Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері



бет42/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83
Байланысты:
158 СП РК 4.03-101-2013

Түтіндік және желдету арналары
Е.1 Аталмыш қосымшада газ пайдаланатын құрылғылар, тұрмыстық жылытқыш және жылыту-қайнату пештеріне арналған түтіндік және желдету арналарын жобалау ережелері ұсынылады.
Өндірістік ғимараттар мен қазандықтар үшін газ пайдалану құрылғыларының түтіндік арналарын жобалауда ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 талаптарын басшылыққа алу керек.
Қазандықтарды, өндірістік пештерді және басқа да құрылғыларды қатты және сұйық отыннан газдық отынға ауыстырғанда газ ауа жолының тексеру есебі орындалады.
Е.2 Түтіндік және желдету арналарын орнату ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 талаптарына сәйкес болуы керек.
Е.3 Газ пайдалану құрылғысының қоғамдық тамақтану, сауда, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ғимараттарына, тұрғын үйге орнатылған түтін арналарын тұрғын үй түтін арналарымен біріктіруге болмайды.
Жоғарыда аталған ғимараттардың желдетілуі дербес болуы қажет.
Е.4 Бір пәтерге сыйымды өлшемді кеңсе ғимараттарына орнатылған газ пайдаланатын жабдықтардың жану өнімдерін және желдетілуін тұрғылықты ғимараттардағыдай қарастыру керек.
Е.5 Тұрмыстық пештер мен газ пайдалану құрылғыларының жану өнімдерін түтіндік арнаға (түтін мұржасына) бұрғанда (бұдан әрі арна) әр пеш немесе құрылғы үшін ерекшеленген арна бойымен атмосфераға шығаруды қарастырады.
Қолданыстағы ғимараттарда бір арнаға ғимараттың бін немесе әр түрлі қабаттарында орналасқан екі пеш, құрал, қазандық немесе аппарат жалғауға жол беріледі, бұл жағдайда жану өнімдері әр түрлі деңгейдегі (бір –бірінен 0,75 м қашықтықта орналасқан) немесе бір деңгейдегі биіктігі 0,75 м кем емес арна арқылы шығарылады.
Тұрғын үй ғимараттарында бір тік түтін арнасына бірден көп газ пайдаланатын жылытқыш саңылаусыз жану камерасы және түтінді газдарды мәжбүрлі жою құрылғысы бар құрылғы жалғанады. Аталмыш құрылғыны ғимараттың әр түрлі қабаттарына орналастырады. Бір арнаға жалғанатын құрылғылар саны есептеу арқылы анықталады.
Тұрмыстық құрылғыларды ұзақ уақыт жанатын жылыту пеші арнасына жалғауға болмайды.
Е.6 Газ құрылғысы арналарын ғимараттың ішкі қабырғаларына орнатады немесе осы қабырғаларға қойылатын арналар қарастырылады.
Қолданыстағы ғимараттарда ғимараттың сыртқы қабырғасына орнатылатын жанбайтын материалдан жасалған түтіндік арналар пайдаланылады немесе оларға қойылатын арналар қарастырылады.
Е.7 Маусымды түрде қолданылатын газ пайдалану құрылғысын (ағынды су жылытқыш және т.б.) маусымды түрде жағылатын жылыту пеші арнасына олар бір қалыпты жұмыс жасаған жағдайда жалғауға болады, бұл жағдайда жалғанатын құрылғыдан жану өнімдерін жоюға арналған арнаның қиылысы жеткілікті болуы керек.

98


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Газ пайдалану құрылғысының жалғастырғыш түтігін жылыту пешінің түтіндігі айналымына жалғау қажет емес.
Е.8 Арнаның қиылысу ауданы газ жалғанатын пайдаланатын құрылғының немесе пештің келте құбыры қиылысы ауданынан аз болмауы керек. Арнаға екі құрал, аппарат, қазандық немесе пеш жалғаған жағдайда оны олардың бір мезгілдегі жұмысын ескере отырып анықтау керек. Арналардың құрылымдық өлшемдері есептеу арқылы анықталады.
Е.9 Мейрамхана пештерінен, ас пісіру қазандарынан жану өнімдерін шығаруды әр құрылғы үшін жекелеме арна ретінде де, ортақ арна ретінде де қарастыруға болады. Бір-біріне тікелей жақын орнатылған газ пайдаланатын құрылғылардан жану өнімдерін шығару кезінде бір шатыр астына жіберіп, содан соң жинақ арнасына жинақтайды.
Бірнеше құралдарға ортақ жалғастырғыш құрылғылар қарастырылады.
Арналар мен жалғастырғыш түтіктердің қиылыстары бір арнаға және жалғастырғыш түтікке жалғанған барлық құралдардың бір мезгілдегі жұмысы жағдайын ескере отырып анықталады.
Е.10 Түтін арналарын кәдімгі керамикалық кірпіштен, сазды кірпіштен, ыстыққа тұрақты бетоннан, сонымен қатар бір қабатты ғимараттар үшін болат және асбестцемент құбырлардан жасауға болады. Кірпіштен жасалған арналардың сыртқы қабатын аязға тұрақтылығы ҚР ҚНжЕ 5.02-02-2010 сәйкес кірпіштен жасау керек.
Сондай-ақ түтіндік арналар зауытта дайындалып, жинақтамада газ құрылғысымен жеткізілуі мүмкін.
Асбестцементті және болат құбырларды ғимараттан тыс орнатқанда немесе ғимарат шатыр асты жайы арқылы өткенде конденсат түзілуінің алдын алу үшін жылу оқшаулануы керек. Сыртқы қабырғалардағы түтіндік арналар құрылымы шық нүктесінен жоғары шығысындағы газ температурасын қамтамасыз етуі тиіс.
Арналарды шлакбетонды немесе басқа да тығыз емес және кеуекті материалдардан жасауға болмайды.
Е.11 Арналар тік және көлбеу емес болады. Арналарды бір жағына м дейінгі 30° ауытқуына жол берілері, бұл жағдайда арнаның еңкіш үлескілеріның қиылысу ауданы тік үлескілер қиылысынан аз болмауы керек.
Мейрамхана пештерінен, ас пісіру қазандарынан және осыған ұқсас газ құралдарынан жану өнімдерін шығару үшін еденнің жанатын және қиын жанатын құрылымы мен жабыны өртке қарсы өңделген жағдайда еденге жалпы ұзындығы м артық емес көлденең арна үлескілерін орнатуға болады. Арналар тазарту үшін қол жетімді болуы тиіс.
Е.12 Газ пайдаланатын құрылғыны арнаға мырышталған болаттан немесе төсемеден жасалған, қалыңдығы мм кем емес жалғастырғыш түтіктермен, иілгіш горрфирленген металл келте құбырлармен немесе құрылғымен жинақтамада жеткізілетін элементтермен жалғайды.
Жаңа ғимараттарда жалғастырғыш түтіктердің көлденең үлескілерінің қосынды ұзыдығы 3 м кем емес, қолданыстағы ғимараттарда – 6 м артық емес болуы керек.
Жалғастырғыш түтік газ құрылғысы орналасқан жаққа қарай 0,01 шамада еңкеюі керек.

99


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
Жалғастырғыш құбырларда дөңгелену радиусы құбыр диаметрінен кем емес үш айналым қарастырылады.
Жалғастырғыш құбырдың арнаға жалғасқан жерінен төмен тазалауға арналған орны бар еркін қол жетімді «қалта» құрылғысы қарастырылады.
Жылытылмайтын ғимараттар арқылы тартылатын жалғастырғыш құрылғылар жылу оқшаулануы тиіс.
Е.13 Газ пайдалану құрылғысынан жалғастырғыш құбырды тұрғылықты бөлмелер арқылы тартуға болмайды.
Е.14 Жалғастырғыш құбыр мен жанбайтын материалдан жасалған төбе немесе қабырғаның ара қашықтығы 5 см кем емес, ал жанатын және қиын жанатын материалдан жасалған қабырғалар мен төбеден – 25 см кем емес болуы керек. Ара қашықтықты 25 см-ден жанатын және қиын жанатын құрылым асбест бойымен қалыңдығы 3 мм кем емес төсемелік болатпен қорғалған жағдайда 10 см дейін азайтуға болады. Жылу оқшаулағыш жалғастырғыш құбыр өлшемдерінен әр жағынан 15 см шығыңқы болуы тиіс.
Е.15 Бір газ пайдалану құрылғысына бір арна жалғағанда және тұрақтандырғышы бар құрылғы жалғағанда жалғастырғыш түтіктерге тартқыш шибер қолданылмайды.
Жинақты түтіндікке тартқыш тұрақтандырғышы жоқ газ пайдалану құрылғысын жалғағанда жалғастырғыш құбырларда диаметрі 15 мм кертіктері бар шибер қарастырылады.
Е.16 Жылыту пешіне маусымды түрде пайдаланылатын газ жанарғысын орнатқанда пеш құрылымына шибер қарастырылуы тиіс. Үздіксіз жағылатын пештерге шибер орнатуға болмайды. Жылыту-қайнату пешін газдық отынға ауыстырғанда оның үш шибері болуы тиіс (біреуі – жазда пайдалануға, екіншісі –қыста пайдалануға және үшіншісі - желдеткіш).
Е.17 Газ пайдалану құрылғыларфының түтіндік арналары (Г.1. сурет):


  • шатырдың қалқанынан немесе ойып жасалған атшасынан (көлденең есептегенде) олар 1,5 м қашықтықта орналасқан жағдайда 0,5 м биік;




  • шатырдың қалқаны мен ойып жасалған атшасы 3 м қашықтықта орналасқан жағдайда қалқан мен атшамен бір деңгейде;




  • құбырлар қалқан немесе атшадан 3 м қашықтықта орналасқанда атша немесе қалқаннан төмен қарай көкжиекке 10° бұрышпен жүргізілген түзуден төмен емес;




  • арнаға жақын жерде ғимараттың биік бөліктері, құрылыстар немесе ағаштар бар болса, жел тіреуіші аймағынан 0,5 м кем емес биіктікте.

100


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет