Жаңа сабақты баяндау: Тірі организм дегеніміз – белгілі құрылымы бар биологиялық система. Тірі организмде үзіліссіз зат алмасу жүріп жатады.
Зат алмасу дегеніміз – организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Организмдегі зат алмасу тіршіліктің негізгі белгісі болып табылады. Тірі организм зат алмасудың нәтижесінде пайда болып жарыққа шығады, тіршілік етеді, өсіп жетіледі және өледі. Жалпы айтқанда полимерлердің мономерлерге немесе керісінше мономерлердің полимерлерге айналуы.
полимер - молекулалардың үлкен жиынтығы
мономер - бір молекула.
Тамақтанудың негізгі компоненттері: нәруыз, көмірсу, майлар
Ағзаға түскен көмірсу - амилаза ферментінің әсерінен моносахаридттерге ыдырайды, глюкоза соңғы өнімі, ол оттекпен әрекеттесіп, көмірқышқыл газы және су түзіледі, көмірқышқыл газы организмнен өкпе арқылы шықса, ал су бүйрек және тері арқылы сыртқа шығарылады.
Метаболизм екі түрлі қызмет атқарады
Бірінші атқаратын қызметі- жасушаны құрылыс материалымен қамтамасыз теді. Олардан жасуша денесі, оның мембраналары, органиойдтары қалыптасады. Синтездеу реакциялары, әсіресе, жасөсіп келе жатқан жасушаларда белсенді жүреді
Екінші атқаратын қызметі- жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді. Жасушаны энергиямен қамтамасыз ету үшін оған түсетін заттардың ыдырауы нәтежиесінде босап шығатын химиялық реакциялардыңэнергиясы пайдаланылады. Бұл энергия энергияның басқа түріне айналады.
Калория – қуат (энергия) мөлшерін есептейтін бірлік. Калория десе бірден есімізге тамақ түседі. Алайда ол энергияға қатысты заттың барлығында болады. Мысалы 1 литр бензинде 1 750 000 калория болады.
Көбінесе килокалория мөлшері тағамдардың сыртында, фитнес залдарында, жүгіретін жолдарда экран бетінде жазулы тұрады. Барлық жерде бірдей жазылмайтындықтан, өзіміз де есептей білуіміз керек.
Калория қалай жұмыс істейді?
Тыныс алу, қозғалу, бір ағзадан екінші ағзаға қан тарату үшін, қысқасы өмір сүру үшін адамға қуат қажет. Ал қуатты тағамнан аламыз.
Тағамның калориясын мына көрсеткіш бойынша есептеуге болады:
1 г ақуыз = 4 калория
1 г көмірсу = 4 калория
1 г май = 9 калория
Ал адамның өзіне қалыпты өмір сүру үшін күніне қанша калория қажет? Бұл көрсеткіш әйелдерге қарағанда ерлерде әлдеқайда жоғары болады. Оны есептеу үшін Харрис-Бенедикт формуласына жүгініңіз:
Ерлер: 66 + (13,7 x салмақ, кг.) + (5 x бой, см.) - (6,8 x жасы)
Қыздар: 655 + (9,6 x салмақ, кг.) + (1,8 x бой, см.) - (4,7 x жасы).
Мысалы, ер адамның салмағы – 72 кг, бойы – 185 см, жасы – 25 делік.
66 + (13,7 * 72 кг) + (5 * 185 см) – (6,8 * 25) = 66 + 986,4 + 925 - 170 = 1807,4. Оған күніне 1807,4 калория қабылдау қажет.