Сезіну. Қабылдау. Ұсыну. Елестету. Ес және назар. Ойлау және сөйлеу. Сезіну туралы жалпы ұғым


Қиялдың ең жоғарғы түрі –шығармашылық қиял



бет8/14
Дата10.04.2023
өлшемі42,67 Kb.
#80828
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Сезіну. абылдау. сыну. Елестету. Ес ж не назар. Ойлау ж не с й

Қиялдың ең жоғарғы түрі –шығармашылық қиял. Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа заттарды беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, сазгердің қиялы шығармашылық қиялға жатады. Сондай –ақ, қоғамдық мәні бар жаңа өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс. Мысалы, машиналар ойлап табу, бұрынғы машиналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда ,өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халық шарушылығының басқа салаларында жаңалық ашу, медицинада жаңа дәрілік препараттар шығару, белгілі бір ауруды емдеудің жаңа, тиімді жолын ойлап табу –мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндағы процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі ойлау әрекеттері, ерік процестері т.б. қатысады. Дегенмен, ырықты қиял жетекші роль атқарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді. Шығармашылық қиялы көп ізденуді талап етеді.
Арман,мұң.
Адам қиялының ерекше бір түрі –арман. Бұл –актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымызбен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзінде асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман –келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Арманда бағалауда ескеретін жайттар: а)арманның әрекетке қатысы; ә) шындықпен жанасуы; б) оның келешек үшін мәні. Яғни адамның бос қиялдауымен түк те шықпайды. Бос қиялдың өмірге еш пайдасы жоқ, ол арманның тиімсіз түрі. Мұндай қиял адамды белгілі мақсатқа жетелемейді. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берідсе, онда оның бұл жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.
Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі қиялдың бір түрі –мұң. Мұң –адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз жағдайлары мен сәтсіз істері жайындағы ойы.Осындай қолайсыз болған жайттар тізбегі кім –кімнің болса да жан тыныштығын кетіріп, ойын бөледі. Бұл қиялдың әрекетсіз түрі, сондай –ақ шындықтан жалтару болып саналады. Мұндай жағдайда еркі күшті адам қолайсыз қиялдан арылудың жолын іздеп, өзін -өзі меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет