“Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз
және Форестер еңбектері (ӛсу шектері, 1972). БҰҰ-ның қоршаған орта
жӛніндегі бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972). Рио-
де-Жанейрода (1992) және Йоханнесбургте (2002) ӛткен Дүниежүзілік
саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг қаласы,
Дания, 1994). Тұрақты даму факторлары: экологиялық фактор (ӛркениет
дами алалтын дәліз шекаралары), экономикалық фактор (нарық жүйесін
қайта құру),әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық ӛндірісі, адам құқықтары,
демография). Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты даму
деңгейлері–жергілікті,
аймақтық
ұлттық,
мемлекетаралық,
әлемдік
деңгейлері. Әр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін анықтаушы
факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық
ынтымақтастық. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы
халықаралық ұйымдардың қызметі.
Қоршаған ортаны оңтайландыру – табиғатты ұтымды пайдаланудың
теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера,
гидросфера
және
атмосфера
ресурстары.
Табиғи
ресурстардың
классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына
келмейтін ресурстар. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі.
Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты және
қалдықсыз технологиялар. Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті
энергия кӛздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының
маңызды құрамдас бӛлігі.
Қоршаған
ортаға түсетін антропогендік салмақтың ӛркениет
түрлерінің олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі. Адамзат
қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен
қоғамның ӛзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік,
аграрлық, ӛнеркәсіптік, ақпараттық), ӛзгешеліктері және сабақтары. Қазіргі
заманның әлемдік экологиялық проблемалары (климаттық ӛзгеруі, озон
қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, шӛлдену, биологиялық
әралуандылықтың кемуі, әлемдік мұхитың ластануы және т.б.) олардың
пайда болу себептері және зардаптары. Ауыл шаруашылығы мен
ӛнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты пайда болған экологиялық
проблемалар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық
ластануы және олардың экологиялық-генетикалық зардаптары.
Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Халық
санының ӛсуі және оның сапалық кӛрсеткіштерінің ӛзгеруі.Туылым
мӛлшеріне әсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау әдістері. Урбандалу
проблемалары. Кедейшілік және табыстық әділетсіз бӛлінуі. Энергетикалық
дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары. Әлемдік азық-түлік
проблемасы, шешілу жолдары. Ресурстық дағдарыс, себептері мен
салдарлары, шешілу жолдары. Жер генофондының ӛзгеруі, ортаның жалпы
агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге кӛрсетілетін әсерлердің жаңа
түрлері. Соғыстар және лаңкестік: экологиялық зардаптары. Әскери-
ӛнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Табиғатты қорғау және
тұрақты даму қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Ерекше
қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының
бір тірі. Генетикалық әралуандылықты қорғау. Биосфералық резерваттар.
Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы рӛлі.
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың теориялық
негіздерін құру – тұрақты дамуға кӛшудің міндетті шарттарының бірі.
Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттық тұрақты
дамуын қамтамасыз етудегі рӛлі.
Достарыңызбен бөлісу: |