37
Практикалық сабақ №28
Сабақтың тақырыбы: Күрделі үлгіде жасалынған антикалық капитель суретін бейнелеу.
Сабақтың тақырыбы: Антикалық капительдің суретін бейнелеу.
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, антикалық капитель
композициясы туралы ұғым.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. антикалық фигуралардың пішінін штрихтау ерекшеліктері.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, антикалық капитель суретін салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар:
Колоннаның асты жағында орналасқан плита база деп аталады. Ол жоғарыдағы ауыртпалықтың
орналасуын қадағалайды. Көркем-сурет көзқарасы бойынша қызықтыратын —
колоннаның
үстіңгі және астыңғы бөлшектері. Капител композициалары өздерінің стилдері мен формалары
бойынша әртүрлі ең қарапайым және тегістен декаративті күрделіге дейін, әртүрлі
өсімдік
өрнектерімен және аңдардың әртүрлі элементтері болып келеді. Ионикалық капителдің формасы
күрделі, оның жоғарғы бөлігі декоративті элементтермен - ионика және валютпен ерекшеленеді.
Бұл декоративті капиталды салу бейнесін өз алдына қиындатады. Декоративті элементтер
көңілді аудартып, ол конструктивті нақты көруге кедергі жасайды.
Ол негізгі 3 бөліктен
тұрады - цилиндрлі колонна, абаки (қалыңдатылған квадратты плита)
және оған жанасып жатқан эхина (төртінші вал). Капителдің негізгі конструкциясы мен
декоративті бөлшектердің конструктивті заңдылықтарымен
өзара байланыса - абака
квадратымен цилиндрлі колонна. Егер, ой мен бөлшектерді алып тастасақ,
онда колонна мен
абаканың төртінші валға жалғасқанын көреміз. Осындай түсінік капителдің конструкциясын
анық білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: