114
адамдардың бір-біріне деген сезімдерінің негізінде құрылып, аффект, сезім,
эмоция арқылы көрініс береді. Сонымен педагогикалық
ұжымдағы
тұлғааралық байланыстар деген- бірлескен білім беру қызметі барысында ұзақ
мерзімді байланыста болатын адамдардың өзара бағдарлары.Тұлғааралық жəне
іскерлік байланыстардың бірнеше түрлері бар. Тұлғааралық байланыстар-
жақсы көру, достық, махаббат- жағымды жəне жеккөрушілік, жауласу -
жағымсыз байланыстар түрінде болады. Іскерлік байланыстардың өзі екі топқа
бөлінеді: оң жəне теріс. Оңбайланыстарға серіктестік пен ынтымақтастық, ал
теріс байланыстарға- бəсекелестік пен бақталастық жатады. Тұлғааралық жəне
іскерлік байланыстар шынайы өмірде
бір-бірімен тығыз байланысты, мысалы
бір-бірін жек көретін адамдар арасында жақсы іскерлік серіктестік
байланыстардың орнығуы мүмкін емес. Сондықтан адамдың қасиеттерді сақтай
отырып, педагогикалық қызмет үрдісін іскерлік байланыстармен толықтыру
қажет, сонда ғана тұлғараалық байланыстар жақсы арнада дамитын
болады.[40,99-102] Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық байланыстардың
өзіндік
ерекшеліктері:
көпфункционалдығы, қазіргі педагог мұғалім,
сынып
жетекшісі, қандай да бір мектепішілік ұйымның немесе үйірменің т.б. жетекшісі
қызметтерін атқарады. Осы қызметтерді атқара жүріп мұғалімдер қауымы тек
мектептің ғана емес, мектептен тыс кəсіби міндеттерді шеше жүріп қоғамның,
ата-аналардың педагогикалық мəдениетін қалыптастырады.
Өзін-өзі басқаруы,
педагогикалық ұжымның өмірі мен қызметінің негізгі мəселелері басқарудың
түрлі деңгейлерінде талқыланады.
Алқалы басқару органдардың қызметі,
педагогиккалық ұжым мүшелерінің бастамашылығын дамытуға бағытталған.
1.
Еңбектің ұжымдық сипаты, педагогтар еңбек барысында басқа
əріптестерімен
біріге
отырып
ортақ
мақсатты
орындауға
қызмет
етеді.
Педагогтардың жұмыс күнінің белгіленбеуі, ол
деген қандай да бір
педагогикалық міндеттерді орындауда уақытпен шектеудің болмауы деген сөз.
Мұғалімдер көп уақытын мектепте өткізеді, тіпті кей күндері бос уақыттары да
қалмауы мүмкін. Бұл жағдайлар мұғалімдердің кəсіби тұрғыдан шаршауаына да
əкелуі мүмкін.
Педагогтардың құрамында əйелдер қауымының көп болуы,
əйелдер қауымы ер адамдарға қарағанда өте сезімтал келеді, көңіл-күйлері тез
өзгеріп,қақтығыстарға жиі түсуі де мүмкін. Сондай-ақ əйелдер тəрбиелеуге
бейім, ыңғайлы болып келеді. [41]
Педагогикалық ұжымның бірлігі, оқу-тəрбие
үрдісіне
қатысты
міндеттерді
мұғалімдер
өзара
жауапкершілікпен,
ынтымақтастықта əрекет ету арқылы орындайды.
Сөздік қатынастардың орын
алуы, бұйрық немесе өтініш ету, ұсыныстар мен пікірлерді айту, талдау,
талқылау, кеңес беру т.б. Ортақ мақсаттарды жүзеге асыру үшін топтың əрбір
мүшесінің орындаушылық рөлдермен өзара келісуі, бөлісуі.
Құндылық
бағдардың бірлігі, ұжымның адамгершілік, іскерлік салаағы маңызды мəселелер
тұрғысынан бірігуі, ортақтасу, ортақ құндылықтардың қалыптасуы.
Құндылық
бағдардың бірлігіне біріккен жұмыс арқылы қол жеткізеді. Құндылық бағдар
бірлігі оқыту, тəрбиелеу барасында көрініс береді. Педагогикалық ұжымда
салауатты психологиялық климатты сақтаудың маңызды шарты мұғалімдердің
оқу жоспарындағы барлық пəндердің оқушылар үшін маңыздылығына қатысты
115
ұстанымдарының
келісімділігі
болып
табылады.[41,128]Ұжымдық
сəйкестендіру, педагогтың өз əріптестеріне деген байланысы, ол жоғары
адамгершілік, ізгілік қағидаларына сай құрылуы тиіс. Олар: ынтымақтастық,
серіктестік, келісім, өзара көмек, достық.
2. Тұлғааралық байланыстар педагогтың кəсіби өсунің,
өзін-өзі
жобалауының негізі болып табылады. Л.М. Митина педагогтың өзін-өзі
жобалауын үш кезеңге бөледі: өзін-өзі анықтау, өзін көрсету, өзін жетілдіру
кезеңдері жəне өзін-өзі жүзеге асыру кезеңінің психологиялық сипаттамасын
ұсынады: өмір мəні- шығармашылық- денсаулық. [36] Шығармашылық педагог
денсаулығының негізгі факторының бірі болып саналады. Шығармашыл
педагогтар өздерін жақсы сезінеді, өз қызметінің рахатын сезінеді.
Сонымен, еңбек ұжымындағы тұлғааралық байланыстар – түрлі
топтардағы адамдардың өзара байланыстарының жүйесі.
Тұлғааралық
байланыстар ұжымдағы əлеуметтік-психологиялық климаттың негізгі базасы
болып табылатын, яғни алғашқы танысудан бастау алып, өзара, бірігіп əрекет
ететін байланысқа дейін жететін күрделі үрдіс. Осылай педагогикалық
ұжымдағы тұлғааралық байланыстар ұжымда əлеуметтік-психологиялық
климатты қалыптастырады. Əлеуметтік-психологиялық климат жеке адамға
жағымды немесе жағымсыз ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: