Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Жӛндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жобасының құрамы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата28.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#53286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1 03 16 2013

 
6 Жӛндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жобасының құрамы мен мазмұны
6.1 Жұмыс жүргізу жобасы күрделі жұмыс ұйымдастыру жосының құрамында 
күрделі жӛндеу ӛткізу мерзімдерін қысқартатын жӛндеу-құрылыс жұмыстарының 
аса тиімді технологияларын таңдау мақсатында әзірленді. 
6.2 Жұмыс жүргізу жобасы құрылыс жұмыстарын дайындаудың ұйымдастыру-
технологиялық жүйесіндегі негізгі құжат, ол объект үшін еңбекті қорғауға, 
экологиялық қауіпсіздік пен жұмыс сапасына қойылатын технологиялық 
ережелерге, талаптарға сәйкес жұмыс жүргізудің ұйымдастырылуын реттейді, 
инженерлік қондырғылардың және құрылыс алаңының жабдықталу тәртібін 
белгілейді. 
Құрылыс процесін модульдеу, мүмкін болатын тәуекелдердің болжауын 
қамтамасыз етеді және құрылыстың қолайлы мерзімдерін анықтайды. 
6.3 Жұмыс жүргізу жобасы осы жобаға тапсырыс берушінің берген (бекіткен) 
тапсырмасы негізінде және жобаның кӛлемі мен оны әзірлеу мерзімдері бойынша 
негізгі мәліметтер енгізіліп, әзірленуі тиіс 
6.4 Жұмыс жүргізу жобасы жұмыс сызбалары бойынша күрделі жӛндеу 
ұйымдастыру жоспарының негізінде күрделі жӛндеуге дайындық кезеңіндегі 
жұмыстарға, жӛндеу-құрылыс жұмыстарының жеке түрлерін орындауға, сондай-ақ 
ғимаратты тұтас жӛндеуге және (немесе) оның құрама бӛліктеріне жасалады. 
6.5 Жұмыс жүргізу жобаларының құрамы мен мазмұнын анықтағанда олардың 
орындалу ерекшеліктері күрделі жӛндеу түріне байланысты, конструкцияларды 
күшейту, орнықтыру және ауыстыру жӛніндегі арнайы жұмыстың орындалу 
қажеттілігін, құрылыс процестерін орындау шарттарын ескеру дұрыс болады. 
6.6 Жұмыс жүргізу жобасын бас жобалаушы ұйым әзірлеуге міндетті. 
Арнайы мамандырылған қосалқы мердігер ұйымдардың күшімен орындалатын 
арнайы жұмыстарды жүргізу мәселелерін неғұрлым егжей-тегжейлі жобалық әзірлеу 
қажет болғанда , осы ұйымдар жұмыс жүргізу жобасының тиісті бӛлімдерін дамыту 
үшін жұмыстың арнайы түрлерін жүргізу жобаларын әзірлеуге міндетті. 
6.7 Жұмыс жүргізу жобалары жӛндеу-құрылыс жүргізудің прогресшіл әдістері 
мен тәсілдерін ескере отырып әзірленуі, сонымен қатар мыналарды қарастыруы тиіс: 
индустриалдық конструкциялар, детальдер мен зауытта жасалатын түйіндерді, 
құрылыстың жартылай дайындалған ӛнімдерін қолдану; 
жӛндеу-құрылыс жұмыстарын механикаландыру арқылы қолмен жұмыс істеуді 
барынша қысқарту; 
еңбек шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологиялық 
процестерді қолдану; 
мүлік технологиялық және ұйымдастыру жабдықтарын, ұтымды құралдарды 
барынша қолдану; 
жӛндеу-құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін жүйелік модельдерді, 
диспетчерлендіруді, электрондық-есептеу техникасын қолдану; 


секцияға, қабатқа, пәтерге және т.б. материалдар мен бұйымдардың толымды 
жеткізілуін қолдану; 
еңбек ұйымдастырудың бригадалық алдыңғы қатарлы түрлерін қолдану; 
шаруашылық есеп негізінде бригадалық мердігерлікті жан-жақты тарату
әртүрлі жӛндеу түрлерінің ерекшеліктері, табиғи-климаттық, сондай-ақ басқа да 
ерекше жағдайлар; 
жұмыс жүргізуге дайындау жӛніндегі шаралардың толық кешенін күрделі 
жӛндеу басталғанша орындау; 
құрылыс ағынын жӛндеу объектілерінде бір бірімен байланысты технологиялық 
процестердің уақытымен қоса атқарылуын, мердігерлік бӛлімшелерде ӛндірістік 
ресурстар мен ӛндірістік қуаттардың біркелкі пайдаланылуын ұйымдастыру; 
ең ӛндіргіш машиналарды (екі немесе үш ауысымда) тиімді пайдалану, сондай-
ақ аз механикаландырылған құралдарды қолдану 
еңбек қорғау, сондай-ақ жарылыс және ӛртке қауіпсіздігі ережелерін сақтау; 
қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі шараларды орындау; 
жӛндеу-құрылыс ұйымдарының ұйымдастыру-техникалық шаралар жоспарын 
сақтау; 
жӛндеу-құрылыс жұмыстары сапасына қойылған талаптар деңгейін қамтамасыз 
ететін технологиялық процестерді қолдану. 
6.8 Жұмыс жүргізу жобасын әзірлеу үшін келесілер негізгі материалдар болуы 
тиіс: 
жұмыс жүргізу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма, Д-қосымшасы; 
күрделі жұмыс ұйымдастыру жобасы (күрделі жӛндеу ұйымдастыру жӛніндегі 
негізгі ережелер); 
осы Нұсқаулықтың 5.8-тармағында кӛрсетілген материалдар, қажет болғанда 
олардың анықтауларымен; 
жоба сараптамасының қорытындысымен бекітілген жобалау-сметалық 
құжаттамалар; 
күрделі жӛндеудің басталуы мен аяқталуының жоспарлық мерзімдері; 
құрылыс ӛнімдерінің кӛлемі; 
ӛндірістік процестің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жӛніндегі шешімдер. 
6.9 Жұмыс жүргізу жобасының құрамына мыналар енгізілуі тиіс: 
а) объект бойынша жұмыс жүргізудің күнтізбелік жоспары, Е-қосымшасы, 1-
нысан немесе жүйелік кесте; 
б) құрылыстың бас жоспары; 
в) объектіге құрылыс конструкцияларының, детальдердің, материалдар мен 
жабдықтардың түсу кестесі, Е-қосымшасы, 2-нысан; 
г) объект бойынша жұмысшы кадрларды қажетсіну кестесі, Е-қосымшасы, 3-
нысан; 
д) объект бойынша негізгі құрылыс машиналарын қажетсіну кестесі, Е-
қосымшасы, 4-нысан; 
е) жұмыстың 
жеке 
түрлерінің 
технологиялық карталары (технологиялық схемалары); 
ж) жобалық әзірлеуді талап ететін қауіпсіздік техникасы жӛніндегі шешімдер; 
з) бригадалық мердігерлік әдіспен жұмыстар орындау жӛніндегі шаралар; 


и) уақытша (су құбырлары, энергиямен қамсыздандыру және т.б.) жүйелерді, 
құрылыс алаңдары мен жұмыс орындарын қажет болғанда қоректену кӛздерінен 
объектіге бұру жұмыс сызбаларының әзірленуімен жарықтандыру орналастыру; 
к) түсіндірме жазба; 
л) жұмысшы кадрлардың объект бойынша қозғалу кестесі, Е-қосымша, 5-нысан; 
п) объект бойынша негізгі құрылыс машиналарының қозғалу кестесі, 
Е-қосымшасы, 6-нысан; 
р) жұмыс түрлерін орындаудың технологиялық карталары; 
с) жӛндеу-құрылыс жұмыстарын бақылау бойынша шешімдер, Е-қосымшасы, 
7-нысан; 
т) сызбалар тізімдемесі, Е-қосымшасы, 8-нысан; 
о) уақытша ғимараттар мен имараттардың орналасуы, Е-қосымшасы, 9-нысан. 
6.10 Жұмыс жүргізу жобасын әзірлеу кезектілігі бойынша ұсыныстар Ж-
қосымшасында кӛрсетілген. 
6.11 Тұрғын ғимараттардың күрделі жӛндеуі жӛніндегі жұмыстарды жүргізгенде 
күнтізбелік жоспарға жоспарлаудың барлық құжаттары жатады, оларда құрылыс-
монтаждау жұмыстарының кӛлемдері және ұйымдастыру және техникалық 
шешімдер негізінде күрделі жӛндеудің жүзеге асырылуының реттілігі мен мерзімдері 
белгіленген.
6.12 Объектінің жӛндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік 
жоспарында немесе жүйелік кестеде жӛндеу-құрылыс, монтаждау және арнайы 
жұмыстарды уақыт бойынша барынша қоса атқарумен жұмыстардың орындалу 
реттілігі мен мерзімдері белгіленеді, еңбек ресурстарын қажетсіну анықталады, 
сондай-ақ бригадаларға тапсырылатын (бригадалық мердігерлік әдісі бойынша 
жұмыс істеушілерді бӛлумен) жұмыстардың кезеңдері мен кешендері бӛлінеді, 
бригаданың сандық, кәсіби және біліктілік құрамы анықталады.
6.13 Күнтізбелік жоспарлардың әртүрлі жобалық құжаттарға (кестелерге) 
арналған бағытталуы З-қосымшасында кӛрсетілген. 
6.14 Күрделі жӛндеу жүргізудің күнтізбелік жоспарларына сәйкес қамтамасыз 
етудің күнтізбелік жоспарлары – жұмысшы кадрларды және материалдық-
техникалық ресурстарды қажетсіну кестесі әзірленеді. 
6.15 Күнтізбелік жоспар келесі тәртіпте әзірленеді: 
а) жұмыстар тізбесі (номенклатурасы) құрастырылады; 
б) жұмыстар тізбесіне сәйкес әрбір түр бойынша кӛлемдер; 
в) негізгі жұмыстар жүргізу және жетекші машиналар шығару әдістерін 
таңдау жүргізіледі; 
г) машина- және еңбек сыйымдылығының нормативі есептеледі; 
д) бригадалар мен буындар құрамы анықталады; 
е) жӛндеу-құрылыс жүргізудің әзірленген әдістерін және қабылданған 
технологияларды ескере отырып, әртүрлі жұмыс түрлерін орындау және қоса атқару 
мүмкіндігінің реттілігі белгіленеді; 
ж) жұмыстың ауысымдылығы белгіленеді; 
з) жеке жұмыстардың ұзақтығы және олардың ӛзара қоса атқарылуы 
анықталады; 
осы деректер бойынша орындаушылар саны мен ауысымдары бір 
уақытта түзетіледі; 


и) есептелген ұзақтылығы нормативпен салыстырылады және қажетті түзетулер 
енгізіледі; 
к) технологиялық карталар болғанда, олардың жергілікті жағдайдағы 
(мерзімдердің жетекші механизмдердің сәйкестігі, талап етілетін есептердің болуы 
және т.б.) жақындығы нақтыланады және карталардың кіріс деректері объект 
жұмысының күнтізбелік жоспарының жеке кешендері бойынша есептілік ретінде 
қабылданады. 
6.16. Құрылыстың бас жоспарында мыналар кӛрсетіледі: 
құрылыс алаңдарымен шекаралас жӛндеу объектілерінің, ғимараттардың, 
имараттардың, учаскелердің орналасуы; 
объект жанындағы тұрақты және уақытша кӛлік жолдары, жаяу жүргіншілер 
жолдары мен қиылыстары, сумен қамтамасыз ету жүйелері, кәріз, электрмен 
жабдықтау, жылу жүйелері (қажет болғанда); 
жӛндеу 
қажеттілігіне 
пайдаланылатын 
кӛтеру-кӛлік 
құралдары, 
механикаландырылған қондырғылар, қоймалар, уақытша ғимараттар, имараттар, 
сондай-ақ құрылысшыларға тұрмыстық қызмет кӛрсетуге арналған жайлар, қауіпті 
зоналар мен жүккӛтергіш крандардың жұмысына тыйым салынған зоналар, құрылыс 
алаңы бойынша қауіпсіз ӛту жолдары мен оған шектес аумақтар. 
Қажет болғанда, құрылыстың бас жоспары күрделі жӛндеудің әртүрлі кезеңдері 
(қайта монтаждау және монтаждау жұмыстары, инженерлік жүйелері, әрлеу 
жұмыстарының монтажы және т.б.) үшін әзірленуі тиіс. 
Отыратын топырақтағы сулы процестерді пайдаланумен жӛнделетін су бӛлетін 
пункттер, уақытша ғимараттар мен механикаландырылған немесе бар ғимараттар 
мен имараттар жағынан рельеф бойынша тӛмен орналасқан қондырғылар құрылыс 
алаңында орналасуы тиіс. 
Су бӛлетін пункттер, имараттар мен қондырғылардың жан жағындағы алаң 
жоспарланған, су бұруды ұйымдастырған су ӛткізбейтін материалмен тегістелген 
және жабылған болуы тиіс. 
6.17 Объектке құрылыс конструкцияларының, детальдердің, материалдар мен 
жабдықтардың түсу кестелерінде осы материалдық-техникалық ресурстардың тек 
қана тұтас объект бойынша ғана емес, сондай-ақ әрбір мердігерлік бригада бойынша 
түсуі туралы деректер болуы тиіс. 
6.18. Объект бойынша жұмысшы кадрларды қажетсіну кестесінде 
жұмысшылардың айлар, апталар, күндер бойынша орташа тәулік саны 
туралы деректер болуы тиіс. 
6.19. Объект бойынша негізгі құрылыс машиналарын қажетсіну кестесін 
уақытында орындалуды ескере отырып әзірлеу қажет. 
6.20 Технологиялық карталарда (технологиялық схемаларда) жеке жұмыстарды 
орындаудың жұмыс жүргізу реттілігі мен әдістері еңбек шығыны мен материлдарды, 
жабдықтауды, тетіктерді және қорғану құралдарын қажетсіну кӛрсетіліп, жазылады. 
Технологиялық карталардың (схемалардың) құрамына жӛндеу-құрылыс 
жұмыстары түрлерінің сапасын операциялық бақылау енгізілуі тиіс. 
6.21 Техника қауіпсіздігі бойынша шешімдерде жұмысшылардың объектіде 
қауіпсіз жағдайда болуы жӛніндегі талаптар кӛрсетіледі. 


Жұмыс жүргізу жобаларындағы техника қауіпсіздігі бойынша шаралардың 
құрамы мен мазмұны ҚР ҚНмЕ 1.03-05, ҚР ҚНмЕ 1.03-06 және ӛзге де нормативтік 
құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс. 
6.22 Қосалқы мердігер ұйымдарымен келісілген және бас мердігер және 
қосалқы мердігер ұйымдардың шаруашылық есептегі бригадаларының жұмыс 
кестесі, еңбек шығының, еңбекақының, материалдық және басқа да ресурстардың 
калькуляциясы, бригадаларды техникалық құралдармен техникалық жабдықтаудың 
техникалық кешендерінің құрамы енгізілген жұмыс сызбаларда бар деректер 
негізінде бригадалық мердігерлік әдіспен жұмыстарды орындау жӛніндегі шаралар 
құрастырылады. 
6.23 Жӛндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жобасының құрамындағы 
түсіндірме жазбада келесілер болуға тиіс: 
Жӛндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жӛніндегі шешімдердің, сонымен қатар 
қысқы мерзімде орындалатын жұмыстардың негіздемелері; 
энергетикалық ресурстардың қажеттілігі; 
учаскелеріне байланысты жағдайдың қажеттілігі есебімен және негіздемесімен 
жасалған уақытша ғимараттар мен имараттардың құрылыс алаңының тізбесі; 
инженерлік комплектацияларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар; 
еңбек ұйымдастыруда қолданылатын нысандар бойынша шешімдер; 
материалдардың, детальдердің, конструкциялар мен жабдықтардың сақталуын 
қамтамасыз етуге бағытталған шаралар және оларды ұрлауды қоспағанда; 
конструкцияларды бӛлшектеуден және инженерлік жабдықтарды қайта 
монтаждаудан түскен материалдар мен бұйымдарды қайта пайдалану материалдары; 
жӛндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау жӛніндегі шаралар; 
жасырын жұмыстарға арналған актілер тізбесі; 
табиғи ортаны қорғау шаралары; 
техника-экономикалық кӛрсеткіштер; 
жӛндеу-құрылыс жұмыстарының (тауарлық құрылыс ӛнімдерінің) кӛлемі мың 
теңгеде, орындаушылар, сондай-ақ тоқсандар және айлар бойынша бӛлумен; 
жӛндеудің жұмыс күніндегі ұзақтығы; 
еңбек бойынша жалпы кӛрсеткіштер, орындаушылар, сондай-ақ тоқсандар және 
айлар бойынша бӛлумен (жұмыстар сыйымдылығы адам-күн санында, орта тізімдегі 
бір жұмысшыға арналған жұмыс ӛнімділігі, теңгеде), жұмыс сыйымдылығының 
үлестік кӛрсеткіштері; 
негізгі жұмыстарды механикаландырудың деңгейі. 
6.24 Техникалық жағынан күрделі емес объектілердің күрделі жӛндеу жӛніндегі 
жұмыс жүргізу жобасы күнтізбелік жоспардан, құрылыстың бас жоспарынан, 
техника қауіпсіздігі бойынша шаралардан, құрылыс конструкцияларының, 
детальдердің, материалдар мен жабдықтардың объектіге түсу кестесінен, ӛндірістік 
жабдықтау, жабдықтар мен тетіктер тізбесінен, қажетті негіздемелер мен техника-
экономикалық кӛрсеткіштермен қысқаша түсіндірме жазбадан тұруы тиіс. 
6.25 Әзірленген күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобалары мен жұмыс жүргізу 
жобалары және технологиялық карталар сапаларын бақылау бойынша ұсыныстар И-
қосымшасында кӛрсетілген. 
6.26 Жұмыс жүргізу жобасы құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаушы 
ұйымның басшысымен, ал арнайы жұмыстар жүргізу жӛніндегі жеке жоба – тиісті 


мамандырылған ұйымның басшысымен бас мердігердің немесе объект үшін жауапты 
ӛзге де ұйымның келісімі бойынша келісіледі. 
6.27 Тұрғын ғимаратта тұрғындарды кӛшірмей күрделі жӛндеу жұмыстарын 
жүргізу жобасы кондоминиум объектісін басқару органымен келісілуі тиіс. 
6.28 Бекітілген жұмыс жүргізу жобасы жұмыс басталмай тұрып екі ай бұрын 
ӛндірістік учаскеге берілуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет