Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ЖҮЙЕСІЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕНІҢ



Pdf көрінісі
бет335/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

5. ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ЖҮЙЕСІЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕНІҢ
ШИЕЛЕШСУІ. СТОЛЫПИН АГРАРЛЫҚ
РЕФОРМАСЬІНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
XX 
ғас ы р д ы ң б асы н д а Қ а з а қ с т а н д а ғ ы а г р а р л ы қ м ә с е л е л е р д ің
шиеленісуі өзінің шыркау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоны - 
стандыру саясаты ж ән е одан кейінгі ж ергілікті халы қтан ж ерді тарты п 
алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалы қ аудандары- 
нан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қ азақстан н ы ң бұрын 
жабы қ болған аудандарын қоныс аудару үшін аш уға мәж бүр етті. Бұл не- 
гізінен Түркістан генерал-губернаторлы ғы ны ңж ерлеріне қатысты бола­
тын. Оларға, Ж етісу облысын қоспағанда, қоны с аударушыларды орнала- 
стыруға тыйым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ф ер­
гана ж өне С ам арқан облы старындағы қазы н алы қ ж ерлерге өз еркім ен
39-36
5 9 3


коны с аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезге дейін іс жүзінде 
заң сы з болып келген қоны с аударуды заңдасты ры п б ерд і.115 Бір ғажабы, 
осы заң д ы тал қ ы л ау к е зін д е үк ім еттік ко м и сси я 1891 ж ы лғы дала 
е р е ж е с ін ің к ө ш п е л іл е р үш ін а р т ы қ болы п ш ы ғуы м үм кін ж ер л ер
м ем лекеттік органдарды ң қарам ағы на түседі делінген 120-бабына әйгілі 
ескертуге сүйенді. «Заңны ң ж оғары да келтірілген баптарын салғастыру 
арқы лы , — делінген түсініктем еде, — қазіргі қолданылы п жүрген заңдар 
негізінде мем лекеттің көш пелілерді қамтамасы з ету үшін өз калауынш а 
арты қ алқаптары на билік етуге толы қ құкығы бар, Ж ерге орналастыру 
ж әне Егінш ілік Бас Басқарм асы ны ңкарамағы наберілуге тиісдеген коры- 
тындыға келмеуге болмайды».116 Бұрын айтылғанындай, 1891 жылғы Дала 
Ережесін қарау кезінде 120-бапқа ескертудің өзі байырғы халыктан жерді 
алып қою ды заң жүзінде негіздеу үшін ж еткіліксіз болған еді. Д егенмен, 
бұл заң шығарудағы мағы насы зды к заңнан заңға көш іріліп отырды.
М емлекет үшін стратегиялық маңызды аудандарға катысты бұрынғы 
қаулылардағы сияқты, Түркістан өлкесіне артыкшылықты ж әне шаруашы- 
лықжағдайларын ескере отырып, православие дінін ұстанушы адамдарды, яғни 
жеткілікті дәрежеде камтамасыз етілген адамдарды (раскольниктер үшін 
ерекшелік жасалды) қоныстандыру көзделді. Ж ан басына шаққандағы үлес 
едәуір — суармалы жердің үш десятинасына дейін шектелді, оның есесіне мал 
өрісі мен жайылымдықжерлер қажетінше қалдырылды. Қоныстанушылар 8 
жыл бойы салық жеңілдіктерімен қамтамасыз етілді және әскери қызметтен 
босатылды.
Көш і-кон еркіндігін күшейту үшін 1904 жылғы 6 шілдедегі «Село тұрғын- 
дары мен егінші мещандарды өз еркімен қоныс аударту туралы уақытша 
ережелердің» зор маңызы болды, оның заң күші бар еді.117 Ж аңа ережелерге 
сәйкес шаруалардың бұрынғы коныстанған орындарьінан үкімет органдары- 
ның рұқсатынсыз еркін кетуіне рұқсат етілді, ол 1889 жылғы Ережеде бекі- 
тілген болатын.
Алайда үкіметтің барлық күш-жігеріне қарамастан, қоныс аудару қозға- 
лысы ұйымдасқан түрде емес, бұрынғысынша неғұрлым стихиялы түрде жүре 
берді. Мәселен, 1905 жылы өз бетімен қоныс аударушылар саны Ақмола об- 
лысы бойынша олардың жалпы санының 54,7%-ы, Семей облысында — 61,5%- 
ы, Торғай облысында — 88,6%-ы болды.118 Сондыктан XX ғасырдың басынан 
қоныс аудару қозғалысы ұйымдасқан сипат алды дегенмен жалпы келісуге 
*■ болмайды.119 Жекелеген зертгеушілер «қоныс аудару ісі бойынша толып жат- 
қан зандар мен өкімдерге карамастан, үкімет өз бетімен қоныс аударушыла- 
рға жеткілікті дәрежеде ықпал ете алмады, сөйтіп өз бетімен коныс аудару­
шылар саны жылдан-жылға өсе берді» деген тұжырымға келеді.120 «Үкімет 
қоныс аудару ісіне басш ылық етіп отырған жоқ, оларды кеш біліп, сол 
оқиғаларды тіркеп отыр», - деп Қазақстанды шаруалар аркылы отарлауға 
зандық құқық беру жөніндегі үкімет органдарының әрекеттері туралы ашық 
айтылды.121
Қ азақстанда XIX ғасырдың аяғынан бастап жер бөлуші топтар жұмыс 
істеді, олар «бос» деп белгіленген жерлерде қоны стану учаскелерін кесіп 
беруге тиіс болатын. «Бос жерлер» дейтіндерді далалы қ облыстарды зерт- 
теу жөніндегі экспедиция, басқаш а айтқанда Ф. А.Щ ербинаның экспеди- 
циясы аны қтауы керек еді. Э кспедицияны ң жұмысы ол жұмыс істеген 
жылдардың өзінде-ақ, әсіресе, қазақтарды ң ж ер пайдалану нормаларына
594




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет