішкентай бала да атаанасының қадағаламауы
салдарынан темір жол бойына шығып кеткен.
Сонымен қатар темір жолда түрлі материалдардың,
заттардың ұрлануы және жолға бөгде заттарды қою
фактілері де кездеседі. Жасы кәмелетке толмаған
балалардың темір жол маңында жүруіне, жолға бөгде
заттарды қою, линзалар мен әйнектерді сындыру,
сондайақ балалардың жарақат алуын болдырмау, ал
дын алу мақсатында ісшараларды жүргізуде қарапайым
тұрғындардың да атсалысуы маңызды. Өйткені жасы
кәмелетке толмаған балалардың темір жол бойында
жүріп, бұзақылық жасағаны үшін атааналары жауапты.
Темір жолда балалар өліміне жол бермеу және жал
пы адамдардың өмірін сақтау мақсатында ірілендірілген
Қазалы жол дистансиясы бойынша басшылардың,
инженертехникалық қызметкерлердің, жол шеберлері
мен телім басшыларының қатысуымен елді мекен
дерде 2016 жылдың 10 айында 3400 тұрғын мен 2780
оқушы арасында темір жолдан өту ережелері қол қою
арқылы таныстырылды. Желілік полиция бөлімдерінің
қызметкерлерімен бірігіп темір жол бойында 10 рет
рейд жүргізіліп, темір жолға жақын орналасқан елді
мекендер тұрғындарымен сұхбаттасып, әңгімелесулер
өткізілуде. Әрине бұл жұмыстардың бәрі де жыл сайын
тұрақты атқарылып тұрады.
«Сақтансаң сақтармын» дегендей, мұндай келеңсіз
оқиғаларды болдырмау мақсатында жол ережесін
қатаң сақтауымыз, үлкенкіші болып темір жолдың
қаншалықты қауіпті екенін өзімізден бастап және
кейінгі ұрпақтарымызға толық түсіндіріп, жеткізе
білуіміз керек. Темір жол желісіндегі жаяу жүргінші
қауіпсіздігін сақтауға баршамыз да бір адамдай
атсалысуға міндеттіміз.
Б.ҚАНАТОВ,
Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясының
еңбек қорғау жетекші инженері.
Абайлаңыз, балалар
Мешіт – Аллаға құлшылық жасап, адам бала
сын ізгілікке жетелейтін жер бетіндегі киелі орын.
Құдайға шүкір, қазір барлық жерде құлшылық
орындарының халыққа есіктері айқара ашылып,
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының
тіркеу сараптауынан өткен сауатты имамдары
мыз діни қызметтерін атқаруда. Ү.Түктібаев
ауылындағы «Орынбет ишан» мешіті де 2014 жы
лы ашылып, жаңадан салынды. Мешітімізде бес
уақыт азан шақырылып, екі мезгілде отыздан аса
шәкірт дәріс алып, жұма намазы өткізіліп тұрады.
Имамдардың жалақысы мардымсыз болғанына
қарамай, өз жұмыстарын атқаруда. Жасыраты
ны жоқ, қыстық отыны, суы, жарығына қаражат
қарастырылмаған. Алайда алдағы уақытта оның
да шешімі табылады деген сенімдеміз. Осындай
қиындықтардан шығуға жәрдемдесіп, сауапты
істер атқарып жүрген азаматтарға «Қазалы» газеті
арқылы рахмет айтқымыз келеді.
Олардың қатарындағы кент әкімі А.Ақжігітов
«Орынбет ишан» мешітіне 5 тонна көмірін берсе,
«РЗААгро» шаруашылық егіс бригадирі Б.Томаев
отын жіберіп тұрады. Сондайақ темір жол саласы
нан Е.Ахметов 3 тонна көмірмен қамтамасыз етсе,
қызылордалық бауырымыз А.Ідірісов мешіттегі
от жағушы жұмысшының 6 айлық жалақысын өз
есебінен шешіп берді. Аты аталған атымтай аза
маттар арқылы Алла үйіне жиылған жамағат жау
рамай, емінеркін құлшылықтарын жасауда.
Сөз соңында жомарт жандарға Алла разы
болсын, отбасы, балашағасы аман болып,
еңбектерінің жемісін жиып, абырой биігінен
көріне берсін демекпіз.
Ғабдулла қажы НИЯТУЛЛАҰЛЫ,
«Орынбет ишан» мешітінің имамы.
Азаматтарға
мың алғыс
Жоғары білімі болмаса да, өзге де арнайы
оқу орнын бітірмегенімен, Тойған апаның бүгінгі
күннің талабына сай келетіндей көзі ашық
сауаттылығы, еті тірі ширақтығы, сөз саптаудағы
орындылығы, көпті көрген адамның парасат
пайымдылығы анық байқалып тұр. Оған себеп те
бар сияқты.
Тойған Алданазарова 1938 жылы Ресейдің Ор
қаласында қарапайым жұмысшылар отбасында
дүниеге келіпті. Сол жердегі орыс мектебінде бес
кластық білім алады. Орыс тілінде еркін сөйлеп,
жаза алатындай меңгеріп шығады. Түсінген адам
ол уақыттағы осындай білім деңгейінің, қазіргі
жоғары білімнен кем түспейтінін байқар еді.
1950 жылдан бастап Тойған атаанасының
қалауымен Қазалы ауданындағы нағашы әжесінің
тәрбиесіне тапсырылып, бүгінгі күнге дейінгі
өмір жолының алғашқы негізі біржола қаланады.
1956 жылы Қазалы ауданындағы «Темір
жолсу» мекемесінде еңбек ететін Нағашыбай ба
ласы Сағымбайға тұрмысқа шықты. Өзі де 1962
жылы «Теміржолсу» мекемесіне оператор болып
жұмысқа орналасты.
– Қазіргі уақытта бала күтімімен еңбек де
малысында отырған әйел адамға деген мемлекет
қамқорлығында шек жоқ, – дейді зейнеткер, он
бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана, «Алтын алқа»
иегері Тойған Алданазарова. – Ал, Кеңес үкіметі
кезінде мұндай жеңілдіктер болған жоқ. Босанған
соң бірекі айдан кейін беліңді буып, Құдайыңа
сыйынып балашағаңның нәпақасы үшін амал
сыз жұмысқа шығасың. Баланы бөлеп кетемін,
түскі үзілісте емізіп тұрамын. Қаздай тізілген
оқушы балаларымның, ерімнің тамағын дайын
дау, киімін жуу, азынаулақ ірі қара, ұсақ малды
жайлау да өз мойнымда. Теміржол жұмысының
жауапкершілігі тағы бар. Ер азаматың бір
қапталыңда қарайып жүрсе, ол да жақсы екен.
1983 жылы отағасым Сағымбай 50 жасын
да өмірден өткенде төбемнен жай түскендей әлі
өз қолдары өз аузына жетпеген шиеттей тоғыз
баламен “ендігі күнім не болар екен” деп оты
рып қалдым. Бірақ “өлген артынан өлмек жоқ”,
жесірлік қамытына мойынұсынып, өзімеөзім
жігер беріп, бәрін басынан бастауға тура келді.
Ол күндердің қиындығын Тойған апа айтып
тауыса алмас еді. Ең кішісі тоғыз жаста, әлі бір
де бір баласы аяқтанып үлгермеген, оның үстіне
Кеңес одағының ыдырауға жақын тұсындағы
тоқырау алдының берекесіздігі байқала бастаған
аласапыран кезеңдегі тұрмыс қиыншылығы,
бәрібәрі әлі де жүрек жылуына мұқтаж, есей
меген перзенттерінің бақыты үшін ағысқа қарсы
жүзген анаға үлкен сын еді. Бүгінгі күнде Тойған
сол сыннан сүрінбей өткеніне тәубе дейді.
Талайлы тағдырына біржола көнген ана
мейрімі балаларына теңдей бөлінді. Қарапайым
сөзбен айтқанда, бақты, қақты, оқытты, ұлын ұяға,
қызын қияға қондырды. Тоғыз баласынан отыз
төрт немере, отыз екі шөбере көріп отырған
бақытты ана Тойған Алданазарованың ұл
қыздары да, немерелері де еліміздің өркендеуі
жолында әр салада еңбек көрігін қыздырып жүр.
Төрт баласы бар, Ресейден жоғары оқу ор
нын бітіріп, қырық жыл теміржол материал
қоймасында есепші болып қызмет еткен үлкен
қызы Ермек тіпті зейнетке шығып та үлгеріпті.
Көркемі Таразда мейіркеш.
Әсем Қазалы ауданындағы “Ақбота” балабақ
шасында жұмыс істейді. Тараз қаласында тұрып
жатқан Мұрат 1993 жылдан бері Қазақстан темір
жолында, жолсерік.
Жоғары, арнайы үш оқу орнын бітірген
Әйтеке би кентінде тұратын Қанаттың қалауы
кәсіпкерлік болыпты.
Талғат Алданазаров АралСарбұлақ топтық
су құбырын пайдаланушы Қазалы филиалы
бөлімі басшысының орынбасары.
Еркін болса, Жаңатас қаласындағы перзент
ханада акушер маман ретінде жемісті еңбек етіп
жатыр. Ресейден оқу бітірген Динасы әзірге
жұмыссыз.
Ал, анасы Тойғанды қамқорлығына алған
Қайрат ТД23 айналым депосында машинист бо
лып еңбек етіп жүр.
Батыр ана, “Алтын алқа” төсбелгісімен
марапатталған, зейнеткертеміржолшы, 1987
1991 жылдары №96 Күләш Байсейітова округінен
аудандық Советке халық қалаулысы болып сай
ланып, ауданның өркендеуі жолында өзіндік
қолтаңбасын қалдырған, бала тәрбиесіне де ба
рынша үлес қосқан Тойған Алданазарованың
өмір жолы ұрпаққа үлгі.
Достарыңызбен бөлісу: