Қабылдаудың тұтастығы- бұл қасиет бойынша заттар сыртқы түріне қарай бөлшектеніп, ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрде қабылдаймыз. Мыс: үстел, шприц т.б.
Қабылдаудың мағыналылығы-қабылданған объект тұтас болады, оның мән жайы сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Мыс: көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану немесе көп киім ішінен өз пальтоңды бірден тану оп оңай.
Қабылдаудың таңдамалылығы- толып жатқан объектілердің бірін таңдап алудан көрінеді. Мұның мәнісі әрбір нәрсенің сапасын, қасиетін қабылдау болып табылады.
Қабылдаудың тұрақтылығы - сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттар сол күйінде, өз қалпында қабылданады. Мыс: телеграф бағаналары, темір жол рельсі.Адам баласында қабылдау тұрақтылығы 2-4 жас аралығында қалыптасады.
Қабылдаудағы иллюзия ( лат. тіл. ауд-алдану)- түрлі себептерге байланысты шындықтағы объекттерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды.Мыс. шай құйылған стаканға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы жатады.
Апперцепция (лат.тіл.ауд-қабылдауға қосымша) - қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы.