Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


а - дан кейінгі келесі буында а, е, і, u, ů



Pdf көрінісі
бет30/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
а - дан кейінгі келесі буында а, е, і, u, ů қолданылады. 
е -ден кейінгі келесі буында  і қолданылады. 


40
 
о - дан кейінгі келесі буында  а, е, і, u, ů қолданылады. 
ä - ден кейінгі келесі буында  ä, і, ü, ů қолданылады. 
ö  - ден кейінгі келесі буында  ä, і, ü, ů  қолданылады. 
u - дан кейінгі келесі буында  а, е, і, u, ů қолданылады. 
ü - ден кейінгі келесі буында  ä, і, ü, ů қолданылады. 
і - дан кейінгі келесі буында  а, е, ä, ü, і, ů қолданылады» /11,13/. 
 
Шынында да, біздің байқап отырғанымыз бұл тілде басқа түркі 
тіліне  қарағанда  лабиалдық  тарту  күші  өте  әлсіз  көрінеді.  Еріндік 
дауысты  дыбыстан  кейін  келесі  буында  басым  көпшілік  жағдайда 
езулік дауысты дыбыстар қолданылады. Яғни, негізгі үндесу тек тіл 
үндестігінде ғана болса керек, оның өзінде е дыбысына байланысты 
ауытқудың  орын  алғандығын  ескерсек,  бұл  бағытта  да  елеулі 
қайшылықтың  бар  екендігіне  көз  жеткізуге  болады.  Тараншы 
диалектісінде  орын  алып  отырған  осындай  жайлар  қазіргі  қазақ 
жазба  тілінде  орын  теуіп  отырған  дыбыстар  үндестігінің  хал-
ахуалын еріксіз еске түсіреді. 
«е)  Палаталь-индифферент  дауысты  і  дыбысы  бірінші  буында 
тұрып  келесі  буындарда  жуан  немесе  жіңішке  дауыстылардың 
тұруын  қалайды.  Мысалы,  qiłγап,  bilgänlär.  Бірен-саран  бұндай 
ауытқулар болғанына қарамастан жалпы түркілік сөздер мен кірме 
сөздердің  тамыр  жайғандығы  соншама,  олар  тіпті  дауыстылар 
үндестігі заңына қатаң түрде бағынатын болған. Жазба тіл арқылы 
енген  араб  және  парсы  тілдерінің  сөздері  халықтың  өз  төл  сөзіне 
айналған» /11,13-14/. 
Ғалым  Оңтүстік  Ресей  диалектісі  деген  атаумен  ғалым  Ертіс 
және  Тобыл  диалектілерін  және  Волга  диалектісін  де  біріктіріп 
алған.  Бұл  Перм,  Вятка,  Қазан,  Нижний  Новгород,  Симбирск, 
Самара,  Саратов,  Астрахан,  Пенза  және  Уфа  мен  Орынбордың 
кейбір 
бөлегінде 
тұратын 
татарлар 
тілі. 
В.Радловтың 
пайымдауынша: 
«Осы 
шалғай 
аудандарда 
орналасқан 
диалектілердің  реңкі  әр  түрлі  болғанмен  Волга  диалектісіндегі 
дауысты  дыбыстар  жүйесіндегі  сәйкестіктерді  басқаларының 
вокализм  жүйесінен  байқауға  болады.  Волга  диалектісінің  басты 
ерекшеліктерінің бірі ретінде түбір буында  дауысты дыбыстардың 
үндесуін атап кетуге болады» /11,14/. 
Оңтүстік  диалектідегі  түбір  буындағы  сегіз  дауысты  дыбыстың 
тек екеуі ғана а және у дыбыстары ғана өздерінің алғашқы тарихи 
қалпын  сақтаған  дыбыстар  болып  табылады,  ал  қалған 
дауыстылардың  басым  көпшілік  бөлегі  өзінің  дыбыстық  құрамы 


41
 
жағынан белгілі бір өзгеріске ұшыраған: 
«а)  Оңтүстік  түркі  диалектілеріндегі  ашық  еріндік  о  және  ö 
дауысты  дыбыстары  айқын  ажыратылатын  кысаң  дауысты 
дыбыстарға  ауысады,  нақты  айтсақ  u  және  ü  дыбыстарына 
алмасатынын байқауға болады.  
б) Қысаң еріндік u және ü дауысты дыбыстары өздерінің айтылу 
күшін жоғалтқан, жартылай қысаң лабиалды ө және ӫ дыбыстарына 
ауысу қасиетін иемденген. 
г)  Ашық,  езулік  жіңішке  ä  (е)  дауысты  дыбысы  айқын 
ажыратылып өзіне сәйкес і қысаң дауысты дыбысына ауысады. 
д) Қысаң езулік жіңішке і дауысты дыбысы белгілі бір уақыттың 
өту  барысында  өзінің  айтылу  қарқынын  жоғалтып,  жартылай 
қысаң, жіңішке ị дыбысына өткен» /11,14/. 
Бұл аталып отырған түркі тілінде В.Радлов заманында қосымша 
буындарда  еріндік  дауысты  дыбыстар  емін  еркін  қолданылған. 
Тіпті  алғашқы  буында  дауысты  езулік  болса  да,  келесі  қосымша 
буында  еріндік  дыбыстың  қолданылуы  тәрізді  үндестік  заңынан 
ауытқуды да аңғаруға болады. 
«Қосымша буындарда  
а)  I  және    дауысты  дыбыстарының  орнына  кей  жағдайда  ӫ 
дыбысы,  у  және  u  дауысты  дыбыстарының  орнына  кейбір  кезде  ө 
дыбысы қолданылады. 
б) Ашық, езулік а, ä дауысты дыбыстарының орнына жартылай 
ашық ạ, ᾂ дауысты дыбыстары қолданылады» /11,15/. 
Сонымен Волга диалектісінде 11 дауысты дыбысты кездестіруге 
болады. Олар: а, ä, і, u, ü. ө, ӫ, у, ị (ī, ĭ,), ạ, . көрсетілген дауысты 
дыбыстардың  ішінде  а,  ä,  u,  ü,  ө,  ӫ,  у,  ị  (ī)  дауыстылары  түбір 
буындарда,  кейінгі  буындарда  а,  ä,  ө,  ӫ,  у,  ĭ  (ī),  ạ,    (ū,  ǖ) 
дыбыстары қолданылады. Бұл аталған дауысты дыбыстар палаталь-
аффинитеттік  ерекшеліктеріне  қарай  келесі  төмендегідей  топтарға 
ажыратылады: 
 
Бес гуттурал (жуан) дауысты дыбыс: а, u, ө, у, ạ 
Алты палаталь дауысты дыбыс: і, ü, ä, ӫ, і, (ī), ᾂ 
Жақтың  жымдасу  сатысына  қарай,  дыбыс  жасаудағы 
қатыстылығына қарай: 
Төрт ашық: а, ä, ạ, ᾂ 
Жеті қысаң: u, ü, ө, ӫ,  у, і, ị (ī, ĭ,)  


42
 
Қорыта айтқанда Волга диалектісінде:  
екі ашық, денто-гуттурал дауысты дыбыс: а, ạ  
екі ашық, денто-палаталь дауысты дыбыс: ä, ᾂ  
екі қысаң лабиал-гуттурал дауысты дыбыс: u, о 
үш қысаң, денто-палаталь дауысты дыбыс: у, u, ө 
екі қысаң, лабиал-палаталь дауысты дыбыс: ị (ĭ),  ӫ, ü, і 
Келесі  кесте  палаталь-аффинитет  және  лабиал  дауыстылардың 
жымдасу орнына қарай бөлінуін көрсете алады: 
 
 
ашық 
қысаң 
Гуттурал 
Палаталь 
а        ạ 
ä        
 
ᾂ 
у  u  ө 
і    ü  ӫ 
 
Дауыс  түтігінің  алдыңғы  тұсында  қалыптасқан  дауыстыларға 
төмендегідей  сипаттама  беруге  болады.  Тілдегі  келесі  дауысты 
дыбыстар:  ө,  ӫ,  u,  ü,  ạ,  ᾂ  еріндік  ретінде  және  а,  у,  і,  ị  (ĭ)  езулік 
дауысты дыбыстар ретінде көрінеді. Лабиал-аффинитет ретінде тек 
төрт  ө,  ӫ,  ạ,  ᾂ  дауысты  дыбыстары  ғана  көріне  алады,  ал  u  мен  ü 
дыбыстары  даму  барысында  лабиал-индифферент  дыбыс  ретінде 
көрінген. 
«Волга  диалектісінде  дауыстылар  үндестігі  зандылықтары 
төмендегідей: 
а)  Бір  сөз  көлемінде  не  бірыңғай  жуан,  не  бірыңғай  жіңішке 
дауысты  дыбыстар  қолданылады  (жіңішке-индифферент  ī  дыбысы 
оңтүстік  диалектілерде  гуттурал  және  палаталь  дауысты 
дыбыстармен  бірге  тұрады)»  /11,16/.  Жіңішке-индифферент  ī 
дыбысының  қолданысы  бүгінгі  қазақ  тіліндегі  дауысты  дыбыстың 
позициясында  қолданылатын  и  дыбысының  қолданысына  ұқсас. 
Яғни,  жуан  дауысты  дыбыстармен  де,  жіңішке  дауыстылармен  де 
қолданылып,  тілдің  қатысына  қарай  кейбір  оқулықтарда  бірде 
жуан,  бірде  жіңішке  дауысты  деп  белгіленіп  жүр.  Мысалы,  жуан 
сөздерде:  жина,  қина,  жіңішке  сөздерде:  тиме,  киім,  диірмен, 
тиін т.б. 
Біздің  байқап  отырғанымыздай  бұл  диалектідегі  дауысты 
дыбыстардың бір сөз көлемінде қолданылуы шамалы ауытқуларды 
ескермегенде, басқа барлық түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінде 
дауыстылардың қолданылуына сай болып келеді. Тек бір ī дауысты 
дыбысы  ғана  жалпыға  ортақ  тіл  үндестігінен  ауытқып 
қолданылады. 


43
 
«б)  сөздің  алғашқы  буынында  а,  у,  u  дыбыстары  колданылса, 
кейінгі  буындарда  тек  а  және  у  дыбыстары  ғана  қолданылады. 
Ережеден  аңғарғанымыз,  ауытқу  u  дыбысының  өзінен  кейін  у 
фонемасының орнында өзін-өзін талап ете алмайтындығында. 
г)  Сөздің  алғашқы  буынында  ä,  і,  ị,  ü  қолданылса,  келесі 
буындарда  тек  ä  және  ĭ  ғана  қолданылады.  Бұнда  да  ауытқу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет