Қазақ хандығы тұсында қазақ мемлекеттілігі ру-тайпалық(кейін жүздік) жүйемен біріккен аумақ,
билік және халықтың бірлігіне негізделген. Бұл кезеңде мемлекет екі жүйенің селбесуі түрінде көрініс
тапты. Біріншісі, жоғарғы билік институты(хан, сұлтандар) ретіндегі белгілі саяси жүйе. Екіншісі,
биліктің ру-тайпалық ұйымы, онда әрбір ру мен тайпа би, құрылтай, ұлыстардың көмегімен
басқарылды.
Хан етіп сұлтанды-Шыңғыс ханның тікелей ұрпағын ғана жариялауға болатын.Ханның айналасында
кеңесшілер, әскербасылар, нөкерлер, сондай ақ жасақ пен төлеңгіттер болды. Құрылтай ақсүйектердің
жиналып, маңызды қоғамдық істерді шешетін жалпы жиналысы болды.Құрылтай Шыңғыс ханның
Ұлы жасағымен және қазақтың құқықтық жинақтарымен бекітілген. Рулар мен тайпалардың
басшылары-билер халық мүдделерін қорғайтын өзіндік бір "ұлттық үкімет" болды. Биліктің үштігі
қалыптасты:"хан-билер-халық". Батырлар бейбіт уақытта ұлыс сұлтандары, билер мен ақсақалдар
билігіне бағынса, ойрат басқыншылығы мен хандықтың батыс шекараларындағы күрделі жағдайға
байланысты қоғамдағы рөлі арта түсті.
Достарыңызбен бөлісу: