Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет50/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   93
Мақсаты:
U
 ұйым миссиясы, мектептің даму бағдарламасы, мақсаттық - 
бағдарлы жобаларды құру жайлы түсінік беру 
U
Негізгі ұғымдар
U
: миссия, ұйым миссиясы, даму бағдарламасы, 
мектептердің ресурстық базасы, мақсаттық –бағдарлы жобалау  
U
Жоспары: 
1. Ұйым миссиясы, түрлері 
2. Мектептің даму бағдарламасы 
3. Мақсаттық - бағдарлы жобалау 
Қазіргі менеджмент жүйесінде басымдықтарды белгілеу арқылы 
стратегиялық бейнеде өзгерістерді ойластыру маңызды буын. Білім беруді 
басқару қызметі білім беру ұйымының стратегиясы, миссиясы, көрінісі жəне 
құндылықтарымен міндетті түрде келісуі тиіс. Білім беру ұйымы 
қабылдайтын шешімдері стратегиялық құжаттарымен сəйкес болуы тиіс. Ол 
білім беру ұйымының бір бағытта дамуы үшін жəне ресурстарының 
стратегиялық мақсаттарына сай келмейтін мақсаттарға жұмсалмауы жəне 
қайшы келмеуі үшін қажет. Егер ол орындалмаса білім беру ұйымының 
дамуы, қызметі тиімсіз болады. Стратегиялық тетіктер əртүрлі болуы мүмкін, 
мектеп басшысы сол тетіктер мен оның нəтижелігін белгілеуі тиіс. 
Педагогикалық менеджментте мақсатпен бірге миссия ұғымы да 
қолданылады.
Миссия- ұйымның ұзақ уақытқа мақсат қою тұжырымдамасы. Ұйым 
миссиясы- оның өмір сүру мəні мен философиясының көрініс беруі, ол 
ұйымның атауын, жұмыс қағидаларын, басшылықтың ниетін хабарлайды 
жəне ұжым қолдайтын, іс-əрекетке ынталандыратын оқу орнын нақты 
бағыттайтын, қоғамдағы орнын анықтайды

Миссияның ұйым басшылығы 
белгілейді жəне оның орындалуына толық жауапкершілік алады. Ұйым 
миссиясында құндылықтар, қанағаттандыруға бағытталған қажеттіліктер, 
нарыққа шығу тəсілі қарастырылады. Сатыбалдыұлы С., Байтанаева Б. дұрыс 
тұжырымдалған миссияның қашан да жалпы философиялық мəні 
болғанымен, ол өзінде міндетті түрде оны ерекше ететін, нақты осы ұйымды 
сипаттайтын ерекшелігін сақтайтынын жазады.[23] Миссия ұйымның атауы, 
статусы, жұмыс қағидалары, басшылықтың өтініші мен жұмыс бағытына 
анықтама береді. Миссия ұйымның ағымдағы жағдайына тəуелді болмауы 
керек, керісінше ол ұйымның болашақта күш салуға тиісті жақтарын, қандай 
құндылықтарға басымдық беру керектігіне бағытталуы тиіс.Миссия 
ұйымның басты мақсатын көрсетеді. Миссияны басшылық құрастырады 
жəне оның мақсат қою арқылы өмірде жүзеге асуына жауапкершілік алады.
Ұйым миссиясының түрлері: 

стратегиялық миссия – ұзақ уақыт аралығындағы ұйым қызметінің 
түрлерін қарастырады; 


63

тағайындалған миссия- ұйымның бағытының (іс əрекет түрі, 
«педагогикалық өнімнің» сипаты, шығу себептері, оның не үшін керектігі 
т.б.) мəнін көрсетеді

бағдарлық миссия- ұйым қызметінің негізгі бағыттарын көрсетеді. 

стратегиялық болжамдық миссия- болашақта ұйымды қандай бағытта 
көретінін айқындайды. 
Педагогикалық менеджмент мектеп ұжымының нəтижеге бағытталған 
жүйелі, жоспарлы қызметін жүзеге асыру үшін мектептің миссиясын, ортақ 
құндылықтарын, стратегиялық мінеттері мен даму бағдарламасын 
анықтайды.Бүгінгі мектептің миссиясында заман, қоғам талабына сай білім 
беру арқылы оқушылардың бойында адамзаттық, ұлттық құндылықтарды 
меңгерту, 
мəдениеттілік, 
адамгершілік, 
шығармашылық, 
бəсекеге 
қабілеттілік сапалары белгіленеді жəне мектеп бітірушілердің табысты болу, 
өмірде өзіне қажетті шешім таба алу, топта жұмыс істей алу, өзін – өзі үнемі 
дамыта алу сияқты дағдыларды қалыптастыру көзделеді.
Мектеп миссиясымен қатар тұжырымдамалары да жасалуы мүмкін, 
олар жалпы құндылықтар мен көзқарастарды білдіреді; мектеп мəдениетімен 
байланысты болады, жалпы ұжымның қолдауына негізделеді; оқытудың 
мазмұны мен ұйымдастырудың жаңа жолдарын қалыптастырады; мектептегі 
шешім 
қабылдауға 
байланысты 
іс-əрекетті 
бағыттайды. 
Ғылыми 
зерттеулерде «тұжырымдама» нақты үрдістерді ендіру немесе дамыту туралы 
негізгі көзқарас, басты идея деп түсіндіріледі. 
Мектептің 
көріністік 
тұжырымдамасы - сол 
ұйымның 
өз 
мүмкіндіктерін қарастыруы, яғни, сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін 
қандай өз ресурстарымыз бар жəне олардың қолжетімділігі қандай деген 
сұрақтарға жауап беру деген сөз. Тұжырымдамада мектепті дамытудың 
стратегиялық бағдары мен ондағы үрдістерді жетілдірудің нақты бағыттары 
айқындалады. Ол нормативтік құжат міндетін атқармаса да қазіргі заманғы 
білім берудің тиімді деген инновациялық идеяларын мектеп мүмкіндігіне сай 
игерудің, іске асырудың жобалық көрінісін береді. 
Білім беру ұйымының даму бағдарламасын құрастыру мен оны жүзеге 
асыру мектепті тиімді басқарға мүмкіндік береді. Мектеп даму 
бағдарламасының сипатын (қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік, ұзақ 
мерзімдік) анықтай алады, өзінің бағыттары мен басқару механизмдерін 
таңдай алады, бағдарламаны құрастыру, оны талқылау жəне бекіту 
процедуралары мектеп деңгейінде шешіледі. Мектептің даму бағдарламасы 
əкімшіліктің, педагогикалық ұжымның, оқушылар мен ата - аналардың, 
əлеуметтік серіктестердің белгілі мерзімге жоспарланатын бірлескен 
əрекеттерінің мазмұндық, ұйымдастырушылық жəне нəтижелік өзгерістердің 
құжаттық көрінісі. Ол мектептегі күнделікті өмірді, атқарылатын істерді 
бейнелейді. 
Мектептің даму бағдарламасын құрастырудың ішкі жəне сыртқы 
шарттары бар, мысалы, сыртқы шарт ретінде білім беру саясатына сай болуы, 
білім беру саласындағы стратегялық бағыттар мен оларды жүзеге асыру 


64
туралы түсініктері болуы қажет. Оған, ішкі шарттарға қалыптасқан ұжымдық 
позицияның болуы жəне басшылардың стратегиялық шешімдер қабылдауға 
қабілетті болуы жатады. Бағдарламаны құрастыру белгілі бір жобалық жəне 
талдау міндеттерінің орындалуын көздейді. Соған орай, білім беру үрдісін 
немесе ата - аналармен жұмысты жетілдіру, педагог кадрлар біліктілігін 
арттыру, материалдық базаны нығайту шараларын жоспарлау барысында 
міндетті түрде осы белгіленген шаралардың күтілетін нəтижесі, олардың 
білім беру үрдісіне қатысушылардың қарым - қатынасына жасайтын 
ықпалын алдын ала белгілеп алған жөн. 
Даму бағдарламасын құрастырмас бұрын төмендегі сұрақтарға жауап 
беру қажет болады: 
1) Бағдарлама құрастырушылар тобына кімдер кіреді? 
2) Бағдарламаға енетін проблемаларды қалай диагностикалауға 
болады?
3) Бағдарламаның құрылымдық логикасы, бөлімдері қандай болмақ? 
4) Осыған қатысты іс -əрекеттер жоспары қандай болмақ?
5) Бағдарламаны жүзеге асыру қалай жүргізіледі? 
6) Бағдарламаның орындалуын көрсететін индикаторлар қандай? 
Бағдарлама құрастыру жұмысының негізгі өнімі – құжат ретіндегі даму 
бағдарламасының мəтіні. Мəтін құрастыру белгілі талаптарға сəйкес 
жасалады. Олар:құжаттың статусын анықтау, яғни, оны кім бекітеді? 
(педагогикалық кеңес, басқару кеңесі, жалпы жиналыс, білім басқармасы 
т.б.); даму бағдарламасы қандай басқа құжаттардың негізі бола алады? 
(жылдық жоспарлар, басқа құрылымдар жоспарлары, кейбір мектепішілік
нормативтік актілер); құжат кімге арналатынын, оны кім оқитынын 
анықтап алу (мектеп əкімшілігі үшін, барлық мұғалімдер үшін, ата–аналар 
үшін, білім басқармалары қызметкерлері үшін, тексерушілер үшін т.б.) 
Міне, осы сұрақтарға жауап беру негізінде құжаттың жазылу стилі, 
құрылымы, саны, сақталатын орны анықталады.Бұлар бір қараған көзге 
формальды болып көрінгенімен, олардың астарында мектептің ұстанған 
бағытын айқындау жатыр.Егер құжат бір дана болып шығарылып 
директордың сейфінде сақталатын болса, ол мектептің дамуына да, білім 
беру сапасын арттыруға да ықпал етпейтіні белгілі. Бағдарламаның мəтін 
түріндегі мазмұнын төмендегі бөліктер құрайды: 
1. Қалыптасқан жағдайға сипаттама беру; 
2. Болашақта күтілетін нəтижеге сипаттама беру; 
3. Қалыптасқан жағдайдан күтілетін жағдайға өтудің стратегиясы мен 
тактикасы. 
Бағдарламаның құрылымы оның идеясы, ойға алған мақсаты, таңдаған 
даму бағдарын көрсетеді, жалпы алғанда, даму бағдарламасын құрастыру 
барысында төмендегі міндеттер орындалады: 

мектептің негізгі жетістіктері талданып, проблемалары айқындалады; 

мектептің тұжырымдамасын орындау шаралары нақтыланады; 

мектеп дамуының ішкі ресурстарына баға беріледі; 


65

мектептің білім беру қызметінің басым мақсаттары мен даму 
міндеттері анықталады; 

даму міндеттеріне сəйкес жобалар құрастырылады; 

бағдарламаны орындау кестесі жасалады. 
Мектептің даму бағдарламасын жасауда білім беру ұйымының жалпы 
əлеуетіне баға беру, оны көтеру мүмкіндіктерін анықтау жəне жүзеге асыру 
шараларын белгілеу қажет. Мектеп əлеуеті оның өзі жете алатын, жетуге 
болатын білім нəтижелерімен жəне қолда бар ресурстарымен айқындалады. 
Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі белгілі бір мөлшерде– білім 
саласындағы жалпы саясатқа, енді бір белгілі бір мөлшерде–мектептің 
орналасқан жеріне (ауыл, аудан, қала), сонымен қатар, белгілі бір мөлшерде – 
мектептің өзіне, оның қажет ресурстарды тарта білу қабілетіне де 
байланысты болып келеді. 
Мектептердің ресурстық базасын құрайтын қаржылық, материалдық 
жəне кадрлық деңгейлері бірдей болып келмейді, сонымен қатар, оқушылар 
құрамы, əлеуметтік ортасы, ата-аналар деңгейі, т.б. бірдей бола бермейды. 
Олрдан басқа тиімді пайдалану негізінде мектептердегі білім беру сапасын 
қамтамасыз етуде қолданылатын ресурстар да бар.Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет