Ш. Е. Жаманбалаева 2018 ж



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі32,71 Kb.
#122384
  1   2   3




БЕКІТЕМІН
Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е. Жаманбалаева «______»______________ 2018 ж.



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
сырттан келген студенттерді
Студенттер үйіне орналастыру туралы
ЕРЕЖЕ


І Жалпы ережелер

1.1 Сырттан келген студенттерге оқу мерзімі кезінде тұру үшін Студенттер үйінен орын беріледі, бұл мерзімге каникул уақыты кірмейді.


1.2. Каникул кезінде белгілі бір санаттағы сырттан келген студенттерге (СҚЖ мүшелері, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып жатқан шетел және қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттер) рұқсат етіледі.
1.3 Студенттер үйінде тұру ақысы белгіленген заңнамалық тәртіп бойынша анықталады.


II Студенттер үйінен орын беру рәсімі мен критерийі

2.1 Студенттерді Студенттер үйіне орналастыру туралы шешімді факультет деканы басқаратын арнайы құрылған факультет комиссиясы қабылдайды. Комиссия құрамына міндетті түрде студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері қатысады.


2.2. Студенттер үйіндегі орындарды әділ бөлу мақсатында, комиссия студенттер тарапынан ұсынылған құжаттарды мұқият тексеруден өткізгеннен соң, баспанаға мұқтаж студенттерді онлайн кезектілік ретімен төмендегі талаптар бойынша баспанамен қамтамасыз етеді.
2.3. Конкурстық комиссия жатақханалардағы орындарды бөлу негіздемелері мен кезектілікті ескере отырып, мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

  1. мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе ата-анасының бірінде мүгедектігі барлар;

  2. кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған адамдар; ата-аналары жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілгендер; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралмандар;

  3. "Алтын белгі" иегерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада немесе конкурс жеңімпазының сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер.

  4. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қортындылары, ұйым өткізген қабылдау емтихандары немесе тестілеу түрінде пәндер қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған (140-125 б) мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылар;

  5. оқу ( «А» және «А-» баламалы талаптарына сай келетін оқу озаттары), ғылыми (халықаралық байқаулар) және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелерге жеткен жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар (Жастар ұйымдары комитетінің белсенді студенттері, факультеттердегі өзін-өзі басқару студенттік ұйымдарының үйлестірушілері, қабылдау комиссиясында жұмыс жасағандар, Арт-орталығының белсенді мүшелері, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен қатысушылары, Әлемдік Универсиада, әлем, Азия чемпионаттарының, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Универсиадаларының қатысушылары).

  6. Келісімшарт және халықаралық айырбас бағдарламалары бойынша оқуға келген шетелдік және академиялық ұтқырлық бойынша басқа аймақтардан келген студенттер, сондай-ақ оралман-студенттер (оралман екенін растайтын шетел азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болған жағдайда);

  7. Сырқаты бойынша жеңілдікке құқығы бар (ВКК анықтамасы болған жағдайда) есепте тұрған студенттер (туберкулез, онкологиялық аурулар, қант диабеті, эпилепсия);

  8. 4 және одан жоғары кәмелетке толмаған бала бар көпбалалы отбасынан шыққан студенттер (отбасы құрамы жайлы анықтама және балалалардың тууы туралы куәлігі, оқитын жерінен анықтама болған жағдайда);

  9. Ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттер (қайтыс болғаны туралы куәлік) немесе ата-анасының біреуінің ғана қамқорлығында қалған студенттер (некені бұзу туралы куәлік және тууы туралы куәліктің көшірмесі болған жағдайда);

  10. Күнкөрісі төмен отбасынан шыққан студенттер (күнкөрісі төмен отбасы ретінде жәрдемақы алатыны туралы анықтама болған жағдайда);

  11. Ата-анасының біреуі немесе екеуі де Ауған соғысына қатысушы (қатысушы куәлігі болған жағдайда) немесе Чернобыль АЭС-нен зардап шегуші студенттер;

  12. ОҚП құрамында және университеттің техникалық қызметкері ретінде қосымша жұмыс істейтін студенттер (кадр бөлімінің анықтамасы болған жағдайда);

2.4 Студенттер үйінен орын ала алмаған, бірақ оқу жылының басынан кезекте тұрған студенттер жыл бойы орынның босауына қарай орналаса алады.
2.5 Комиссия шешімі бойынша міндетті түрде студенттің оқу үлгерімі және қоғамдық тәртібі ескеріледі.
2.6 ҚазҰУ студентінің Ар-намыс кодексін, ішкі тәртіп ережелерін, шарттың талаптарын бұзғаны үшін бұрын Студенттер үйінен шығарылған студенттің өтініші Комиссияда қаралмайды.
2.7 Әр оқу жылында жалпы орынның 10%-ы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша резервке қалдырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет