«Өз парыңды тап»
Жеке жұмыс.Саз сабағындағы өлеңдерді 1-2 балаға айтқызып, қайталату.
Еңбек. Телімдегі құмды көтеру.
Тақпақ оқу. Ағаш біткен дірдектеп.
Жапырағын жоқтайды.
6. Желді күні ағаш жапырақтары қалай қазғалады бел бұлшық етеріне жаттығу жасау.
Серуен №19
1. Бақылау:Құстардың ұшуын бақылау.
Мақсаты: Қай жаққа ұшып барады? Неге ұшып барады?
Ауа-райының өзгерісін құстардың ұшып бағыттарын өзгертіп
ұшып бара жатқанын қарау.Қанаттарын кең жайып бара
жатса алысқа сапар шегіп бара жатқаны екен.
2. Ойындар: «Кімнің жалаушасы?»
«Ұшты- ұшты»
3. Жеке жұмыс.Заринаға мүсіндеп үйрету.
4. Еңбек. Телімдегі керек емес заттарды жинастыру.
5 . Жұмбақ жасыру.Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды.
(Тоқылдақ)
Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді,
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі?
(Бүркіт)
6. Құстарша қалықтап ұшу, аяқ ұшымен жүру.
Серуен №20
Бақылау. Қайда не өседі? Жеміс- жидектің өсетінін бақылау.
Мақсаты: Балаларға жемістердің көбі ағашта өсетінін,жидектер
жерде өсетінін айту. Алма, алмұрт, шие, жүзім ағашта.
Бүлдірген, қарақат жерде өсетінін айту.
Көркем сөз. Мен шиемін шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Мен өрікпін өрікпін,
Айналаға көрікпін.
3. Жеке жұмыс.Балалардың ішіндегі естиярларына
жемістердің иісін, дәмін білуді ұғындыру, сұрау.
4. Еңбек.Арамшөптерді жұлуға, суаруға баулу.
5. Ойын: «Қайсысы жеміс, қайсысы көкөніс?»
« Ұзын жол»
6. Жерден жемістер жинайық бел бұлшық еттеріне жаттығу жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |