Контрасты зат 5-7 минуттан кейін жасалған суретте контрастылеудің нефротикалық фазасы анықталады. 10-15 минуттан кейін несепағардың алдыңғы бөлімі мен бүйрек түбекшесі контрастіленеді. Несепағарлар мен қуық контрасты затпен толық 20-30 минутта толады.
Көрсеткіштері
Экскреторлы урография жасауға көрсеткіштері:
Гематурия;
Бел аймағындағы ауырсынулар;
Зәр шығару жолдарының инфекциялық аурулары;
Зәр тас ауруына күдік туғанда;
Несепағар обструкциясы
Туа пайда болған аномалияларда;
Жарақаттар
Экскреторлы урография жасауға қарсы көрсеткіштері:
Йоды бар заттарға аллергиясы болса;
Жедел гломерулонефрит;
Бүйрек жеткіліксіздігі (жедел және созылмалы);
Тиреотоксикоз;
Қант диабетімен ауыратын науқастарда (глюкофаж қабылдаған жағдайда);