о немесе ұ болса, жалғанатын қосымшаларда дауысты дыбыс не
езулік жуан а, не болмаса еріндік ұ болып естіледі. Жазба тілде бұл
заңдылықта ауытқу бар. Сөздің алғашқы буынындағы дауысты
дыбыстың еріндік болғанына қарамастан езулік ы, жіңішке еріндік
пен езулік е, і дыбыстарын (бұлай деуіміз - қазір тілде е, і әріп емес,
дыбыс ретінде айтылып жүр) жазып та, айтып та жүрміз.
Еріндіктердің ішінде қолдануда о дыбысын өзінен кейін өзін талап
ете алу қабілетіне байланысты жалпы түркі тілдерін екі топқа бөліп
84
қарастыруға болады. Олар:
1. о дыбысы өзінің лабиалдық атракциясын толық сақтап қалған,
яғни өзінен кейін өзін талап ете алатын тілдер. Олар: jоrоlо,
(Төлеуіт), jоrо (Қырғыз), jorђolo (Алтай), lөmdөr (Қазан
диалектісі) т.б.
2. о лабиалдық тартым күшін жоғалтқан тілдер, яғни алғашқы
буындағы о еріндік дыбысы өзінен кейін тек қысаң еріндік ұ
дыбысын, не езулік а дыбысын талап ете алатын тілдер. Олар:
qoldu (Қазақ), oimaq (Шор, Сағай, Қатч, Қойбал диалектілері),
joqary (Қырым диалектісі, Татар, Осман түріктерінің тілдері) т.б.
Түркі тілдерінде бұл мәселеге қатысты төмендегідей ауытқулар
да ұшырасады:
О-і: joksizlik (Тараншы, Шағатай);
О-у-ī: jokurt (Тараншы). Мысалдан көріп отырғанымыздай
еріндіктерден кейін тілдік қатысы жағынан да алшақ жатқан
жіңішке, езулік дыбыстар қолданысы байқалады.
3. Егер түбір буында еріндік ő, ü жіңішке дауысты дыбыстары
келсе, келесі жалғамалы буында езуліктерден ä, е , еріндіктерден ö,
ü дауыстылары қолданылады. Бұл ереже бойынша екі еріндік
дыбыс та негізінен өзін-өзі талап ете алатын дауыстылар есебінде
қолданылады. Мысалы, küimän (Шағатай), kykräk (Қазан), kükäč
(Осман түрік), hüläj (Қырым татарлары), künä (Қазақ), küikänäk
(Шор, Төлеуіт), kükrä (Ұйғыр), kükrät (Бараба диалектісі), kündär
(Татар). Бұл қолданыс көне түркі тілінде де байқалған. Мысалы,
küräläg (Көне түркі). Сол сияқты, jügündürül (Шағатай), jüzüm
(Қырым татарлары), jörgöndö (Алтай), kündör (Қазақ, Қырғыз),
küldürgü (Қазақ, Қырғыз). Кейбір жеке мысалдарда ö, ü
еріндіктерінің қосымша буындағы дауыстыға әсер етуінде белгілі
бір шек қоюшылық бар екендігін байқауға болады. Яғни кейбір
сөзде лабиалдық атракция сөздің өне бойына тараса, кейбір
тілдерде дәл сол сөзде атракция үшінші, екінші буындармен
шектеледі. Мысалы, В. Радлов сөздігінде:
jÿзÿндÿштÿр (Алтай тілі) – 4 буын.
jÿзÿндÿштір (Төлеуіт тілі) – 3 буын
jÿзÿндäштір (Төлеуіт тілі) – 2 буын. Ал қазақ және қырғыз
тіліне қатысты мысалдарда ÿ (ү) дыбысының және ö (ө)
дыбысының атракциясы сөздің басынан аяғына дейін толық
сақталғанына мына мысалдар дәлел бола алады; öсöк (өсөк),
ÿстÿндőгő (үстүндөгө), ÿлкöн (үлкөн), öтÿрÿкшÿ (өтүрүкшү),
85
Бұл еріндіктен кейін (езулік ä, е дыбыстарын есепке алмағанда)
еріндіктің келуі барлық жағдайда бұлжымайтын зандылық деп әсте
тұжырымдауға болмайды. Кейбір түркі тілдерінде келесі
ауытқуларды байқауға болады:
ÿ-і: кÿргіз, кÿріш, кÿкірт (Қазан диалектісі). Бұл ауытқу қазіргі
қазақ жазба әдеби тілінде әбден орнығып «заңдандырылған».
Мысалы, күнді, бүгін, жүгініп, көлдің т.б.
ÿ-і: ауытқуы (Шор диалектісі) (кöчÿчі), Осман түріктері (һÿні)
және Көне шағатай тілінен (нÿтÿкчі) де аңғаруға болады.
4. Егер алғашқы, не түбірдегі буында қысаң езулік у, і келсе,
оған жалғанатын қосымшаларда түбірдің жуан-жіңішкелігіне
орайласа не у қысаңы, не а ашық дауыстысы немесе ашық ä, е және
қысаң і езулік дауысты дыбыстары қолданылады. Мысалы, һіңаш
(Қазан), кіңірäн (шор), кіsі (Қазақ), it-i (Қазан), tілді (Қазақ).
Бұл заңнан ауытқу ретінді келесі қолданысты атауға болады.
Ол езулік жіңішке дыбыстан кейін еріндік жіңішке дыбыстың
қолданылуы. Мысалы, кічÿр (Тараншы), кізÿк (Тараншы), кімÿр
(Шағатай), кÿіріäк (Шағатай).
Жалпы сөзімізді қорытындылай келе В. Радлов материалдары
негізінде XIX ғасыр түркі тілдерінде төмендегідей дауысты
дыбыстың үндесу заңдылығына қайшы ауытқулардың бар екендігін
ескеріп кетпекпіз. Олар:
у-і ; һуні (Осман түркі).
і-о; һінто (Осман түркі).
ö-а; кöктан (Оң. диалекті), кöха (азербайжан), кöһlан (Қырым
татарлары).
і-а; кіраз (Осман), кібар (Қарайым), һіма (Тараншы, Лебедь,
Қарайым), кімха (Қырым татар). Бұл ауытқу араб-парсы тілінен
енген сөздерге байланысты болып келеді.
ÿ-і; кöчÿчі (Шор).
ÿ-а; һÿмма (Осман түрік), һÿмаjун (Осман түрік).
і-у; кістун (Қарайым, Тара-татар), jikilђyp (Шағатай), jіртук
(шағатай).
і- ÿ; кічÿчі (Қазан).
а-у; jаңду (Төлеуіт) jаңђу (Ұйғыр), jарук (Көне түркі), jортук
(Бараба).
а-і; jajік (Шағатай), jaнгi.(Тараншы,), jоккарі (Алтай).
ä-ÿ; jäгÿ (төлеуіт), jäнÿт (Ұйғыр), jäттÿ (Алтай).
о-ī; jокурī (Тараншы).
ы-у; jыртуг (Ұйғыр).
86
о-і; jокчilік (Шағатай), jоксізlік (Тараншы).
Түркі тілдеріндегі көрсетілген ауытқуларға назар аударатын
болсақ, мысалдардан көріп отырғанымыздай қазақ тілінде бұндай
құбылу байқалмайтынын аңғару қиын емес. Мысалдарға қарап,
қазақ тілінде буын үндестігі басқа түркі тілдеріне қарағанда өзінің
бастапқы қалпын едәуір сақтап қалған деген түйін жасауға болады.
Осыны аңғарған және қазақ тілін «буыншыл тіл» деп атап,
дыбыстардың буын ішінде үндесіп барып сөз құрайтынын баса
айтқан қазақтың тұңғыш профессоры Қ. Жұбановтың пікірін әбден
дұрыс деп айта аламыз. Біз Қ. Жұбанов пікіріне сүйене отырып
айтқан тіл маманы Ү. Шүленбаеваның: «үндестік заңы сөздегі
мүшелерді бір-бірімен байланыстырып бір бүтін етіп ұстап тұруда
үлкен қызмет атқарады» /33,565-569/ - деп айтқан пікірін де
қостаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |