●
Жекешелендірудің төртінші кезеңі 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1994 жылдың аяғынан бастап экономикада бетбұрыстың
алғашқы белгілері байқалды: мысалы инфляция деңгейі төмендеді. Бұл ретте 1993 жылы ұлттық
валюта – теңгенің енгізілуі экономиканың жандануына көп жағдайда ықпал етті, бұл елге дербес ақша-
кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
3)Қазақстан Республикасы Көші-қон-құқықтық саясатының негізгі бағыттары мен принциптер:
репатриация, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы және ішкі көші-қон ағынын реттеу,
көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау және қорғау, кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол
бермеу; көшіп-қонушылардың да, ел азаматтарының да құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз
ету; ұлттық заңнама ережелері мен халықаралық міндеттемелерді орындау.
Осылайша, 1992 жылы маусымда көші-қон процесін заңнамалық реттеудің құқықтық негіздерін
қамтитын "Иммиграция туралы" заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ел аумағында заңды түрде жүрген әрбір
адамның еркін жүріп-тұру құқығы бар. Ал 1997 жылдың желтоқсанында "Халықтың көші-қоны
туралы" заң қабылданды. Оның пайда болуы осы уақытқа дейін Қазақстаннан орыс тілді халықтың
кетуінің айтарлықтай артуымен байланысты болды. Оған мысал 1999 жылғы санақ(14 млн 953 мың)
пен 1989 жылғы санақпен (16 млн 199 мың) салыстырғанда 7,7% кеміген яғни 1,246 млн адамға
кеміген. Ал 2009 жылы 6.8% өсті. 1994 жылы елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991-2008 жылдары
республикалық жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына түсті. 1991-93 жылы Моңғолиядан 60
мыңға жуық қазақ көшіп келді.
///////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////
Достарыңызбен бөлісу: