Балаларда қуық-несепағар рефлюксіне күдік болған жағдайда жасалынатын зерттеу әдіс. Қуыққа контрасты зат жібергеннен кейін, зәр шығару кезінде суреттерге түсіріледі. Контрасты зат қуықтан несепағарға өткенін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.
Бүйректердің ангиографиясы
Жекелеген қиын диагностикалық жағдайларда, негізінен емдеу шараларында бүйрек тамырларына селективті ангиография жүргізіледі. Арнайы катетермен сан артериясы арқылы бүйрек артериясына контрасты зат жібереді. Енгізу кезінде сериялы кинотүсіруді жүзеге асырады.
Керек болған жағдайда арнайы құралдармен кейбір ем-шаралар жүргізіледі. Мысалы, бүйрек артериясының қысылуы кезінде стентирлеу жасалынады.