Академиялық түсіндірілім: Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке түсініктеме:
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз -шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру жауапкершілігі.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің әрекет белгілері: а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;
ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;
б) борышқорды міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.
ЕБҚ оқушыға өзіне қажетті көмек деңгейіне қарай бірнеше карточка ұсыныңыз
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қызметтері: Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығын келтірген тұлғаның мүлкінің азаюы.
Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаның мүліктік жағдайын қалпына келтіру
Міндеттеме артрибуттары (ерекшеліктері):
Мiндеттеме деп отырғанымыз – бiр адам (борышкер) басқа адамның (несие берушiнiң) алдында ие болған мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер тізбесі. Міндеттеме бөліктері: Айып төлеу ұғымы Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.
Кепiл ұғымы Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) егер де борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiлге салынған мүлiк құнынан ақша өндіру әдiсi.
Кепiлпұлұғымы. Уағдаласушытараптардыңбiреуiнiңшартбойыншаөзiненалынатынтөлемнiңесебiненекiншiтарапқажәнешартжасау мен орындауды не өзгемiндеттеменiорындаудықамтамасызетугеберiлетiнақшалай сома кепiлпұлдептанылады. ЕБҚ оқушыға тапсырманы орындау үлгісі, шешу тәсілін көрсету, пайымдау үлгісін ұсыныңыз