Оқу – жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер таба білу;
Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Қажетті ресурстар: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер т.б.с
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Сәлемдесу, түгендеу;
ә)Сабаққа әзірлігін қадағалау;
б)Топқа бөлу
1.Тәрбие 2. Құрмет 3.Адалдық
Үй тапсырмасы: Еңбек тәрбиесін қалай түсінетініңізді бейнелеу, өз ойын айту;
«Еңбек» туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазып келу;
Жаңа сабақты баяндау: Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген.Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Өзін ғана ойлаған —
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады .
Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі)
Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады. _