етіп Қарауылқожа Бабажановтыңтағайын-
д ал у ы , б ір ін ш і к е з е к т е , И с атай мен
М ахамбеттің айтканға көнбей, «бетімен
кетушілігіне» қарсы өш алу, оларды халық-
тан бөліп тастауға қол жеткізу үшін ж әне
оларға үнемі бақылау жасап отыру мақса-
тында жасалған еді. Ж аңа басқарушы өз
қызметін ханның алдына Исатайды беріш
руын баскарушы қызметінен «тайдыру» ту-
ралы ж әне оның өзі мен оған ниеттес ауыл-
дарды құнарсыз жайылымдык учаскелерге
көшіру туралы мәселе қоюдан бастады. Со-
нымен бірге Ж әңгір хан Орынбор губерна-
торлығынан Исатай Таймановты, Махамбет
Өтемісовті ж әне олардың басқа да кейбір
серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен пат-
ша өкіметінің даладағы саясатына карсы «бүлікшілдікке бастаушылар» етіп
көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрады. 1836 жылғы
17 наурызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазды: Исатай
мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар
старшындар Қарабекен мен Ж оланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды
ұстап алып, Хан ордасына жеткізуге өмір етемін».72
1833
жылғы жаздың аяғынан бастап оңтүстіктің көптеген ауылдарының
өмірі өзгеріп кетті. Ауылдардың дағды бойынша бір-бірінен алыс көш уінің
орнына, рулық кауымдардың көш і-қоны жақындай түсті; жол бойында ру
бөлімшелерінің асығыс тапсырмалы жаушылары мен хабаршылары жосып
жүрді; жиындар мен кеңестер өткізіліп, ауылдардың төңірегінде хан қол-
шоқпарларыныңж асалуы мүмкін шабуылдарына қарсы қарауыл бекеттері
қүрылды. А затты қ козғалы сы ны ң осы «жергілікті» кезең ін е мынадай
белгілер тән болды. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне,
ру басқарушыларына күрт наразылықбілдіріп, олардыңорындарынан алы-
нуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай-сұлтан
топтарының саясатына карсы бағытталған қозғалыска барған сайын жаңадан
ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Күштер топта-
стырылып, біртұтас үйымға біріктірілетін қарулы жасақтар қүрылып жат-
ты. Орынбор шекаралық комиссиясына жазған хаттарының бірінде 1836 жыл-
дың мамырында Ж әңгір хан Исатай мен Махамбетті «өте зиянды» адамдар
деп сипаттап, оларды ұстап алуды ж әне «Ордадан біржола аластауды» сұра-
ды.73 Үшіншіден, әсіресе 1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауыл-
дарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын
талқандау жиіледі. Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей
басшылық етті. Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі аймағындағы көпте-
ген ру ішіндегі ж әне рулық қауымдар хан ш енеуніктерінің билігін көрінеу
көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Исатай мен Махамбет ха-
лық жиындарының бірінде ханның қатысуынсыз ж әне оған жалтақтамай,
дербес басқаратынын жариялады. Бесіншіден, азаттықжолындағы ж әне заң-
ға қарсы пиғылдар орданың басқа бөліктеріне таралды. А заттық қозғалысы
бүкіл хандықты камтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагері мен азат-
тық қозғалысының лагері құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: