Мұражай Париждің орталығында, Сенаның оң жағалауында, Риволи көшесінде, астананың 1-ші ауданында орналасқан. 2018 жылы Луврға келушілер саны 10 миллион адамнан асты, бұл рекордтық көрсеткіш
Лувр(Louvre) —Парижқаласындағысәулет ескерткіші, өнермұражайы. Мұражай Париждің орталығында, Сенаның оң жағалауында, Риволи көшесінде, астананың 1-ші ауданында орналасқан. 2018 жылы Луврға келушілер саны 10 миллион адамнан асты, бұл рекордтық көрсеткіш. Алғашфранцузпатшаларының сарайы, кейіннен үздік өнер туындыларын сақтайтынмәдениетордасы ретінде, ескі қамал орнына 13 — 14 ғасырларда тұрғызылған. 17 ғасырдың 2-жартысында Лувр патша сарайы болудан қалып, патшаның жеке көркемсуретколлекциясынсақтау ордасына айналды. 1791 ж. революцияКонвентдекреті негізінде Лувр өлттық көркемсурет мұражайы мәртебесін алып, 1793 ж. 8 қарашадан халыққа қызмет көрсете бастады. Мұражайдың негізін бұрынғыкорольдікмұралар жинағы, сондай-ақмонастырларменшіркеулерденжәне бай әулеттерден жиналған, жалпы ұлттық мүддеге қызмет еткен коллекциялар құрады. Лувр экспонаттарыНаполеонжаулап алған елдердің қымбат қазыналарымен, шетелден сатып алынған өнер туындыларымен, түрлі қайырымдылық шаралардан түскен бұйым, заттармен толықтырылды. 20 ғасырдың 90-жылдарындағы кескіндеме мен мүсіндеме каталогі бойынша Лувр қоры 30 мыңдай болған.
Енді Лувр мұражайы туралы 7 фактіні атайық.
Лувр әлемнің ең үлкен және танымал мұражайларының бірі, Париждің Норт-Дам немесе Эйфель мұнарасы сияқты салынған.
Лувр жыл сайын 10 000 000 дейін өз ой-өрісін кеңейтуге ниет білдірушілерді қабылдай отырып, Париждің ең көрікті орындарының бірі болып табылады.
Луврдың осындай танымалдылығына VI ғасырдан бастап қазіргі уақытқа дейін 380 000 қайталанбас жауhарлар мен антиквариат жиынтығынтары себеп болды. Коллекциялардың байлығы бойынша онымен ештеңе салыстырылмайды.
Луврдың ауданы 160 106 шаршы метр. Бұл мұражайды аралап өту үшін 3 ай уақыт қажет!
Француз тілінен аударғанда «Лувр» атауы «Қасқыр орманы» дегенді білдіреді. Сарай бұрынғы аңшылық алқаптарының орнына салынған.
Луврдың ең танымал экспонаттары: Леонардо да Винчи және Венера Милосскаяның мүсіні.
Л уврдың мұражай ретінде ресми ашылуы 1793 жылдың 10 тамызында өтті.