Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет13/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: геометриялық денелердің құрылымы 
мен көлемдік формалардың композициясын құрастыруды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеледі. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың 
көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады. 
Алғашқы кезең - заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп белгілеуден 
басталады, құмыраның биіктігі мен енінің өлшемі, шынаяқтың биіктігі мен енінің өлшемімен 
салыстырғанда қандай, бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқаны ескеріледі. 
Бірінші кезеңде есте сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан-жағынан өте 
көп орын алмауы тиіс немесе қағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек. 
Екінші кезеңде қағаз бетіне белгіленген заттардың орындарының ішіне жекеленген 
заттардың өздеріне тән бөліктерінің пропорциялық қатынастарын (өлшемдік қатынас) 
салыстыра отырып геометриялық денелер пішінінде бейнелейді. Зат көлемін дұрыс бейнелеу 
үшін оның тасаланып көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар 
арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейді. 
Бейнелеуші заттар көлемі симметриялы болғандықтан бейнелеу барысында ортаңғы (осы) 
сызықты пайдаланып тең бүйірлерді дәл көрсетуге болады. Заттар бейнесінің дұрыстығын 
тексерген соң көмекші сызықтарды кетіріп тастайды. 
Келесі үшінші кезеңде заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын 
анықтап, олардың шекараларын белгілейді. Жарық заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі 


15 
ең қою көлеңке заттардың оң жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей түсіп ең жарықтанған 
жылт бөлігі заттардың сол жағында орналасқан. Жарық көлеңке реңдерінің алатын орындары 
белгілі болған соң, төртінші кезеңде заттар бейнесінің ең қою негізгі көлеңке жерінен бастап 
жарыққа қарай біртіндеп штрихтай бастайды. Жарық көлеңке түсіру арқылы нәрсенің көлемін 
және қандай материалдан жасалғандығын білдіруге болады. 
Жұмыстың соңында натюрморттың композициялық бірлігін, жарық пен
көлеңкенің жарасымдылығын қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет