Тақырып 2. Палеолит (ежелгі тас ғасыры)
Сұрақтар:
1. Тас дәуірінің зерттелу тарихы.
2. Адамның шығу тегі туралы мәселелерді зерттеу
3. Қазақстан территориясына адамдардың қоныстануы
4. Тас дәуірінің климаттық (табиғи) жағдайлары
Тапсырмалар.
1. ЖЕКЕ ФАЙЛҒА әр сұрақтың мәнін ашар конспект жаса.
2. Пәнге қатысты авторлар оқулықтармен танысып, сұрақтарды қарастыр.
3. Адамдардың қоныстануы жайлы карта құрастыру.
Адамзаттың 1,5-2 млн. жылдық даму тарихындағы ең ұзаққа созылған тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі өз кезегінде бірнеше кезеңдерге бөлінеді: ежелгі көне тас ғасыры (палеолит ), орта тас ғасыры (мезолит ) және жаңа тас ғасыры (неолит ). Ғылымдағы классификация бойынша ежелгі тас ғасыры ұзақ — ұзақ үш хронологиялық кезеңді – ежелгі, орта және соңғы (жоғарғы) палеолитті қамтиды. Батыс Европаның материялдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш кезеңге – дошелль, шелль, ашель, орта палеолит – соңғы ашель, мустье ; соңғы палеолит – ориньяк, селютре, мадлен болып бөлінеді. Бірақ ежелгі тас дәуірінің Қазақстандық археологиясында дәстүрше палеолит дәуірін ежелгі, орта және соңғы палеолит деп бөлерліктей критерилер әзірше жоқ. Сондықтан, Қазақстанның ежелгі тарихының ескерткіштері жөніндегі сипаттама екі дәуір – төменгі палеолит пен соңғы палеолит жайында берілген.
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзақ және ең күрделі кезең. Бұл дәуір шамамен 2,5 млн. жылдай уақытты қамтиды. Бұған Африкада табылған ежелгі адам сүйектері дәлел бола алады.
Тас дәуірі, Ф.Энгельс атап көрсеткендей «бүкіл кейінгі, неғұрлым жоғарғы дамудың негізін құрайды». Палеолит заманында адамдар жануарлар әлемінен бөлініп шығып , өзінің қарапайым түрінен қазіргі биологиялық түр ретінде күрделі қалыптасу кезеңін өткізді.
Алғашқы адамдардың даму дәрежесі жануарлардан шамалы-ақ жоғары болды. Адамның пайда болуы мен дамуы-миллион жыл бойы созылған процесс. Қарапайым сүтқоректілердің арасында адам тәрізді маймылдар мекендейтін гипотеза бар. Кейіннен маймылдардың төрт тобы қыл-қыбырлау процесінің жолына тұрды. Олардың барлығы бір түрден басқа — адам тәріздес гоминид, — жоғалып кетті. Гоминид эволюциялық жолмен біртіндеп дамуы Homo sapiens, яғни ақылға қонымды адамның қалыптасуына әкелді. Адам дамуының эволюциясын дұрыс түсіну үшін адамның ата-бабалары болып табылатын гоминидтің даму процесін тереңірек зерттеу қажет.
Гоминид палеоантропологтар отбасының эволюциялық дамуын төрт басты кезеңге бөледі. Гоминид отбасына жататын бірінші олжаны ғалымдар рамапитектің отбасы қатарына жатқызады және олар тікелей ізашарлар, адамның ата-аналары болғанын айтады. Рамапитектің қалдықтары Үндістанда, Кенияда, Қытайда және Грецияда табылды.
Адам эволюциясының екінші кезеңіне жататын австралопитектің қалдықтары Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда табылды. Бұл маймылдар мидың құрылымын дамыту бойынша адам мен маймыл арасында аралық орын алды. Археологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, олар қарапайым еңбек құралдарын саналы түрде қолданған. Бұл уақытта резинджантроптар ерекше еңбекке қабілетті болды. Бұл гоминидтердің сүйектері олардың примитивті тас құралдарымен бірге 1959 жылы Шығыс Африкадағы Олдувай шатқалында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды. Ғалымдар бұл ежелгі гоминидке қабілетті адам атауын берді.
Адам эволюциясының үшінші, басты, шешуші кезеңіне Homo отбасы адамдары жатады. Оларды біздің тікелей деп санауға болады
көрнекті қоғам қайраткері. Олар тас құралдарын жасап, отты пайдалана білді, аңдарды аулап, топтармен өмір сүрді. Олардың қалдықтары Азия, Африка және Еуропаның әр түрлі жерлерінде табылды. Олар тастарды бір-біріне соғу арқылы әртүрлі қарулар жасауды үйренді. Қолына қару ұстаған соң жануарларға аңға шыға бастады. Олардың мекендеген үңгірлерін өз мекендеріне айналдырды. Сондықтан, тас дәуірінің алғашқы адамдары туралы басты ақпаратты сол кездің кең тараған материялы – тастан жасалған еңбек құралдары береді. Тас құралдарды зерттей отырып адам санасының дамуын көруге болады. Алғашқы кезде жасалған тас құралдар салмақты, үлкен домбарлап жасалған қарапайым құралдар болып келеді. Жылдар өткен сайын қару жасау техникасы жетіле түседі. Оның көлемі кішірейеді, есесіне қолдану аясы кеңейеді. Олар алғаш кездегідей тек аңға шығуға ғана емес, күнделікті тұрмыста пайдаланылады (әртүрлі қырғыш, кескіштер). Тас қару жасауда от пайдаланыла бастады.
Тас дәуірінің алғашқы кезеңіндегі тас қарулардың басты түрлері қол шапқылар, чопперлар, үшкір кесек тастар болса, одан кейінгі кезеңнің басты қарулары сүңгір ұштар мен қырғыштар болды.
Соңғы палеолит дәуірінде еңбек және аң аулау құралдары әртүрлі бола бастады (қырнауыш, кескіш, найза ұштары ). Өңдеу материалы ретінде сүйек пайдаланылды (сүйектен жасалған тескіштер, қырнауыштар, найза ұштары, саптар).
Тас дәуірінде тек еңбек және аң аулау құралдары ғана емес, сонымен қатар адамдардың қоғамдық ұйымында күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр – бірлесіп қорғау және шабуыл жасау, аң аулау және жиын- терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық қатынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар оған неке қатыныстарының біршама реттелгендігі тән болды.
Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал, мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен – алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Көптеген зерттеушілердің топшалауынша , бұл сапалық секіріс неандертальдың осы заманғыдай дене бітімі бар адамға айналуы мен тұтас келеді.
Жоғарыда келтірілген деректер ежелгі тас ғасырының адамзат тарихындағы алар орнын ерекше етеді. Олай болса тас ғасырын зерттеу ешқашан өз маңыздылығын жоғалтпайтын тың тақырып болып қала бермек.
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х. Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.
Соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайлары мен Сырдария өзені алқабының арасындағы таулы жазықтықтан Евразия территориясында теңдесі жоқ жаңа «травертиналық» үлгідегі ескерткіштер табылып отыр. Бұл ескерткіштер Қазақстан археологиясында қалыптасқан тас ғасыр хронологисына өзгерістер енгізу мүмкін. Осы ескерткіштердің табылуына байланысты, қазір мынадай гипотеза бар: Қазақстан – ежелгі адамдардың таралуының солтүстік ошағы болуы мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстандағы тас ғасыр ескерткіштерін зерттеген археолог Х.А.Алпысбаев болжам айтқанын ескерсек, тақырыптың маңыздылығы арта түседі.
Ескерткіштердің басым көпшілігі Қаратау жотасында орналасқан Тянь-Шань тауларының батыс бөлігі болып табылатын Қаратау жотасы екі аймақты – Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласы шектеп, бөліп тұр. Климаты жағынан Қаратау жотасының жағдайы ежелгі адамдардың мекендеуіне ерекше қолайлы болған. Қаратау жотасы Арыстанды, Тұрлан, Шаян, Боралдай сияқты көптеген өзендермен суарылады. Сондықтан ескерткіштер көбінесе тау бөктерлерінде немесе өзен алқаптарында кездеседі.
Оңтүстік Қазақстандағы тас ғасыры ескерткіштерінің басым көпшілігін Х.А.Алпысбаев ашқан. Ол кісі 1957 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қаратау жотасы мен бүкіл Оңтүстік Қазақстан территориясының тас ғасыр ескерткіштерін зерттеумен айналысты. Х.А.Алпысбаевтың қажымас еңбегінің арқасында бүкіл әлем Қазақстан территориясында да ежелгі адамдардың мекендегенін білді.Өз зерттеулерінің қортындыларын Х.А.Алпысбаев көптеген ғылыми жинақтарда мақала етіп басып шығарды. Өзі қайтыс болғаннан кейін, 1979 жылы жарық көрген монография және басқа да мақалалары [13] ғалымның көп жылғы қажырлы еңбегінің қортындысы болды.
Тас ғасыры кезеңіне жататын көптеген мол қазба материалдары еліміздің барлық аймақтарындағы археологтардан қабылдап, қор жинақтау жұмыстарын жүргізіп жатқан мұражайлардың бірі және бірегейі — «Ғылым ордасы» РМК археология мұражайы. Мұражай қорындағы және жаңадан қабылданған материалдар негізінде тас ғасырынан бастап, орта ғасырларға дейінгі Қазақстанның ежелгі тарихының барлық кезеңдерін бейнелейтін жаңа ғылыми экспозиция құрылды.
Мұражайдың негізгі мақсаты – Қазақстан территориясындағы көне және соңғы орта ғасыр уақытындағы адам қоғамының дамуын көрсету болып табылады. Республикамыздың аумағында мекен еткен тайпалар мен халықтар өздерінен кейін көптеген ескерткіштердің түрлерін қалдырып кеткен, сол ескерткіштер мәдениеттің және жалпы өркениеттің дамуына өз үлесін қосқанын көре аламыз.
Бірінші бөлімдегі көрме — Тас дәуіріне жатады. Витриналарда кремниден жасалған еңбек құралдары, шапқыш қарулар, қысқыштар, өзекті қару түрлері ұсынылып отыр. Олардың табылған жері — Оңтүстік Қазақстандағы Бөріқазған мен Тәңірқазған ескерткіштері болып есептелінеді.
Орта палеолит (мустье) кезеңдерін қамтитын ескерткіштер — Оңтүстік Қазақстан, Сарыарқа мен Солтүстік Балқаш жерлерінен табылған болатын. Оңтүстік Қазақстаннан табылған қарулар түрі: қысқаштар, өткірұштар, қашаулар.
Жоғарғы палеолит заттары жер бетінен және қазба барысында табылған кремниден жасалған қарулар екені байқалады, үлкен қызығушылықты, әсіресе, Қаратаудағы Ш.Ш. Уалиханов тұрағынан табылған материалдар береді. Олардың ішінде, табылған ең үлкен олжасы өткірұштардың, қашаулардың, нуклеустердің және қысқаштардың жиынтығы болып есептелінеді.
Неолит және энеолит ескерткіштері кездейсоқ және Орал облысындағы жерлеу орындарында табылған заттармен ұсынылады. Бірден ықыласқа бөленетіні — тастан жасалған кертпеленірілген орамалар, тас ұршықтар, тегісте-балтабалықтар,найзаның сүңгілері. Бірегей зат ретінде сүйектен кескінделіп жасалған, аяғы жағында реалистік көзқараспен жасалған үйрек басты таяқ саналады.
Неолит тұрақтарына археологтардың қазба жұмыстары Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында және шығыс жақтарында жүргізілген болатын. Қазбадан табылған материалдар жиынтығына шағын инелер, біздер, бұлғары тері секілді материалдар жатады. Оңтүтік Қазақстандағы Қараүңгір тұрағынан табылған микролиттік қарулардың терімі — осы көрменің сәнін келтіруде.
Мұздықтардың басталуымен төрттік геологиялық кезеңде климаттың күрт өзгеруі және жер шарының үлкен аумағындағы табиғи — табиғи жағдайлардың салдары болды. Алайда, ежелгі адамдардың өмір сүруі үшін тиісті жағдайлар барлық жерде өзгерген жоқ. Сол кезде Туран және Каспий маңы далаларының табиғи-климаттық жағдайлары ата-бабаларымыздың өмір сүруіне неғұрлым қолайлы болды, бұл туралы тас ғасырының көптеген тұрақтары дәлелдейді. Қазақстанның ежелгі тұрғындары үшін тағы бір қолайлы аумақ Қаратау жотасына іргелес аудан болды. Сондықтан осы аймақтардың ежелгі адамдары палеолиттен неолитке дейінгі мәдени қабаттар бар.