Сәттілік!!! 1-билет доктрина


-БИЛЕТ  1. «Индустрияландыру», «жаңғырту» терминдеріне анықтама беріңіз



Pdf көрінісі
бет33/49
Дата22.08.2023
өлшемі0,74 Mb.
#105472
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
БИЛЕТ ЖАУАПТАРЫ 11А

21-БИЛЕТ 
1. «Индустрияландыру», «жаңғырту» терминдеріне анықтама беріңіз. 
Индустрияландыру - ірі, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту. Партияның 1925ж.өткен XIV 
съезінде Кеңес Одағы индустрияландырудың басталғаны туралы шешім қабылдады. ЖЭС 
экономикасының өнеркәсіп секторын біршама жақсартты, жаңа бағдарлама үшін база құрды. 
Жаңғырту- заманауи талаптарға жауап беретін қайта құрулар үдерісі, қоғам өмірінің әртүрлі 
жақтарының жаңғыруы.Мәселен тәуелсіз даму жылдарында Қазақстан елеулі жетістіктерге 
жетті:қазақ мемлекеттілігі қайта өрледі, президенттік-парламенттік унитарлық мемлекет моделі 
бойынша мемлекеттік басқарудың заманауи институттары жасалды, елдің жаңа Конституциясы мен 
оған негізделген заңнама қабылданды т.б. 
2.Қазақ хандығының саяси институттарын сипаттаңыз. 


Қазақ хандығы тұсында қазақ мемлекеттілігі ру-тайпалық(кейін жүздік) жүйемен біріккен аумақ, 
билік және халықтың бірлігіне негізделген. Бұл кезеңде мемлекет екі жүйенің селбесуі түрінде көрініс 
тапты. Біріншісі, жоғарғы билік институты(хан, сұлтандар) ретіндегі белгілі саяси жүйе. Екіншісі, 
биліктің ру-тайпалық ұйымы, онда әрбір ру мен тайпа би, құрылтай, ұлыстардың көмегімен 
басқарылды.
Хан етіп сұлтанды-Шыңғыс ханның тікелей ұрпағын ғана жариялауға болатын.Ханның айналасында 
кеңесшілер, әскербасылар, нөкерлер, сондай ақ жасақ пен төлеңгіттер болды. Құрылтай ақсүйектердің 
жиналып, маңызды қоғамдық істерді шешетін жалпы жиналысы болды.Құрылтай Шыңғыс ханның 
Ұлы жасағымен және қазақтың құқықтық жинақтарымен бекітілген. Рулар мен тайпалардың 
басшылары-билер халық мүдделерін қорғайтын өзіндік бір "ұлттық үкімет" болды. Биліктің үштігі 
қалыптасты:"хан-билер-халық". Батырлар бейбіт уақытта ұлыс сұлтандары, билер мен ақсақалдар 
билігіне бағынса, ойрат басқыншылығы мен хандықтың батыс шекараларындағы күрделі жағдайға 
байланысты қоғамдағы рөлі арта түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет