3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР Аталмыш нормативті құжатта келесі терминдер сәйкес анықтамаларымен қолданылады.
3.1 Газреттегіш жүйе: Магистральді газ құбырынан газ тұтынушы жүйелерге дейін тауарлы газды тасымалдау үшін арналған, газ құбырларынан (линиядағы бөлімдер) және солармен түйіндескен объектілерден тұратын технологиялық өзара байланысты құрылымдардың кешені.
3.2 Газреттегіш желі: Сыртқы газ құбырларының өндіру көзінен бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі жүйесі және олардағы құрылымдар мен техникалық қондырғылар.
3.3 Газреттегіш көздер: Газбен қамту жүйесінің газ реттеу жүйесіне газ беруге арналған (мысалы, газреттегіш бекет - ГРБ) газбен қамту жүйесінің элементі.
3.4 Сыртқы газ құбыры: Ғимараттан тыс, ғимарат сыртқы құрылымының шегіне дейін тартылған газреттеу немесе газ тұтыну желісінің жерасты және (немесе) жерүсті газ құбыры.
3.5 Ішкі газ құбыры:Ғимараттың сыртқы құрылымынан ғимарат ішінде орналасқан газ пайдалану құрылғысына қосылғанға дейін тартылған газ құбыры.
3.6 Газпайдалану құрылғысы: Отын ретінде газ пайдаланатын құрылғылар.
3.7 Газ жабдығы: Газ құбырларының құрамдас элементтері ретінде қолданылатын толығымен зауытта дайындалған техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтаушылар, құбыр жолы ілгекті темір арқауы және т.б.)
3.8 Газбен қамтамассыз етілетін объектілердің қорғалатын аймағы: Қолданудың қауіпсіз жағдайларын қамтамассыз ету және олардың зақымдану мүмкіндігін шектеу мақсатында газбен қамтамассыз ету жүйелерінің объектілерінің айналасында орнатылатын, пайдаланудың ерекше жағдайлары бар аумақ.
3.9 Тауарлы газ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының және техникалық регламенттердің талаптарының сапалы және сандық мазмұнының компоненттері бойынша жауап беретін және шикі газды қайта өңдеу өнімі болып табылатын, газ тәрізді жағдайдағы, метанның басымдылығы бар көмірсутектердің көп құрамдас қоспалары.
3.10 Жер асты газ құбыры: Жер беті деңгейінен төмен тартылған немесе топырақ үйілген жер бетінде тартылған сыртқы газ құбыры.
3.11 Жерүсті газ құбыры: Жер бетінде немесе топырақ үйілмеген жер бетінде тартылған сыртқы газ құбыры.
4
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013 3.12 Суасты газ құбыры: Қиылысатын су бөгеттерінің түбі деңгейінен төмен тартылған сыртқы газ құбыры.
3.13 Жеке баллонды қондырғы: Газды газреттеу желісіне беруге арналған СКГ екіден көп емес баллоннан, газ құбырынан, техникалық қондырғылардан тұратын технологиялық құрылғы.
3.14 Газ құбырын тартудың қысылған жағдайлары: Газ құбырын тартудың нормативті құжатта регламенттелген ара қашықтықты сақтау мүмкін болмайтын жағдайлары.
3.15 Газ шығыны қауіпсіздігі қақпақшасы (контроллер): Газ шығыны белгілі мәннен асып кеткенде газ құбырындағы газ ағысын автоматты тоқтататын құрылғы.