Реферат
Реферат (латынша refero-хабарлау) – әдебиеттегі тақырыптың қысқаша
мазмұнын жазбаша түрде немесе ғылыми еңбектің мазмұнын баяндама
түрінде баяндау.
Реферат аудиториядағы сабақта және одан тыс уақыттағы студенттің жеке
танымдық қызметі. Студенттің ӛзіндік жұмысы кӛп қырлы, анық, бір жүйеге
келтірілген, нақты білім мен практикалық ептілікке бағытталуы керек.
Реферат негізімен қатар, қосымша оқу материалын нәтижелі меңгеруге
мүмкіндік туғызады. Ӛзіндік жұмыстың қажеттілігі кӛпшілік дәрежеде алған
білімді шығармашылық дәрежеде ұғынуға және ӛзіндік ізденуге қажеттілік
тудырады. Дайын білімді алумен қатар оны практикалық дағдымен
толықтыру маңызды. Материалдарды дұрыс таңда, шығармашылық ізденісті
ықпалды ойластыру, алға қарай кәсіпшілік қызметінің жүзеге асуына
мүмкіндік береді.
Студенттің жеке қабілеті мен талғамына қарай оған ӛтілмеген
тапсырмалар беруге болады. Тапсырманың бірінші бӛлігін оқытушы
тағайындаса (бақылау жұмысы, дара тапсырма, колоквиум), енді бір бӛлігі
студенттің еркімен таңдалынады (реферат, доклад, конспект, т.б.). Реферат
тапсыру мерзімін оқытушы тағайындайды. Егер реферат тапсырмасы қиын
болса, мысалы: ситуациялық тапсырманы шешу, оны семинар тақырыбына
сай сабақтарда талқылауға болады, қиналған жағдайда жұмыстың орындалу
мерзімін ұзартады.
Реферат деңгейі студенттің материалдармен, монографиямен, оқу
құралдарымен және т.б. ғылыми зерттеулермен жұмыс жасап білу кӛрсеткіші
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |